Оқу бағдарламалары
Орыс тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 2‑сынып (қазақ тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
2‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
Бөлімсіз
- 2.1.1.1 бейне және аудио материалды, сөзді мұқият тыңдап, түсіну және оған дұрыс жауап беру (қимыл, ым-ишараны қолдану)
- 2.1.2.1 күнделікті өмірге қатысы бар қарапайым тіркестердегі сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
- 2.1.3.1 тыңдаған хабарламаға сәйкес иллюстрациялар/сурет/сызбалар таңдау және сұрақтарға жауап беру
- 2.1.4.1 тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну, кейіпкерлерді, оқиғалардың тізбегін анықтау
- 2.1.5.1 бейне және аудио материалдағы болып жатқан оқиғаларды түсіну және сипаттау, сұрақтарға жауап беру
- 2.2.1.1 танысу үшін өзі туралы хабарлау, заттарды сипаттау және сұраулы сөйлемдер құрау барысында сөздерді, сөз тіркестерін пайдалану
- 2.2.2.1 Сюжеттік суреттер негізінде 2-3 пікір білдіру
- 2.2.3.1 белгілі бір тақырыптағы сөйлесу жағдаятына қатысу, сұхбаттасушы не туралы айтып тұрғанын түсіну және жауап беру
- 2.2.4.1 таныс сөздерді пайдаланып, оқиғалардың реттілігін сақтай отырып, оқиғаларды, қысқа мәтін/ хикая/ әңгімелерді мазмұндау
- 2.2.5.1 бейне және аудиоматериалдардағы оқиғаларды өз сөзімен сипаттау
- 2.2.6.1 салыстыру негізінде ақпарат/ кейіпкер/ туралы қарапайым бағалау пікірін білдіру ("мен келісемін/келіспеймін...", "маған ұнады/ ұнамады...", "Мен ойлаймын...", "мен... санаймын")
- 2.2.7.1 дыбыс пен екпіннің мағыналы ажыратушылық рөлін түсіну
- 2.3.1.1 мәтінді мәнерлеп оқу (хабарлы және сұраулы сөйлемдерді интонациялау)
- 2.3.2.1 мәтіндегі сөздер мен қарапайым сөз тіркестерінің мағынасын түсіну
- 2.3.3.1 әр түрлі мәтіндердің жанрларын анықтау (жұмбақ, ертегі, өлең, әңгіме)
- 2.3.4.1 мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтар құрастыру және оған жауап беру
- 2.3.5.1 білім алушыларға арналған сөздіктер мен анықтамалықтан ақпарат табу (мұғалімнің көмегімен)
- 2.4.1.1 сипаттау сөздерді қолданып, берілген иллюстрация бойынша постер жасау
- 2.4.2.1 тыңдағаны/ оқығаны/ көргені негізінде таныс сөздерді/ сөз тіркестерін жазу (мұғалімнің көмегімен)
- 2.4.3.1 жай сөйлемнің соңында тыныс белгілерін қолдану (мұғалімнің көмегімен)
- 2.4.4.1 бас, кіші әріптердің және олардың бірігуінің биіктігін, енін және көлбеулігін сақтай отырып, дәптерге жазу
- 2.5.1.1 жазбаша және ауызша сөйлеуде заттың атын/сынын /қимылын білдіретін сөздерді ажырату және қолдану, оларды жекеше/көпше түрде өзгерту (мұғалімнің көмегімен)
- 2.5.1.2 бір немесе бірнеше заттың атын білдіретін сөздерді пайдалану, заттың сынын білдіретін зат есімдермен жекеше, көпше түрде үйлестіру (мұғалімнің көмегімен)
- 2.5.1.3 осы/ келер/ өткен шақтағы қимылды білдіретін сөздерді қолдану (мұғалімнің көмегімен)
- 2.5.1.4 қысқа сөйлемдерде жай шылауларды түсініп қолдану
- 2.5.1.5 заттың сынын білдіретін сөздерді ажырату, заттарға түрі, түсі, пішіні, көлемі, материалы бойынша тән белгілерді таңдау
- 2.5.2.1 дыбыстар мен әріптердің айырмашылығын түсініп, жи-ши, ча-ща, чу-щу тіркестерін дұрыс жазу
- 2.5.2.2 адамдардың атын, әкесінің атын, тегін, жануарларға қойылған аттарды бас әріппен жазу (мұғалімнің көмегімен)
- 2.5.2.3 көмекші сөздерді сөздерден бөлек жазу (мұғалімнің көмегімен)
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Тыңдалым (тыңдау)
Айтылым
Оқылым
Жазылым
Тілдік нормаларды қолдану
2-тоқсан
Тыңдалым (тыңдау)
Айтылым
Оқылым
Жазылым
Тілдік нормаларды қолдану
3-тоқсан
Тыңдалым (тыңдау)
Айтылым
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 2.3 Тілдесудің түрлі жағдаяттарына қатысу және сөйлеу нормаларын сақтау | 2.2.3.1 |
| 2.4 Тыңдаған/оқыған материалды мазмұндау | 2.2.4.1 |
| 2.5 Аудиовизуалды материал негізінде дәлелді пікір айту | 2.2.5.1 |
| 2.6 Оқыған/ тыңдаған материалы бойынша бағалау пікірін білдіру | 2.2.6.1 |
| 2.7 Орфоэпиялық нормаларды сақтау | 2.2.7.1 |