Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Орыс тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 11‑сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт, орыс тілінде оқытатын мектептерге)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат

Оқу мақсаттары

11‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Тыңдалым және айтылым

  • 11.1.1 мәтіннің негізгі және детальды ақпаратын түсіну, автордың ұстанымын және мәтіннің жасырын мағынасын анықтау; мақсатты аудиторияны, жанрларды анықтау
  • 11.1.2 мәтін авторының мақсаты мен ұстанымына сүйене отырып, негізгі ойды анықтау
  • 11.1.3 кестелер мен сұлбалар арқылы мәтіннің мазмұнын болжау
  • 11.1.4 мәселені шешіп және келісімге қол жеткізе отырып, іскерлік әңгімеге қатысу
  • 11.1.5 әлеуметтiк-саяси, әлеуметтiк-мәдени, әлеуметтiк-экономикалық және оқу-ғылыми салалар шеңберiнде көпшiлiк алдында сөз сөйлеу үшiн кең көлемді монолог құру
  • 11.1.6 тыңдалған материалды сенімділік тұрғысынан сыни түрде бағалау

2-бөлім. Оқылым

  • 11.2.1 автордың ұстанымын және мәтіннің жасырын мәнін сыни тұрғыдан бағалай отырып, мәтіндегі негізгі, детальды, жасырын ақпаратты түсіну
  • 11.2.2 мәтіндегі негізгі ойды берудегі түстердің, қаріптер түрлерінің, дыбыс және графикалық бейнелердің, гиперсілтемелердің рөлін айқындау
  • 11.2.3 графикалық экспрессивтік құралдарды, стилистикалық фигураларды және басқа да мәтіндерді қолдануды түсіну
  • 11.2.4 әртүрлі жанрдағы, стильдегі және (мақала, эссе, очерк, конспект), публицистикалық стильдегі мәтіндердің (ескерту, пресс-релиз, сапар очеркі) түрлерін, белгілері мен тілдік ерекшеліктерін анықтау
  • 11.2.5 оқылған мәтін бойынша зерттеулер мен гипотезалар үшін сұрақтар құрастыру
  • 11.2.6 оқырманның өзі алдына қойған коммуникативтік тапсырмаларына байланысты әртүрлі оқу түрлерін қолдану
  • 11.2.7 өзара қарым-қатынас орнатып және дәлелденген тұжырымдар жасай отырып, ақпаратты әртүрлі дереккөздерден алу
  • 11.2.8 тақырыпты, негізгі идеяны, проблеманы, мақсатты, мақсатты аудиторияны, автордың ұстанымын және оқырманға әсерін ескере отырып, мәтіннің стилистикалық ерекшеліктерін (композициялық, тілдік және жанрлық) салыстыру
  • 11.2.9 мәтін үзіндісінің мазмұнын тақырыппен, негізгі идеямен, автор ұстанымымен салғастыра отырып түсіндіру

3-бөлім. Жазылым

  • 11.3.1 жоспар түрлерін, оның ішінде тірек-жоспар сұлбасын құру
  • 11.3.2 тыңдалған, оқылған және аудиовизуалды материалдың мазмұнын толық және қысқа жоспарлар түрінде, толық және қысқа жоспар, толық немесе қысқаша мазмұндау, тезистер, түйіндемелер, конспектілер, аннотациялар, хабарламалар, баяндамалар түрінде жеткізу
  • 11.3.3 ақпаратты кестелер, сұлбалар, графиктер, диаграммалар, аудиофайлдар, фотосуреттер, қозғалмалы картиналарды қолданып, презентация түрінде ұсыну
  • 11.3.4 мақсатты, мақсатты аудиторияны және сөйлеу жағдайын ескере отырып, әртүрлі стильдегі және түрлі мәтіндер (аннотация, мақала, сұхбат, жұрт алдында сөйлеу), құрастыру; дәйексөзді орынды қолдану
  • 11.3.5 ғылыми, публицистикалық әдебиетте берілген проблеманы қарастыру және талдау арқылы, проблеманы шешудің өзіндік жолдарын ұсынып және оын негіздей отырып, эссе түрлерін, соның ішінде аргументативті және дискуссиялық эссе жазу
  • 11.3.6 автордың сенімдерін, көзқарастары мен сезімдерін бейнелейтін тәсілдерді қолдана отырып, әртүрлі жанрдағы сипаттама және хабарлама мәтіндерін жазу
  • 11.3.7 мақсатты, мақсатты аудитория, қарым-қатынас жағдайын және оқырманға әсер етуді ескере отырып, мәтінде кездесетін барлық қателерді түзету және редакциялау

