Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Орыс тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 3‑сынып (қазақ тілінде оқытатын мектептерге)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат

Оқу мақсаттары

3‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

Бөлімсіз

  • 3.1.1.1 жай сөз тіркестерін қайталай отырып, ауызша сөйлеуді, бейне және аудиоматериалды тыңдау және түсіну, жеке пікірлердің мағынасын анықтау үшін нақтылайтын сұрақтар қою
  • 3.1.2.1 сөйлемдегі және мәтіндегі сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
  • 3.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжет бойынша иллюстрацияларды таңдау
  • 3.1.4.1 мұғалімнің көмегімен тыңдалған мәтіннің негізгі және қосымша ақпараты мен негізгі ойын анықтау
  • 3.1.5.1 оқиғаларды, аудиовизуалды материалдың кейіпкерлерін түсіну және сипаттау
  • 3.2.1.1 сөйлеуде әртүрлі мәнмәтінде тақырыптық лексиканы қолдану
  • 3.2.2.1 мұғалім ұсынған тақырып негізінде пікір білдіру
  • 3.2.3.1 белгілі бір тақырыптағы сөйлесу жағдаятына қатысу, сұхбаттасушының не туралы айтып тұрғанын түсіну, сөйлеу нормаларын сақтай отырып, әңгімелесушінің пікірлерін толықтыру
  • 3.2.4.1 жоспарды пайдаланып, мәтінді мазмұндау
  • 3.2.5.1 бейне және аудио материалдардағы оқиғаларды сипаттау, өмірлік жағдаяттармен салыстыру
  • 3.2.6.1 тыңдаған/ оқылған материал туралы бағалау пікірін білдіру ("менің ойым …", "меніңше, …")
  • 3.2.7.1 сөздердің дұрыс айтылу ережесін сақтау
  • 3.3.1.1 оқу түрлерін пайдаланып, мәтінді немесе оның бөліктерін мәнерлеп оқу (шолып оқу, рөлдерге бөліп оқу)
  • 3.3.2.1 таныс сөздер мен фразалары бар шағын мәтіннің тақырыбын, негізгі бөліктерін (басы, ортасы, соңы) түсіну және анықтау
  • 3.3.3.1 әртүрлі мәтіндердің жанрларын анықтау (жұмбақ, мақал, ертегі, өлең, әңгіме)/ әңгімелеу/сипаттау мәтіндерін ажырата білу
  • 3.3.4.1 мәтіннің мазмұны бойынша нақтылау сұрақтарын құрастыру
  • 3.3.5.1 білім алушыларға арналған сөздіктер мен анықтамалықтардан ақпаратты табу және алу
  • 3.4.1.1 сипаттау сөздерді пайдалана отырып, осы тақырып/иллюстрация бойынша постер құру/ сөйлемдер жазу
  • 3.4.2.1 тыңдағаны/ оқығаны/ көргені негізінде шағын жазбалар жазу (мұғалімнің көмегімен)
  • 3.4.3.1 жай сөйлемнің соңында тыныс белгілерді қолдану
  • 3.4.4.1 кең жолды дәптерге жазу; каллиграфиялық дағдыларды игеру: бас әріптер мен кіші әріптердің және олардың бірігуінің биіктігін, енін көлбеулігін сақтап жазу
  • 3.5.1.1 жазбаша және ауызша сөйлеуде заттың атын/ сынын /қимылын білдіретін сөздерді ажырату және қолдану, оларды жекеше/көпше түрде өзгерту
  • 3.5.1.3 әрекеттің аяқталуы мен аяқталмауын білдіретін сөздерді түсіну және ажырату
  • 3.5.1.4 сөйлемдерде келесі мағынасы бар демеуліктерді түсіну және қолдану: в, на –әрекет орны, в, на – қозғалыс бағыты, из, с –қозғалыстың бастапқы нүктесі, о – сөйлеу, ой, в –уақыт, с – үйлесімділік, у – бір нәрсеге ие тұлға
  • 3.5.1.5 заттың сынын білдіретін сөздерді үйлестіру және қолдану, берілген тақырып бойынша заттарға түрі, түсі, пішіні, көлемі, материалы бойынша тән белгілерді таңдау
  • 3.5.1.6 ұсынылған үлгі бойынша и, а, но шылаулары бар құрмалас сөйлемдерді қолдану
  • 3.5.1.7 сөйлеу барысында есімдіктерді қолдану
  • 3.5.2.1 есту бойынша қабылданған, айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді жазу
  • 3.5.2.2 орфографиялық сөздікті қолданып жаңа сөздер жазу (мұғалімнің көмегімен)
  • 3.5.2.3 сөздер мен демеуліктерді бөлек жазу

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Тыңдалым (тыңдау)

Тақырып Оқу мақсаттары
1.1 Тыңдау әдістерін пайдалану 3.1.1.1
1.2 Сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын түсіну 3.1.2.1
1.3 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну 3.1.3.1

Айтылым

Тақырып Оқу мақсаттары
2.1 Сөздік қорды толықтыру 3.2.1.1
2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу 3.2.2.1
2.3 Тілдесудің түрлі жағдаяттарына қатысу және сөйлеу нормаларын сақтау 3.2.3.1
2.7 Орфоэпиялық нормаларды сақтау 3.2.7.1

Оқылым

Тақырып Оқу мақсаттары
3.1 Оқу түрлерін қолдану 3.3.1.1
3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну 3.3.2.1

Жазылым

Тақырып Оқу мақсаттары
4.1 Әртүрлі ұсыну формаларын пайдалана отырып, мәтін жазу 3.4.1.1
4.3 Тыныс белгілерінің нормаларын сақтау 3.4.3.1
4.4 Каллиграфиялық нормаларды сақтау 3.4.4.1

Тілдік нормаларды қолдану

Тақырып Оқу мақсаттары
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (терминдерді қолданбай) 3.5.1.1, 3.5.1.7
5.2 Орфографиялық нормаларды сақтау 3.5.2.1, 3.5.2.2, 3.5.2.3

2-тоқсан

Тыңдалым (тыңдау)

Тақырып Оқу мақсаттары
1.1 Тыңдау әдістерін пайдалану 3.1.1.1
1.5 Тыңдаған аудиовизуалды материалды түсіну 3.1.5.1

Айтылым

Тақырып Оқу мақсаттары
2.1 Сөздік қорды толықтыру 3.2.1.1
2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу 3.2.2.1
2.6 Оқыған/ тыңдаған материалы бойынша бағалау пікірін айту 3.2.6.1
2.7 Орфоэпиялық нормаларды сақтау 3.2.7.1

Оқылым

Тақырып Оқу мақсаттары
3.1 Оқу түрлерін қолдану 3.3.1.1
3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну 3.3.2.1
3.3 Мәтін жанрлары мен түрлерін анықтау 3.3.3.1
3.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу 3.3.5.1

Жазылым

Тақырып Оқу мақсаттары
4.2 Тыңдалған /оқылған материалдың мазмұнын баяндау 3.4.2.1
4.3 Тыныс белгілерінің нормаларын сақтау 3.4.3.1
4.4 Каллиграфиялық нормаларды сақтау 3.4.4.1

Тілдік нормаларды қолдану

Тақырып Оқу мақсаттары
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (терминдерді қолданбай) 3.5.1.1, 3.5.1.7
5.2 Орфографиялық нормаларды сақтау 3.5.1.5, 3.5.2.1, 3.5.2.2

3-тоқсан

Тыңдалым (тыңдау)

Тақырып Оқу мақсаттары
1.4 Негізгі және қосымша ақпаратты анықтау 3.1.4.1
1.5 Тыңдаған аудиовизуалды материалды түсіну 3.1.5.1

Айтылым

Тақырып Оқу мақсаттары
2.3 Тілдесудің түрлі жағдаяттарына қатысу және сөйлеу нормаларын сақтау 3.2.3.1
2.4 Тыңдаған/ оқыған материалды мазмұндау 3.2.4.1
2.5 Аудиовизуалды материал негізінде дәлелді пікір айту 3.2.5.1
2.6 Оқыған/ тыңдаған материалы бойынша бағалау пікірін білдіру 3.2.6.1
2.7 Орфоэпиялық нормаларды сақтау 3.2.7.1

Оқылым

Тақырып Оқу мақсаттары
3.1 Оқу түрлерін қолдану 3.3.1.1
3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну 3.3.2.1
3.3 Мәтін жанрлары мен түрлерін анықтау 3.3.3.1
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру 3.3.4.1

Жазылым

Тақырып Оқу мақсаттары
4.1 Әртүрлі ұсыну формаларын пайдалана отырып, мәтін жазу 3.4.1.1
4.2 Тыңдалған /оқылған материалдың мазмұнын баяндау 3.4.2.1
4.4 Каллиграфиялық нормаларды сақтау 3.4.4.1

Тілдік нормаларды қолдану

Тақырып Оқу мақсаттары
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (терминдерді қолданбай) 3.5.1.3, 3.5.1.4, 3.5.1.6
5.2 Орфографиялық нормаларды сақтау 3.5.2.3

4-тоқсан

Тыңдалым (тыңдау)

Тақырып Оқу мақсаттары
1.2 Сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын түсіну 3.1.2.1
1.3 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну 3.1.3.1
1.4 Негізгі және қосымша ақпаратты анықтау 3.1.4.1

Айтылым

Тақырып Оқу мақсаттары
2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу 3.2.2.1
2.4 Тыңдаған/оқыған материалды мазмұндау 3.2.4.1
2.5 Аудиовизуалды материал негізінде дәлелді пікір айту 3.2.5.1
2.7 Орфоэпиялық нормаларды сақтау 3.2.7.1

Оқылым

Тақырып Оқу мақсаттары
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру 3.3.4.1
3.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу 3.3.5.1

Жазылым

Тақырып Оқу мақсаттары
4.1 Әртүрлі ұсыну формаларын пайдалана отырып, мәтін жазу 3.4.1.1
4.2 Тыңдалған /оқылған материалдың мазмұнын баяндау 3.4.2.1

Тілдік нормаларды қолдану

Тақырып Оқу мақсаттары
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (терминдерді қолданбай) 3.5.1.3, 3.5.1.4, 3.5.1.5, 3.5.1.6
5.2 Орфографиялық нормаларды сақтау 3.5.2.2

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.