Оқу бағдарламалары
Қазақ тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 7‑сынып (қазақ тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат
Оқу мақсаттары
7‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Тыңдалым және айтылым
1.1 Болжау
- 7.1.1.1 мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау
1.2 Әртүрлі жанрдағы мәтін дерді талдау
- 7.1.2.1 әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалар дан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау
1.3 Мәтіннен ақпаратты анықтау
- 7.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу
1.4 Негізгі ойды анықтау
- 7.1.4.1 мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау
1.5 Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау
- 7.1.5.1 проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау
1.6 Сөйлеу мәдениетін дамыту
- 7.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу
2-бөлім. Оқылым
2.1 Ақпаратты түсіну
- 7.2.1.1 мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау
2.2 Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану
- 7.2.2.1 публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану
2.3 Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату
- 7.2.3.1 хроника, хабар, очерктердің және кеңсе құжаттарының, қызметтік жазбалардың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
2.4 Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау
- 7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау
2.5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу
- 7.2.5.1 мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру
2.6 Оқылым стратегияларын қолдану
- 7.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу
2.7 Әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу
- 7.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау
3-бөлім. Жазылым
3.1 Жоспар құру
- 7.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру
3.2 Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру
- 7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу
3.3 Жазба жұмыстарын әртүрлі форма да ұсыну
- 7.3.3.1 мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу
3.4 Эссе жазу
- 7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)
3.5 Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу
- 7.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу
3.6 Мәтіндерді түзету және редакциялау
- 7.3.6.1 мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау
4-бөлім. Әдеби тіл нормаларын сақтау
4.1 Орфографиялық нормалар
- 7.4.1.1 жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу
4.2 Орфоэпиялық нормалар
- 7.4.2.1 сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану
4.3 Лексикалық нормалар
- 7.4.3.1 фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану
4.4 Грамматикалық нормалар
- 7.4.4.1 етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану
- 7.4.4.2 еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсіну
- 7.4.4.3 шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану
- 7.4.4.4 одағай түрлерін ажырата білу, қолдану
- 7.4.4.5 оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу
4.5 Пунктуация лық нормалар
- 7.4.5.1 сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.