Оқу бағдарламалары
Қазақ тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 1‑сынып (орыс тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 66 сағат
Оқу мақсаттары
1‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Тыңдалым
1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну
- 1.1.1.1 хабарлау, сұрау мақсатында баяу және анық айтылған сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және тиісінше іс-әрекет жасау (қимыл, ым-ишараны қолдану)
1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
- 1.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну
1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
- 1.1.3.1 тыңдаған мәтіннің (ұзақтығы 0,5-1 мин шамасында) мазмұны бойынша мұғалімнің қолдауымен сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау
1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттар ды түсіну
- 1.1.4.1 мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну
1.5 Тыңдалым материалын болжау
- 1.1.5.1 мәтіннің тақырыбын иллюстрация арқылы болжау
2-бөлім. Айтылым
2.1 Сөздік қорды толықтыру
- 1.2.1.1 сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдану
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
- 1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру
2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау
- 1.2.4.1 фото/сурет/ қуыршақтарды қолданып, шағын мәтінді үлгі бойынша мазмұндау
2.5 Оқыған/тыңдаған материал бойынша пікірін білдіру
- 1.2.5.1 оқыған/тыңдаған материал туралы "дұрыс/дұрыс емес", "ұнайды/ ұнамайды" үлгісінде қарапайым пікірін білдіру
2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау
- 1.2.6.1 мұғалімнің қолдауымен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ дыбыстарын артикуляциялау
3-бөлім. Оқылым
3.1 Оқу түрлерін қолдану
- 1.3.1.1 жиі қолданылатын сөздерді тұтас оқу
3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
- 1.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну
3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
- 1.3.3.1 мәтіннің жанрын (санамақ, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақ, ертегі) ажырату
3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу
- 1.3.5.1 мұғалімнің қолдауымен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу
4-бөлім. Жазылым
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
- 1.4.1.1 мұғалімнің қолдауымен тақырыпқа негізделген суреттерді қолданып, постер/сөйлемді суретпен толықтырып жазу
4.2 Тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын жазу
- 1.4.2.1 оқыған/ аудио/бейнематериалдар негізінде заттардың таныс атауларын жазу
4.4 Каллиграфиялық дағдыларды дамыту
- 1.4.4.1 бас әріптер мен кіші әріптерді дұрыс байланыстырып, көркем жазу
4.5 Орфографиялық дағдыларды дамыту
- 1.4.5.2 мұғалімнің қолдауымен бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі есімдері, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген ат) ажырату
5-бөлім. Тілдік нормаларды қолдану
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
- 1.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолдану
- 1.5.1.2 мұғалімнің қолдауымен көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын ауызша тілде қолдану
- 1.5.1.3 сөйлеу барысында мұғалімнің қолдауымен етістіктің шақтарын, бұйрық рай, болымсыз етістікті қолдану
- 1.5.1.4 мұғалімнің қолдауымен сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін дұрыс қолдану
- 1.5.1.5 мұғалімнің қолдауымен сөз тіркестері/ сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтау
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Тыңдалым
Айтылым
Тілдік дағдылар
Тыңдалым
Айтылым
Тілдік дағдылар
2-тоқсан
Тыңдалым
Айтылым
Оқылым
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 3.1 Оқу түрлерін қолдану | 1.3.1.1 |
| 3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру |
Жазылым
Тілдік дағдыларды қолдану
Тыңдалым
Айтылым
Оқылым
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 3.1 Оқу түрлерін қолдану | 1.3.1.1 |
| 3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру |