Оқу бағдарламалары
Орыс тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 4‑сынып (қазақ тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
4‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
Бөлімсіз
- 4.1.1.1 ауызекі сөйлеу тілін, бейне және аудио материалды тыңдау және түсіну
- 4.1.2.1 мәнмәтінге қарап таныс емес сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын анықтау
- 4.1.3.1 сұрақтарға жауап беру және тыңдалған мәтіндегі негізгі ойларды анықтау
- 4.1.4.1 тыңдалған мәтіндегі себеп-салдар байланысын (оқиғалар, кейіпкерлер) және негізгі ойды анықтау
- 4.1.5.1 аудиовизуалды материалдағы негізгі сәттерді анықтау
- 4.2.1.1 әрекетке түсініктеме бере отырып, әңгімені жалғастыру үшін қажетті сөздерді қолдану
- 4.2.2.1 мәтіннің басында берілген ақпаратқа қарап сөйлем құрау
- 4.2.3.1 сөйлеcу жағдаятына қатысу, әңгімелесушінің не туралы айтып жатқанын түсіну, сөйлеу нормаларын сақтай отырып, оның сөзін нақтылау, анықтау, өз сөзімен айту
- 4.2.4.1 жоспарды пайдалана отырып, тыңдаушының назарын аудару үшін мәтінді егжей-тегжейлі айтып беру
- 4.2.5.1 тыңдаған/ көрген сөз тіркестерін пайдалана отырып, аудиовизуалды материал негізінде өз көзқарасын білдіру/ жеке әсерлерімен бөлісу
- 4.2.6.1 өз көзқарасын білдіре отырып, бағалау пікірлерін білдіру ("менің ойымша …", "менің көзқарасым бойынша …")
- 4.2.7.1 сөздердің айтылу ережелерін сақтау, оның ішінде екпінді орналастырудың қиын жағдайларында
- 4.3.1.1 мәтінді оқу түрлерін пайдалана отырып оқу (шолып және іріктеп оқу, рөлдік оқу)
- 4.3.2.1 таныс емес сөздері бар шағын мәтіннің тақырыбын, негізгі бөліктерін (басы, ортасы, соңы) түсіну және анықтау
- 4.3.3.1 әр түрлі мәтіндердің жанрларын анықтау (жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, ертегі, өлең, әңгіме), әңгімелеу/ сипаттау/пайымдау мәтіндерін ажырату
- 4.3.4.1 мәтін мазмұны бойынша бағалау сұрақтарын құрастыру
- 4.3.5.1 әртүрлі көздерден ақпаратты табу және алу: сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар, интернет ресурстары, инфографика
- 4.4.1.1 берілген тақырып бойынша шағын мәтіндер жазу / комикс (иллюстрация) түріндегі әңгімелерді ұсыну
- 4.4.2.1 тыңдаған/ оқыған/көргені бойынша шағын мәтін жазу (мұғалімнің көмегімен)
- 4.4.3.1 шағын мәтіндер құрастыру кезінде сөйлемде қажетті тыныс белгілерін қолдану
- 4.4.4.1 каллиграфия дағдыларын жетілдіру: бас әріптердің, кіші әріптердің биіктігін, енін және көлбеуін және олардың байланыстарын сақтау
- 4.5.1.1 жазбаша және ауызша сөйлеуде заттың атын, заттың сынын, заттың санын білдіретін сөздер мен есімдіктерден құралған құрылымдарды ажырату, қолдану
- 4.5.1.2 санау кезіндегі ретті білдіретін және заттың сынын білдіретін сөздерді род, жекеше, көпше түрде, септікте заттың атын білдіретін сөздермен қолдану және үйлестіру
- 4.5.1.3 қызметтің аяқталғанын және аяқталмағанын білдіретін сөздерді қолдану
- 4.5.1.4 сөйлемдегі/қысқа мәтіндегі келесі мағынасындағы демеуліктерді түсініп, қолдану: в, на –әрекет орны, в, на – қозғалыс бағыты, из, с –қозғалыстың бастапқы нүктесі, о – сөйлеу, ой, в –уақыт, с – үйлесімділік, у – бір нәрсеге ие тұлға
- 4.5.1.5 заттың сынын білдіретін сөздерді заттың атын білдіретін сөздермен қиыстыру, заттарға түсі, пішіні, өлшемі, материалы бойынша сынын келістіру
- 4.5.1.6 и, а, но шылаулары бар құрмалас сөйлемдерді қолдану
- 4.5.1.7 сөйлеуде жіктеу және сұрау, болымсыз (никто, ничто) және өздік (себя) есімдіктерінің септік формаларын қолдану
- 4.5.1.8 қимылдың сынын білдіретін сөздерді: интересно, важно, трудно, скучно, приятно, олардың салыстырмалы шырайын, сонымен қатар надо, нужно, можно, нельзя сөздерін қолдану
- 4.5.2.1 жазылуы айтылуынан өзгеше сөздерді жазу/көшіру (мұғалімнің көмегімен)
- 4.5.2.2 орфографиялық сөздігін пайдаланып таныс емес сөздерді жазу
- 4.5.2.3 күрделі демеуліктерді дұрыс жазу (из-за, из-под)
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Тыңдалым (тыңдау)
Айтылым
Оқылым
Жазылым
Тілдік нормаларды қолдану
2-тоқсан
Тыңдалым (тыңдау)
Айтылым
Оқылым
Жазылым
Тілдік нормаларды қолдану
3-тоқсан
Тыңдалым (тыңдау)
Айтылым
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 2.3 Тілдесудің түрлі жағдаяттарына қатысу және сөйлеу нормаларын сақтау | 4.2.3.1 |
| 2.4 Тыңдаған/оқыған материалды мазмұндау | 4.2.4.1 |
| 2.5 Аудиовизуалды материал негізінде дәлелді пікір айту | 4.2.5.1 |
| 2.6 Оқыған/ тыңдаған материалы бойынша бағалау пікірін айту | 4.2.6.1 |
| 2.7 Орфоэпиялық нормаларды сақтау | 4.2.7.1 |