Оқу бағдарламалары
Орыс тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 11‑сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт, орыс тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат
Оқу мақсаттары
11‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Тыңдалым және айтылым
- 11.1.1 автордың ұстанымын сыни бағалап, әртүрлі жанрдағы мәтіндердегі негізгі, детальді, жасырын ақпаратты түсіну
- 11.1.2 мәтін авторының мақсаты мен позициясына негізделген негізгі ойды анықтау
- 11.1.3 мәтіннің мазмұнын кестелер мен сұлбалар бойынша болжау
- 11.1.4 іскерлік әңгімеге қатысу, мәселені шешу және келісімге қол жеткізу
- 11.1.5 көпшілік алдында сөйлеу мақсатында қоғамдық-саяси, әлеуметтiк-мәдени, оқу және ғылым салаларында кешенді монолог құру
- 11.1.6 тыңдалған материалды дәлелді сендіру тұрғысынан бағалау, оған сыни баға беру
2-бөлім. Оқылым
- 11.2.1 тұтас және тұтас емес мәтіндердегі негізгі, детальді, жасырын ақпаратты түсініп, автор ұстанымына сыни баға беру
- 11.2.2 мәтіннің негізгі ойын беруде түс, реңктің, дыбыстық және графикалық бейнелердің, гиперсілтемелердің ролін анықтау
- 11.2.3 мәтінде стилистикалық фигуралардың және басқа да әдістердің қолданылуын түсіну
- 11.2.4 ғылыми және публицистикалық стильдердегі мәтіндердің (аннотация, ғылыми мақала, репортаж, көпшілік алдында сөйлеу) типтерін, сипаттамаларын және тілдік ерекшеліктерін анықтау
- 11.2.5 оқылған мәтіндегі мәселе бойынша зерттеу және болжам жасау үшін сұрақтар құрастыру
- 11.2.6 оқырманның алдына қойған коммуникативтік міндеттеріне байланысты әртүрлі оқылым түрлерін қолдану
- 11.2.7 әртүрлі дереккөздерден ақпарат алу, өзара қатынасын анықтап, негізделген тұжырымдар жасау
- 11.2.8 мәтіннің тақырыбын, негізгі ойын, мәтінде көтерілген мәселені, мәтіннің мақсатын, мәтіннің кімге арналғанын, автор ұстанымы мен оқырманға әсер етуін ескере отырып, мәтіндердің стильдік (композициялық, тілдік және жанрлық) ерекшеліктерін салыстыру
- 11.2.9 сөйлемнің мазмұнын тақырыпқа, негізгі идеяға, авторлық ұстанымға қатысты түсіндіру
3-бөлім. Жазылым
- 11.3.1 тыңдалған, оқылған және аудиовизуалды материалдардың мазмұнын толық және қысқартылған жоспарлар, толық және қысқаша мазмұндау, тезистер, резюме, конспект, аннотация, хабарлама, баяндама түрлерінде жаза білу
- 11.3.2 кесте, сызба, графиктер, диаграммалар, аудио файлдарды, фотосуреттерді пайдаланып, ақпаратты презентация түрінде ұсыну
- 11.3.3 Әртүрлі типтегі және стильдегі мәтіндер (аннотация, тезистер, репортаж, көпшілік алдында сөйлеу) құрастырып жазу, мәтіннің мақсатын, кімге арналғанын және қатынас жағдайын ескере отырып, цитаталарды орынды қолдану
- 11.3.4 әр түрлі эссе жазу, оның ішінде дәлдер келтірілген және пікірталас тудыратын эсселер, ғылыми, публицистикалық әдебиеттерде ұсынылған мәселені қарау және талдау, осы мәселені шешудің жолдарын ұсыну және негіздеу
- 11.3.5 шығармашылық жұмыстар жазу (хабарлы мәтіндер мен аралас түрдегі мәтіндер)
- 11.3.6 мәтіннің мақсатын, кімге арналғанын, қатынас жағдайын және оқырманға әсер етуін ескере отырып, мәтіндегі барлық кемшіліктерді түзету және редакциялау
4-бөлім. Сөйлеу нормаларын сақтау
- 11.4.1 орфографиялық нормаларды сақтау
- 11.4.2 қатынас мақсаты мен жағдайына сәйкес тілдің әртүрлі бейнелеу құралдарын, стилистикалық фигураларды қолдану
- 11.4.3 синтаксистік нормаларды сақтау
- 11.4.4 жай сөйлемдерде, күрделенген жай сөйлемдерде және әртүрлі байланыс түрлеріндегі құрмалас сөйлемдерде тыныс белгілерінің қолдану
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.