Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Қазақ тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт, қазақ тілінде оқытатын мектептерге)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат

Оқу мақсаттары

10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Тыңдалым және айтылым

1.1 Болжау

  • 10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру

1.2 Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау

  • 10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау

1.3 Негізгі ойды анықтау

  • 10.1.3.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру

1.4 Тыңдалым материалы бойынша сұрақтар құрастыру және бағалау

  • 10.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау

1.5 Сөйлеу мәдениетін дамыту

  • 10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу

2-бөлім. Оқылым

2.1 Ақпаратты түсіну

  • 10.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау

2.2 Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану

  • 10.2.2.1 ғылыми-көпшілік стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері)

2.3 Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату

  • 10.2.3.1 көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

2.4 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

  • 10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

2.5 Мәліметтерді өңдей білу

  • 10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу

2.6 Әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу

  • 10.2.6.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу

3-бөлім. Жазылым

3.1 Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру

  • 10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью, нұсқаулық жазу

3.2 Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну

  • 10.3.2.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу

3.3 Эссе жазу

  • 10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ("келісу, келіспеу" эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

3.4 Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу

  • 10.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу)

3.5 Шығармашылық жұмыс

  • 10.3.5.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу

3.6 Мәтіндерді түзету және редакциялау

  • 10.3.6.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау

4-бөлім. Әдеби тіл нормасы

4.1 Орфографиялық норма

  • 10.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

4.2 Орфоэпиялық норма

  • 10.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану

4.3 Лексикалық норма

  • 10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу

4.4 Грамматикалық норма

  • 10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу

4.5 Пунктуациялық норма

  • 10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

1. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым 10.1.1.1, 10.1.3.1
Оқылым 10.2.2.1, 10.2.5.1
Жазылым 10.3.3.1
Әдеби тіл нормалары 10.4.2.1, 10.4.1.1

2-тоқсан

2. Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым 10.1.2.1, 10.1.4.1
Оқылым 10.2.1.1, 10.2.3.1
Жазылым 10.3.2.1, 10.3.6.1
Әдеби тіл нормалары 10.4.3.1

3-тоқсан

3. Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Тілдік жүйе және норма

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым 10.1.2.1, 10.1.5.1
Оқылым 10.2.3.1, 10.1.5.1, 10.2.4.1
Жазылым 10.3.1.1, 10.3.5.1
Әдеби тіл нормалары 10.4.4.1

4. Адам өмірін сақтау. Тілдік жүйе және норма

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым 10.1.2.1, 10.1.4.1
Оқылым 10.2.3.1, 10.2.4.1
Жазылым 10.3.3.1, 10.3.1.1, 10.3.4.1
Әдеби тіл нормалары 10.4.4.1

4-тоқсан

5. Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым 10.1.2.1, 10.1.5.1
Оқылым 10.2.3.1, 10.2.6.1
Жазылым 10.3.3.1, 10.3.1.1, 10.3.4.1
Әдеби тіл нормалары 10.4.5.1
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 10-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.