Оқу бағдарламалары
Орыс тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 6‑сынып (орыс тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат
Оқу мақсаттары
6‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Тыңдалым және айтылым
1.1 Мәтіннің мазмұнын түсіну
- 6.1.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты таба отырып, мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну
1.2 Негізгі ойды анықтау
- 6.1.2.1 тірек сөздер, сөз тіркестері арқылы негізгі ойды анықтау
1.3 Тыңдалған материалды мазмұн дау
- 6.1.3.1 мәтінді 3-жақтан толық, қысқаша, іріктеп мазмұндау (хабарлау, сипаттау)
1.4 Оқиға ларды болжау
- 6.1.4.1 тірек сөздер бойынша сюжеттің дамуын болжау
1.5 Диалогқа қатысу
- 6.1.5.1 ұсынылған тақырып бойынша пікірлерін алмаса отырып диалогқа қатысу
1.6 Тыңдалған материалды бағалау
- 6.1.6.1 тыңдалған материалды мазмұны, құрылымы және материалды мазмұндау логикасы тұрғысынан бағалау
1.7 Монолог құрастыру
- 6.1.7.1 жоспарға, сұлбаға, иллюстрацияларға, жарнама роликтеріне сүйеніп талқылау элементтерімен сипаттау және хабарлау түрінде монолог құру
2-бөлім. Оқылым
2.1 Ақпаратты түсіну
- 6.2.1.1 белгілі және белгісіз ақпаратты таба отырып, бөлікке бөлінген және бөлінбеген мәтіндердегі негізгі ақпаратты түсіну
2.2 Мәтін нің құрылымдық бөлігін және негізгі ойды анықтау
- 6.2.2.1 құрылымдық бөліктерін анықтай отырып және мәтіннің құрылу мәнін түсіндіре отырып негізгі ойды анықтау
2.3 Оқылған мәтін нен лексикалық және синтаксистік бірліктерді қолдануды түсіну
- 6.2.3.1 фразеологизм дерді, қаратпа сөздерді, бірыңғай сөйлем мүшелерін, сұраулы, лепті және бұйрықты сөйлемдерді қолдана білу
2.4 Мәтін дердің түрлері мен стилде рін анықтау
- 6.2.4.1 мәтін түрлерін анықтау және ажырату:, хабарлау, талқылау, мінездеме белгілерін танып білу, публицистикалық және көркем стилдегі (өлең, ертегі, әңгіме, жазба, репортаж, сұхбат) мәтіндердің тілдік және жанрлық ерекшеліктері
2.5 Сұрақтар құрастыру және бағалау
- 6.2.5.1 өзектілігі, құндылығы, сапасы мен пайдасы тұрғысынан мәтінді бағалайтын сұрақтар құрастыру
2.6 Оқылым түрлерін қолдану
- 6.2.6.1 оқылым түрлерін қолдану: танысу, пікір айту
2.7 Әртүрлі дереккөздерден ақпарат тар табу
- 6.2.7.1 алынған ақпаратты салыстыра отырып, әртүрлі көзқарастарды анықтап, түрлі дереккөздерден ақпараттар табу
2.8 Мәтін дерді салыстырмалы талдау
- 6.2.8.1 түрлі мәтіндердің композициялық (өлең, ертегі, әңгіме, жазба, репортаж, сұхбат) ерекшеліктерін, мақсаттар мен мақсатты аудиторияны ескере отырып, түрлі мәтіндердің стилистикалық ерекшеліктерін салыстыру
3-бөлім. Жазылым
3.1 Жоспар құру
- 6.3.1.1 қарапайым және күрделі жоспар құру
3.2 Тыңдалған, оқылған және аудиовизуалды материалды мазмұн дау
- 6.3.2.1 хабарлама-мәтіндердің, сипаттама-мәтіндердің мазмұнын 3-жақтан толық, қысқаша, іріктеп баяндау
3.3 Елестетудің түрлерін қолдана отырып мәтіндер жазу
- 6.3.3.1 ақпаратты иллюстрациялар, комикстер түрінде, соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып ұсыну
3.4 Әртүрлі стилдегі мәтіндер құрастыру
- 6.3.4.1 публицистикалық және көркем стилде (өлең, ертегі, әңгіме, жазба, репортаж, сұхбат) мақсатты аудиторияны ескере отырып, сипаттама-мәтін және хабарлама, талқылау жазу
3.5 Эссе жазу
- 6.3.5.1 хабарлама-эссе, талқылама-эссе, сипаттама-эссе жазу
3.6 Шығармашылық хат
- 6.3.6.1 өзін ұсынып отырған жағдайға қойып және сезімін сипаттай отырып, шығарма шылық жұмыстар жазу (90-110 сөз)
3.7 Мәтін дерді түзету және редакциялау
- 6.3.7.1 орфографиялық және пунктуация лық қателерді сөздіктің көмегімен түзету, мәтінді оның түріне қарай редакциялау
4-бөлім. Әдеби нормаларды сақтау
4.1 Орфографиялық нормаларды сақтау
- 6.4.1.1 ажырату Ъ және Ь белгілерін, күрделі зат есім, сын есім, сан есім, белгісіздік есімдіктерді, сондай-ақ приставкалар мен әртүрлі сөз таптарының жұрнақтарын дұрыс жазу
4.2 Лексикалық норма ларды сақтау
- 6.4.2.1 фразеологиялық тіркестерді, метафораларды, кейіптеуді, риторикалық фигураларды, антитезаны, перифразды, олардың мағынасына тән сөздерді қолдану
4.3 Грамматикалық нормаларды сақтау
- 6.4.3.1 сан есімдердің, сын есімдердің, есімдіктердің септелген түрін дұрыс қолдану
- 6.4.3.2 сын есімдер мен үстеулердің салыстырмалы түрін нормаға сәйкес жасау
4.4 Пунктуациялық нормаларды сақтау
- 6.4.4.1 кірме конструкция лары бар сөйлемдердің, төл сөздер мен төлеу сөздердің тыныс белгілерін қолдану
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.