Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Қазақ тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 4‑сынып (қазақ тілінде оқытатын мектептерге)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 4 сағат, жылына 136 сағат

Оқу мақсаттары

4‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

Бөлімсіз

  • 4.1.1.1 тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту
  • 4.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма, сызба, кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу
  • 4.1.3.1 сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу
  • 4.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, монолог құрау
  • 4.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұнына өзіндік баға беру
  • 4.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) және қыстырма, одағай сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманды қызықтыру
  • 4.1.7.1 сөз ішіндегі және сөз бен сөздің арасындағы буын, дыбыс үндестігін сақтап айту
  • 4.2.1.1 мәтін түрлерін (әңгімелеу/сипаттау/ пайымдау) және олардың құрылымдық бөліктерін анықтау
  • 4.2.2.1 тұрақты сөз тіркестері мен көп мағыналы сөздерді ажырата білу, мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану
  • 4.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
  • 4.2.4.1 мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау
  • 4.2.5.1 дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау
  • 4.2.6.1 белгілі бір тақырыпта берілген мәтіннің түрлерін, жанрын, стилін (мақала, репортаж, жаңалық, өмірбаян, мінездеме, жарнама, хабарландыру) салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
  • 4.3.1.1 берілген тақырып бойынша әңгімелеу, сипаттау және пайымдау элементтері бар мәтін құрап жазу
  • 4.3.2.1 тірек сөздерді қолданып, белгілі бір стильде мәтін (мақала, мінездеме, сұхбат) жазу
  • 4.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама/ тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу
  • 4.3.4.1 мәтінді құруда (жаңалық, репортаж, жарнама) сызба, график, кесте, фото және диаграмманы қолмен сызу/компьютерде теру
  • 4.3.5.1 стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап түзету, жазба жұмысын пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялау
  • 4.3.6.1 каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу техникасын жетілдіру
  • 4.3.7.1 құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін қою
  • 4.3.7.2 сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ажырату және тыныс белгісін (үтір, қос нүкте) қою
  • 4.3.7.3 диалогке тән тыныс белгілерді қою
  • 4.4.1.1 сөзге қосымшалар жалғауда дыбыс үндестігін ескеріп қолдану
  • 4.4.1.2 сөзге қосымшалар жалғауда буын үндестігін ескеріп қолдану
  • 4.4.1.3 айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді анықтап жазу
  • 4.4.2.1 күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз)
  • 4.4.2.2 жіктік жалғауларының қолданысын білу
  • 4.4.2.3 зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу
  • 4.4.2.4 жіктеу есімдіктерін септей алу
  • 4.4.2.5 үстеуді мағынасына қарай ажырату, етістікпен байланыстырып, сөйлемде қолдану
  • 4.4.2.6 сөз таптарының сөйлемдегі қызметін анықтау
  • 4.4.2.7 сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын шылауларды (және, себебі, мен, пен) қолдану
  • 4.4.2.8 сөйлемде одағай, еліктеуіш сөздерді ажырату және қолдану
  • 4.4.2.9 етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) қолдану

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Тыңдалым және айтылым

Тақырып Оқу мақсаттары
1.1Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну 4.1.1.1
1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау 4.1.2.1
1.3 Түрлі жағдаяттарда сөйлеу мәдениетін сақтау 4.1.3.1
1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау 4.1.4.1
1.7 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту 4.1.7.1

Оқылым

Тақырып Оқу мақсаттары
2.1 Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау 4.2.1.1
2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 4.2.3.1
2.4 Мәтіннің тақырыбы және негізгі ойды анықтау 4.2.4.1
2.6 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу 4.2.5.1

Жазылым

Тақырып Оқу мақсаттары
3.1 Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрап жазу 4.3.1.1
3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу 4.3.3.1
3.5 Қатені табу және түзету 4.3.5.1
3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау 4.3.6.1
3.7 Пунктуациялық нормаларды сақтау 4.3.7.1

Тілдік нормалардың қолданысы

Тақырып Оқу мақсаттары
4.1Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау 4.4.1.1, 4.4.1.2, 4.4.1.3

2-тоқсан

Тыңдалым және айтылым

Тақырып Оқу мақсаттары
1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау 4.1.2.1
1.3 Түрлі жағдаяттарда сөйлеу мәдениетін сақтау 4.1.3.1
1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау 4.1.4.1
1.5 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру 4.1.5.1
1.6 Тыңдарманның назарын аудару 4.1.6.1

Оқылым

Тақырып Оқу мақсаттары
2.2 Мәтіндегі лексикалық бірліктердің қолданылуын түсіну 4.2.2.1
2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 4.2.3.1
2.4 Мәтіннің тақырыбы және негізгі ойды анықтау 4.2.4.1
2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу 4.2.5.1
2.6 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау 4.2.6.1

Жазылым

Тақырып Оқу мақсаттары
3.2 Түрлі стильде мәтін жазу 4.3.2.1
3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу 4.3.3.1
3.5 Қатені табу және түзету 4.3.5.1
3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау 4.3.6.1
3.7 Пунктуациялық нормаларды сақтау 4.3.7.2, 4.3.7.3

Тілдік нормалардың қолданысы

Тақырып Оқу мақсаттары
4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау 4.4.2.1, 4.4.2.6

3-тоқсан

Тыңдалым және айтылым

Тақырып Оқу мақсаттары
1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау 4.1.2.1
1.3 Түрлі жағдаяттарда сөйлеу мәдениетін сақтау 4.1.3.1
1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау 4.1.4.1
1.5 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру 4.1.5.1
1.6 Тыңдарманның назарын аудару 4.1.6.1

Оқылым

Тақырып Оқу мақсаттары
2.2 Мәтіндегі лексикалық бірліктердің қолданылуын түсіну 4.2.2.1
2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 4.2.3.1
2.4 Мәтіннің тақырыбы жәненегізгі ойды анықтау 4.2.4.1
2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу 4.2.5.1
2.6 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау 4.2.6.1

Жазылым

Тақырып Оқу мақсаттары
3.1 Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрап жазу 4.3.1.1
3.4 Жазба жұмыстарын түрлі формада ұсыну 4.3.4.1
3.5 Қатені табу және түзету 4.3.5.1

Тілдік нормалардың қолданысы

Тақырып Оқу мақсаттары
4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау 4.4.2.3, 4.4.2.2, 4.4.2.4

4-тоқсан

Тыңдалым және айтылым

Тақырып Оқу мақсаттары
1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну 4.1.1.1
1.3 Түрлі жағдаяттарда сөйлеу мәдениетін сақтау 4.1.3.1
1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау 4.1.4.1
1.5 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру 4.1.5.1

Оқылым

Тақырып Оқу мақсаттары
2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 4.2.3.1
2.4 Мәтіннің тақырыбы жәненегізгі ойды анықтау 4.2.4.1
2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу 4.2.5.1

Жазылым

Тақырып Оқу мақсаттары
3.2 Түрлі стильде мәтін жазу 4.3.2.1
3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу 4.3.3.1
3.4 Жазба жұмыстарын түрлі формада ұсыну 4.3.4.1
3.5 Қатені табу және түзету 4.3.5.1
3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау 4.3.6.1

Тілдік нормалардың қолданысы

Тақырып Оқу мақсаттары
4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау 4.4.2.5, 4.4.2.7, 4.4.2.8, 4.4.2.9

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.