4-бөлім. Әдеби тіл нормаларын сақтау

  • 11.4.1 орфографиялық нормаларды сақтау
  • 11.4.2 арнайы лексиканы, тілдің әртүрлі бейнелеуіш-көркемдеуіш құралдарын, қарым-қатынас мақсаты мен жағдаятқа сәйкес стилистикалық фигураларды қолдану
  • 11.4.3 синтаксистік нормаларды (өздік етістері мен ырықсыз есімшелері бар пассивті құрылымдарда, жақсыз сөйлемдерде), стилистикалық нормаларды сақтау
  • 11.4.4 жай, күрделі (оқшауланған мүшелермен, кіріспе сөздермен, қыстырма құрылымдармен) және байланысу түрлері әртүрлі құрмалас сөйлемдерде тыныс белгілерді қолдану

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Әлеуметтік теңсіздік – қоғамның ғаламдық проблемасы. Синтаксис. Стилистика

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым 11.1.1, 11.1.3
Оқылым 11.2.1, 11.2.2
Жазылым 11.3.1, 11.3.2
Әдеби тіл нормаларын сақтау 11.4.3

Ғылыми-техникалық прогресс: жасанды және табиғи интеллект. Орфография. Синтаксис. Стилистика

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым 11.1.2, 11.1.5
Оқылым 11.2.4, 11.2.6
Жазылым 11.3.1, 11.3.4
Әдеби тіл нормаларын сақтау 11.4.1, 11.4.3

2-тоқсан

Қазіргі әлемдегі театр. Стилистика. Сөйлеу мәдениеті

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым 11.1.1, 11.1.2
Оқылым 11.2.4, 11.2.5
Жазылым 11.3.4, 11.3.5
Әдеби тіл нормаларын сақтау 11.4.2

Қазіргі қоғам: көші-қон проблемалары. Стилистика мен сөйлеу мәдениеті

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым 11.1.3, 11.1.4
Оқылым 11.2.1, 11.2.3
Жазылым 11.3.2, 11.3.3
Әдеби тіл нормаларын сақтау 11.4.2

3-тоқсан

XXI ғасырдағы заманауи медицина. Синтаксис және пунктуация

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым 11.1.6
Оқылым 11.2.2, 11.2.3, 11.2.4
Жазылым 11.3.5, 11.3.7, 11.3.4
Әдеби тіл нормаларын сақтау 11.4.4

Жастар мәдениеті: жас ұрпақ мәселелері. Синтаксис және пунктуация

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым 11.1.6, 11.1.4
Оқылым 11.2.6, 11.2.7, 11.2.8
Жазылым 11.3.5, 11.3.7
Әдеби тіл нормаларын сақтау 11.4.4

4-тоқсан

Бейбітшілік пен қауіпсіздік. Орфография

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым 11.1.5, 11.1.6
Оқылым 11.2.2, 11.2.8, 11.2.9
Жазылым 11.3.6, 11.3.7
Әдеби тіл нормаларын сақтау 11.4.1

Тарихи мұра және ескерткіш. Синтаксис. Пуктуация

Тақырып Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым 11.1.6
Оқылым 11.2.4, 11.2.8, 11.2.9
Жазылым 11.3.4, 11.3.5, 11.3.6
Әдеби тіл нормаларын сақталуы 11.4.3, 11.4.4
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 11-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.