Оқу бағдарламалары
Орыс тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт, орыс тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат
Оқу мақсаттары
10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Тыңдалым және айтылым
- 10.1.1 фактілер мен көзқарастарды ажыратып, мәтіндегі негізгі және детальді ақпаратты түсіну, мәтінні кімге арналғанын анықтау
- 10.1.2 қатынастың бейвербалды құралдарының қолданылуын ескеріп, негізгі ойды анықтау
- 10.1.3 Мәтінде көтерілген мәселеге байланысты мазмұнын болжау
- 10.1.4 өз ұстанымын дәлелдеп, дебаттарға қатысу, мәселені шешудің жолдарын ұсыну
- 10.1.5 кемiнде 3 микротақырыпты қамтитын қоғамдық-саяси, әлеуметтiк-мәдени, оқу және ғылым салаларында кешендi монолог құру (белгіленген тақырып бойынша ойлау, өз ойына сенiмдiлiкті білдіру)
- 10.1.6 ақпараттың өзектілігіне, шынайылығына байланысты өз пікірін білдіру тұрғысынан тыңдаған материалдарды бағалау
2-бөлім. Оқылым
- 10.2.1 мәтіндегі ақпаратты басқа дереккөздерден алынған/жеке тәжірибедегі ақпаратпен салыстырып, тұтас және тұтас емес мәтіндердегі негізгі, детальді, жасырын ақпаратты түсіну
- 10.2.2 мәтіннің негізгі ойын беруде ескертпе жазбалардың, иллюстрациялардың, тақырыпшалардың рөлін анықтау
- 10.2.3 мәтіндегі арнайы лексика, аббревиатуралар, перифразалар, аллюзия, эвфемизмдердің қолданылуын түсіну
- 10.2.4 көпшілікке арналған ғылыми стильдегі (очерк, мақала, эссе) мәтіндердің, публицистикалық стильдегі мәтіндердің (баспасөз хабарламасы) әр түрлі жанрдағы мәтіндердің типтерін, белгілерін және тілдік ерекшеліктерін анықтау
- 10.2.5 оқылған мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, зерттеу идеяларын қалыптастыру
- 10.2.6 оқу, сканерлеу және детальді оқу әдістерін қолдану
- 10.2.7 әртүрлі дереккөздерден ақпаратты алу және синтездеу, түрлі көзқарастарды салыстыру
- 10.2.8 мәтіннің тақырыбын, негізгі ойын, мәтінде көтерілген мәселені, мәтіннің мақсатын, мәтіннің кімге арналғанын, автор ұстанымын ескере отырып, мәтіндердің стильдік (композициялық, тілдік және жанрлық) ерекшеліктерін салыстыру
- 10.2.9 сөйлемнің, абзацтың мазмұнын тақырыпқа, негізгі идеяға, авторлық ұстанымға қатысты түсіндіру
3-бөлім. Жазылым
- 10.3.1 тыңдалған, оқылған және аудиовизуалды материалдардың мазмұнын толық және қысқартылған жоспарлар, толық және қысқаша мазмұндау, тезистер, резюме, конспект түрлерінде жаза білу
- 10.3.2 графиктер, кестелер, диаграммалар, диаграммалар, сызбалар, инфографика, соның ішінде АКТ пайдалана отырып, ақпарат ұсыну
- 10.3.3 көпшілікке арналған ғылыми стильдегі мәтіндер (мақала, эссе, очерк, конспект), публицистикалық стильдегі мәтіндер (жазба, баспасөз хабарламасы) құрастырып жазу
- 10.3.4 ғылыми және публицистикалық әдебиеттерді талдап, автормен келісу/ келіспеушілікті негіздеп, әртүрлі эсселер, оның ішінде сыни эсселер жазу
- 10.3.5 белгілі композициялық элемент болып табылатын мәтіннің үзіндісіне/үзінділеріне шығармашылық жұмыстар жазу
- 10.3.6 мәтіннің мақсатын, кімге арналғанын, қатынас жағдайын және оқырманға әсер етуін ескере отырып, мәтіндегі барлық кемшіліктерді түзету және редакциялау
4-бөлім. Сөйлеу нормаларын сақтау
- 10.4.1 орфографиялық нормаларды сақтау
- 10.4.2 қатынас мақсаты мен жағдайына сәйкес ресми іс қағаздар стилінің, публицистикалық және ғылыми стиль лексикасын қолдану
- 10.4.3 сөзжасам және морфологиялық нормаларды сақтау
- 10.4.4 жай сөйлемдерде, күрделенген жай сөйлемдерде және құрмалас сөйлемдерде тыныс белгілерінің қолдану
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.