Оқу бағдарламалары
Орыс тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 9‑сынып (орыс тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
9‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Тыңдалым және айтылым
1.1 Мәтіннің мазмұнын түсіну
- 9.1.1.1 тыңдалған мәтінге сыни көзқарасын білдіре отырып, мәтіндегі негізгі және толық ақпаратты түсіну
1.2 Негізгі ойды анықтау
- 9.1.2.1 тыңдалған мәтінге өз қатысын білдіре отырып, тақырыпшалар негізінде негізгі ойды анықтау
1.3 Тыңдалған материалды мазмұн дау
- 9.1.3.1 ақпаратты шығармашылық тұрғыдан интерпретация лай отырып аралас мәтінді мазмұндау
1.4 Оқиға ларды болжау
- 9.1.4.1 мәтін соңындағы мазмұнды болжау
1.5 Диалогқа қатысу
- 9.1.5.1 әртүрлі көзқарасты синтездеп және пробеламаларды шешуді ұсына отырып полемикаға қатысу
1.6 Тыңдалған материалды бағалау
- 9.1.6.1 өз пікірін білдіре отырып сөйлеу нормативтілі гі, мазмұны, құрылымы, материалды мазмұндау логикасы тұрғысынан бағалау
1.7 Монолог құрастыру
- 9.1.7.1 оқу, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық-саяси салалар аясында, кемінде 3 тақырыпша дан тұратын ашық дәлелді монолог құру (сипаттау және хабарлау, сендіру элементтері бар талқылау)
- 9.1.7.2 нақты жағдайларда сөйлеу нормаларына сәйкес сөйлеу тәртібінің үлгілерін қолдану
2-бөлім. Оқылым
2.1 Ақпаратты түсіну
- 9.2.1.1 мәтіндегі ақпаратқа басқа дереккөздерден алынған ақпаратқа/жеке тәжірибеге сүйене отырып бөлінген және бөлінбеген мәтіндердегі ашық және жасырын (мәтін ішіндегі) ақпаратты түсіну
2.2 Мәтін нің құрылымдық бөлігін және негізгі ойды анықтау
- 9.2.2.1 негізгі ойды берудегі мәтіннің ерекшеліктері мен құрылымы ның рөлдерін айқындау
2.3 Оқылған мәтін нен лексикалық және синтаксистік бірліктерді қолдануды түсіну
- 9.2.3.1 аббревиация лардың, парцелляция лардың, мысқыл, ишаралардың, асыра кішірейту мен асыра үлкейтудің және басқа да сөз тіркестерінде гі тәсілдерді қолданылуын түсіну
2.4 Мәтін дердің түрлері мен стилде рін анықтау
- 9.2.4.1 мәтін түрлерін анықтау және оларға тән белгілерін ажырату, әртүрлі жанрдағы, стилдегі мәтіндердің (ғылыми мақалалар, іссапар туралы есептер) тілдік ерекшеліктерін анықтау
2.5 Сұрақтар құрастыру және бағалау
- 9.2.5.1 мәтін мазмұнын интерпрета циялай отырып сұрақтар мен идеялар қалыптастыру
2.6 Оқылым түрлерін қолдану
- 9.2.6.1 оқылым түрлерін қолдану, соның ішінде қарастыра оқу, жоспар, тезис, коспект құра оқу
2.7 Әртүрлі дереккөздерден ақпарат тар табу
- 9.2.7.1 түрлі дереккөздерден ақпараттар табу және синтездеу, интерпретациялау, өз пікірін білдіре отырып алынған мәліметтер негізінде қорытынды жасау
2.8 Мәтін дерді салыстырмалы талдау
- 9.2.8.1 түрлі мәтіндердің стилистикалық (композициялық, тілдік, жанрлық) ерекшеліктерін, мақсаттары мен мақсатты аудиториясын (ғылыми мақалалар, іссапар есептері) және автордың позициясын ескере отырып салыстыру
3-бөлім. Жазылым
3.1 Жоспар құру
- 9.3.1.1 жоспардың түрлерін құру, соның ішінде цитаттық, тезистік
3.2 Тыңдалған, оқылған және аудиовизуалды материалды мазмұн дау
- 9.3.2.1 тыңдалған, оқылған және аудиовизуалды материалдағы ақпаратты синтездей отырып, мәтін мазмұынын баяндау
3.3 Елестетудің түрлерін қолдана отырып мәтіндер жазу
- 9.3.3.1 сілтемелер мен гиперсілтемелерді қолдана отырып таныстырылым түрінде ұсыну
3.4 Әртүрлі стилдегі мәтіндер құрастыру
- 9.3.4.1 тиісті стилде (ғылыми мақалалар, іссапар туралы есептер), мақсатты аудиторияны ескере отырып талқылау элементтері бар сипаттама-мәтіндер, талқылау элементтері бар хабарлама-мәтіндер құрастыру
3.5 Эссе жазу
- 9.3.5.1 эссенің түрлерін, соның ішінде проблемалар дың жан-жақты қарастыра отырып және шешу жолдарын ұсына отырып пікірталас эссесін жазу
3.6 Шығармашылық хат
- 9.3.6.1 белгілі бір композициялық элементтер (романның басталуы, әңгіменің жалғасы) болып таылатын үзінді/мәтін үзіндісі бойынша шығармашы лық жұмыстар жазу (150-170 сөз)
3.7 Мәтін дерді түзету және редакциялау
- 9.3.7.1 мәтіндегі кемшіліктерді түзету және редакциялау
4-бөлім. Әдеби нормаларды сақтау
4.1 Орфографиялық нормаларды сақтау
- 9.4.1.1 орфографиялық нормаларды сақтау
4.2 Лексикалық норма ларды сақтау
- 9.4.2.1 стилистикалық бояма сөздерді, аббревиатураны, парцелляция ны қолдану
4.3 Грамматикалық нормаларды сақтау
- 9.4.3.1 құрмалас сөйлемдердегі морфология лық байланыс құралдарын (шылаулар мен шылаулы сөздер) дұрыс қолдану
4.4 Пунктуациялық нормаларды сақтау
- 9.4.4.1 жай, күрделенген жай және құрмалас сөйлемдердегі тыныс белгілерді қолдану
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.