Оқу бағдарламалары
Қазақ тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 9‑сынып (қазақ тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
9‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Тыңдалым және айтылым
1.1 Болжау
- 9.1.1.1 мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру
1.2 Әртүрлі жанрдағы мәтін дерді талдау
- 9.1.2.1 қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала, Жолдау) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау
1.3 Мәтіннен ақпаратты анықтау
- 9.1.3.1 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу
1.4 Негізгі ойды анықтау
- 9.1.4.1 мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау
1.5 Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау
- 9.1.5.1 мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту
1.6 Сөйлеу мәдениетін дамыту
- 9.1.6.1 қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау,орта көлемді монолог дайындау
2-бөлім. Оқылым
2.1 Ақпаратты түсіну
- 9.2.1.1 тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу
2.2 Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану
- 9.2.2.1 қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің түрлерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану
2.3 Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату
- 9.2.3.1 мақала, аннотация, презентация, тұжырымдамалар, тезистердің құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
2.4 Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау
- 9.2.4.1 әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау
2.5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу
- 9.2.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру
2.6 Оқылым стратегияларын қолдану
- 9.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу
2.7 Әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу
- 9.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау
3-бөлім. Жазылым
3.1 Жоспар құру
- 9.3.1.1 жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру
3.2 Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру
- 9.3.2.1 мақсатты аудитория ның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру
3.3 Жазба жұмыстарын әртүрлі форма да ұсыну
- 9.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстыру, маңызды тұстары мен үрдістерді (тенденция) анықтап жазу
3.4 Эссе жазу
- 9.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)
3.5 Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу
- 9.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу
3.6 Мәтіндерді түзету және редакциялау
- 9.3.6.1 жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізу, редакциялау
4-бөлім. Әдеби тіл нормаларын сақтау
4.1 Орфографиялық нормалар
- 9.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу
4.3 Лексикалық нормалар
- 9.4.3.1 стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктерді дұрыс қолдана білу
4.4 Грамматикалық нормалар
- 9.4.4.1 құрмалас сөйлем жасалу жолдарын, түрлерін білу
- 9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану
- 9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану
- 9.4.4.4 аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, қолдану
4.5 Пунктуация лық нормалар
- 9.4.5.1 құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін (даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын) ережеге сай қолдану
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.