Оқу бағдарламалары
Қазақ тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 3‑сынып (қазақ тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 4 сағат, жылына 136 сағат
Оқу мақсаттары
3‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
Бөлімсіз
- 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
- 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
- 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу
- 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
- 3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу, келіспеу себебін) өз көзқарасын білдіру
- 3.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту
- 3.1.7.1 сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл – Жаңгүл)
- 3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау
- 3.2.2.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу, сөйлеу барысында қолдану
- 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
- 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
- 3.2.5.1 берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
- 3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін), жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу
- 3.3.1.1 жоспарда сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу, мәтінін салыстыра сипаттау, көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу
- 3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік, өмірбаян, хабарландыру жазу
- 3.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу
- 3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтінді (хат, шақыру, нұсқаулық) құру/компьютерде теру
- 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету
- 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
- 3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою
- 3.3.7.2 мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою
- 3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу
- 3.4.1.2 түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу
- 3.4.1.3 ч, щ әріптері бар сөздердің емлесін білу
- 3.4.1.4 х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазу
- 3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату
- 3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу
- 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу
- 3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау
- 3.4.2.5 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау
- 3.4.2.6 есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын анықтау
- 3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату
- 3.4.2.8 мұғалімнің көмегімен жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Тыңдалым және айтылым
Оқылым
Жазылым
Тілдік нормалардың қолданысы
2-тоқсан
Тыңдалым және айтылым
Оқылым
Жазылым
Тілдік нормалардың қолданысы
3-тоқсан
Тыңдалым және айтылым
Оқылым
Жазылым
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 3.1 Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрап жазу | 3.3.1.1 |
| 3.2 Түрлі стильде мәтін жазу | 3.3.2.1 |
| 3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу | 3.3.3.1 |
| 3.4 Жазба жұмыстарын түрлі формада ұсыну | 3.3.4.1 |
| 3.5 Қатені табу және түзету | 3.3.5.1 |
| 3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау | 3.3.6.1 |