Оқу бағдарламалары
Қазақ тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 5‑сынып (қазақ тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат
Оқу мақсаттары
5‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Тыңдалым және айтылым
1.1 Болжау
- 5.1.1.1 тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау
1.2 Әртүрлі жанрдағы мәтін дерді талдау
- 5.1.2.1 әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру
1.3 Мәтіннен ақпаратты анықтау
- 5.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау
1.4 Негізгі ойды анықтау
- 5.1.4.1 тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау
1.5 Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау
- 5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру
1.6 Сөйлеу мәдениетін дамыту
- 5.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру
2-бөлім. Оқылым
2.1 Ақпаратты түсіну
- 5.2.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау
2.2 Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану
- 5.2.2.1 лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану
2.3 Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату
- 5.2.3.1 хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
2.4 Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау
- 5.2.4.1 ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру
2.5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу
- 5.2.5.1 мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру
2.6 Оқылым стратегияларын қолдану
- 5.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу
2.7 Әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу
- 5.2.7.1 энциклопедиялар, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты ала білу
3-бөлім. Жазылым
3.1 Жоспар құру
- 5.3.1.1 берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру
3.2 Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру
- 5.3.2.1 жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу
3.3 Жазба жұмыстарын әртүрлі форма да ұсыну
- 5.3.3.1 сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру
3.4 Эссе жазу
- 5.3.4.1 эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу
3.5 Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу
- 5.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу
3.6 Мәтіндерді түзету және редакциялау
- 5.3.6.1 мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау
4-бөлім. Әдеби тіл нормаларын сақтау
4.1 Орфографиялық нормалар
- 5.4.1.1 қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу
4.2 Орфоэпиялық нормалар
- 5.4.2.1 сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу
4.3 Лексикалық нормалар
- 5.4.3.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану
4.4 Грамматикалық нормалар
- 5.4.4.1 жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану
- 5.4.4.2 зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану
- 5.4.4.3 сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу
- 5.4.4.4 сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат есім орнына қолдана білу
- 5.4.4.5 төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру
4.5 Пунктуация лық нормалар
- 5.4.5.1 төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.