Оқу бағдарламалары
Қазақ тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 8‑сынып (қазақ тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
8‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Тыңдалым және айтылым
1.1 Болжау
- 8.1.1.1 мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау
1.2 Әртүрлі жанрдағы мәтін дерді талдау
- 8.1.2.1 әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау
1.3 Мәтіннен ақпаратты анықтау
- 8.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау
1.4 Негізгі ойды анықтау
- 8.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау
1.5 Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау
- 8.1.5.1 перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау
1.6 Сөйлеу мәдениетін дамыту
- 8.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу
2-бөлім. Оқылым
2.1 Ақпаратты түсіну
- 8.2.1.1 тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру
2.2 Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану
- 8.2.2.1 публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану
2.3 Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату
- 8.2.3.1 мақала, аннотация, презентация, құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
2.4 Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау
- 8.2.4.1 тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау
2.5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу
- 8.2.5.1 перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
2.6 Оқылым стратегияларын қолдану
- 8.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу
2.7 Әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу
- 8.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау
3-бөлім. Жазылым
3.1 Жоспар құру
- 8.3.1.1 тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру
3.2 Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру
- 8.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, аннотация, тезис құрастырып жазу
3.3 Жазба жұмыстарын әртүрлі форма да ұсыну
- 8.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу
3.4 Эссе жазу
- 8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)
3.5 Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу
- 8.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу
3.6 Мәтіндерді түзету және редакциялау
- 8.3.6.1 БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау
4-бөлім. Әдеби тіл нормаларын сақтау
4.1 Орфографиялық нормалар
- 8.4.1.1 тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу
4.2 Орфоэпиялық нормалар
- 8.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану
4.3 Лексикалық нормалар
- 8.4.3.1 сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану
4.4 Грамматикалық нормалар
- 8.4.4.1 сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану
- 8.4.4.2 тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану
- 8.4.4.3 сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қолдана білу
- 8.4.4.4 жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану
4.5 Пунктуация лық нормалар
- 8.4.5.1 сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдану
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.