Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Қазақ тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 11‑сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт, қазақ тілінде оқытатын мектептерге)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат

Оқу мақсаттары

11‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Тыңдалым және айтылым

1.1 Болжау

  • 11.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу

1.2 Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау

  • 11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала, бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау

1.3 Негізгі ойды анықтау

  • 11.1.3.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен салыстыру

1.4 Тыңдалым материалы бойынша сұрақтар құрастыру және бағалау

  • 11.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау

1.5 Сөйлеу мәдениетін дамыту

  • 11.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу

2-бөлім. Оқылым

2.1 Ақпаратты түсіну

  • 11.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау

2.2 Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану

  • 11.2.2.1 таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы)

2.3 Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату

  • 11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі дәріс, интервью, мақала, баяндама, тезис, аннотация, рецензияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

2.4 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

  • 11.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

2.5 Мәліметтерді өңдей білу

  • 11.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру

2.6 Әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу

  • 11.2.6.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу, дәйексөз келтіру

3-бөлім. Жазылым

3.1 Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру

  • 11.3.1.1 таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью, тезис, аннотация, рецензия жазу

3.2 Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну

  • 11.3.2.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау

3.3 Эссе жазу

  • 11.3.3.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ("келісу, келіспеу" эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

3.4 Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу

  • 11.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу

3.5 Шығармашылық жұмыс

  • 11.3.5.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу

3.6 Мәтіндерді түзету және редакциялау

  • 11.3.6.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау)

4-бөлім. Әдеби тіл нормасы

4.1 Орфографиялық норма

  • 11.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

4.2 Орфоэпиялық норма

  • 11.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану

4.3 Лексикалық норма

  • 11.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану: көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу, сөздерді сұрыптай білу (образды-эстетикалық)

4.4 Грамматикалық норма

  • 11.4.4.1 мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып)

4.5 Пунктуациялық норма

  • 11.4.5.1 мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

1. Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым 11.1.1.1, 11.1.3.1
Оқылым 11.2.2.1, 11.2.3.1
Жазылым 11.3.1.1, 11.3.5.1, 11.3.6.1
Әдеби тіл нормалары 11.4.1.1, 11.4.5.1

2-тоқсан

2. Экология: ядролық және мұнай өндірістері. Шешендік сөздер

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым 11.1.2.1, 11.1.4.1
Оқылым 11.2.3.1, 11.2.4.1, 11.2.6.1
Жазылым 11.3.4.1, 11.3.5.1
Әдеби тіл нормалары 11.4.3.1

3-тоқсан

3. Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция. Шешендік сөздер

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым 11.1.2.1, 11.1.4.1, 11.1.5.1
Оқылым 11.2.1.1, 11.2.3.1, 11.2.5.1
Жазылым 11.3.1.1, 11.3.2.1, 11.3.6.1
Әдеби тіл нормалары 11.4.2.1

4. Әлемді өзгерткен өнертабыстары Шешендік сөздер

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым 11.1.1.1, 11.1.2.1
Оқылым 11.2.3.1, 11.2.5.1
Жазылым 11.3.1.1, 11.3.3.1
Әдеби тіл нормалары 11.4.4.1

4-тоқсан

5. Туризм: экотуризм. Шешендік сөздер

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым 11.1.2.1, 11.1.5.1
Оқылым 11.2.1.1, 11.2.3.1
Жазылым 11.3.2.1, 11.3.3.1
Әдеби тіл нормалары 11.4.5.1
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 11-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.