Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Қазақ тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 11‑сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт, қазақ тілінде оқытатын мектептерге)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат

Оқу мақсаттары

11‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Тыңдалым және айтылым

1.1 Болжау

  • 11.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу

1.2 Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау

  • 11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала, бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау

1.3 Мәтіннен ақпаратты анықтау

  • 11.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық) мәселелермен байланыстыра білу, салыстыру, факті мен көзқарасты ажырата білу

1.4 Негізгі ойды анықтау

  • 11.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені, автор позициясын (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды анықтау

1.5 Тыңдалым материалы бойынша сұрақтар құрастыру және бағалау

  • 11.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау

1.6 Сөйлеу мәдениетін дамыту

  • 11.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу

2-бөлім. Оқылым

2.1 Ақпаратты түсіну

  • 11.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау

2.2 Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану

  • 11.2.2.1 таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы)

2.3 Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату

  • 11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі дәріс, интервью, мақала, баяндама, тезис, аннотация, рецензияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

2.4 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

  • 11.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

2.5 Мәліметтерді өңдей білу

  • 11.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру

2.6 Оқылым стратегияларын қолдану

  • 11.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу

2.7 Әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу

  • 11.2.7.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау, дәйексөз келтіру жолдарын білу

3-бөлім. Жазылым

3.1 Жоспар құру

  • 11.3.1.1 жоспар түрлерін құру (күрделі, тезистік, тірек-схема түріндегі жоспар)

3.2 Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру

  • 11.3.2.1 таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью, тезис, аннотация, рецензия жазу

3.3 Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну

  • 11.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау

3.4 Эссе жазу

  • 11.3.4.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

3.5 Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу

  • 11.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу

3.6 Шығармашылық жұмыс

  • 11.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу

3.7 Мәтіндерді түзету және редакциялау

  • 11.3.7.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау)

4-бөлім. Әдеби тіл нормасы

4.1 Орфографиялық норма

  • 11.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

4.2 Орфоэпиялық норма

  • 11.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану

4.3 Лексикалық норма

  • 11.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану: көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу, сөздерді сұрыптай білу (образды-эстетикалық)

4.4 Грамматикалық норма

  • 11.4.4.1 мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып)

4.5 Пунктуациялық норма

  • 11.4.5.1 мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

1. Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым 11.1.1.1, 11.1.5.1
Оқылым 11.2.2.1, 11.2.5.1, 11.2.7.1
Жазылым 11.3.4.1, 11.3.7.1
Әдеби тіл нормалары 11.4.1.1

2. Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым 11.1.2.1, 11.1.3.3
Оқылым 11.2.3.1, 11.2.4.1
Жазылым 11.3.5.1, 11.3.6.1
Әдеби тіл нормалары 11.4.1.1

2-тоқсан

3. Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым 11.1.2.1, 11.1.6.1
Оқылым 11.2.2.1, 11.2.1.1
Жазылым 11.3.2.1, 11.3.3.1
Әдеби тіл нормалары 11.4.2.1

4. Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым 11.1.2.1, 11.1.3.3
Оқылым 11.2.3.1, 11.2.4.1
Жазылым 11.3.1.1, 11.3.2.1
Әдеби тіл нормалары 11.4.3.1

3-тоқсан

5.Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика. Шешендік сөздер

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым 11.1.2.1, 11.1.4.1
Оқылым 11.2.3.1, 11.2.5.1, 11.2.6.1
Жазылым 11.3.4.1, 11.3.5.1
Әдеби тіл нормалары 11.4.3.1

6. Ұлттың тарихи жәдігерлерін сақтау. Шешендік сөздер

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым 11.1.2.1, 11.1.6.1
Оқылым 11.2.3.1, 11.2.4.1
Жазылым 11.3.2.1, 11.3.6.1
Әдеби тіл нормалары 11.4.4.1

7. Табиғат және экология. Шешендік сөздер

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым 11.1.1.1, 11.1.5.1
Оқылым 11.2.1.1, 11.2.6.1
Жазылым 11.3.3.1, 11.3.6.1
Әдеби тіл нормалары 11.4.4.1

4-тоқсан

8. Жаңа әлемдегі театр мен киноматография. Шешендік сөздер

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым 11.1.2.1, 11.1.6.1
Оқылым 11.2.3.1, 11.2.6.1
Жазылым 11.3.2.1, 11.3.7.1
Әдеби тіл нормалары 11.4.5.1

9. Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым 11.1.4.1, 11.1.5.1
Оқылым 11.2.1.1, 11.2.7.1
Жазылым 11.3.1.1, 11.3.4.1
Әдеби тіл нормалары 11.4.5.1
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 11-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.