Оқу бағдарламалары
Қазақ тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт, қазақ тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Тыңдалым және айтылым
1.1 Болжау
- 10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру
1.2 Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау
- 10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау
1.3 Мәтіннен ақпаратты анықтау
- 10.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау
1.4 Негізгі ойды анықтау
- 10.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру
1.5 Тыңдалым материалы бойынша сұрақтар құрастыру және бағалау
- 10.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау
1.6 Сөйлеу мәдениетін дамыту
- 10.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу
2-бөлім. Оқылым
2.1 Ақпаратты түсіну
- 10.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау
2.2 Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану
- 10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері)
2.3 Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату
- 10.2.3.1 көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау
2.4 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау
- 10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау
2.5 Мәліметтерді өңдей білу
- 10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу
2.6 Оқылым стратегияларын қолдану
- 10.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу
2.7 Әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу
- 10.2.7.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу
3-бөлім. Жазылым
3.1 Жоспар құру
- 10.3.1.1 жоспар түрлерін құру (қарапайым, күрделі, тезистік)
3.2 Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру
- 10.3.2.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью, нұсқаулық жазу
3.3 Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну
- 10.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу
3.4 Эссе жазу
- 10.3.4.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ("келісу, келіспеу" эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)
3.5 Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу
- 10.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу)
3.6 Шығармашылық жұмыс
- 10.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу
3.7 Мәтіндерді түзету және редакциялау
- 10.3.7.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау
4-бөлім. Әдеби тіл нормасы
4.1 Орфографиялық норма
- 10.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу
4.2 Орфоэпиялық норма
- 10.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану
4.3 Лексикалық норма
- 10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу
4.4 Грамматикалық норма
- 10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу
4.5 Пунктуациялық норма
- 10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.