Оқу бағдарламалары
Орыс тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт, орыс тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Тыңдалым және айтылым
- 10.1.1 мәтіннің негізгі және детальды ақпаратын түсіну, тыңдалған ақпаратқа сыни көзқарасын білдіру; мақсатты аудиторияны, жанрларды анықтау
- 10.1.2 тыңалған мәтіннің мағыналық бөліктерін және олардың шағын тақырыптарын айқындау арқылы негізгі ойды анықтау
- 10.1.3 мәтінде көтерілген мәселе бойынша мазмұнын болжау
- 10.1.4 өз ұстанымын дәлелдеп және проблеманы шешудің әртүрлі жолдарын ұсына отырып, пікірсайысқа қатысу
- 10.1.5 әлеуметтiк-саяси, әлеуметтiк-мәдени және оқу-ғылыми салалар шеңберiнде кемiнде 3 шағын тақырыпты қамтитын кең көлемді монолог (берілген тақырыпты талқылау, сендіру) құру
- 10.1.6 тыңдалған материалды ақпараттың сенімділігі, өзектілігі тұрғысынан өз пікірін білдіре отырып, бағалау
2-бөлім. Оқылым
- 10.2.1 тыңдалған ақпаратқа сыни көзқарасын білдіре отырып, тұтас және тұтас емес мәтіндегі негізгі, детальды, жасырын ақпаратты түсіну; мақсатты аудиторияны, жанрларды анықтау
- 10.2.2 мәтіндегі негізгі ойды берудегі ескертпелер, иллюстрациялар, тақырыпшалардың рөлін анықтау
- 10.2.3 арнайы лексика, аббревиатура, перифраза, аллюзия, эвфемизмдер мен мәтіндегі басқа да сөйлеу құралдарының қолданылуын түсіну
- 10.2.4 әртүрлі жанрдағы ғылыми танымал стильдегі (мақала, эссе, очерк, конспект), публицистикалық стильдегі мәтіндердің (ескерту, пресс-релиз, сапар очеркі) түрлерін, белгілері мен тілдік ерекшеліктерін анықтау
- 10.2.5 оқылған мәтін бойынша зерттеу сұрақтары мен идеялар құрастыру
- 10.2.6 шолып оқу, сканерлеу және детальды оқу тәсілдерін қолдану
- 10.2.7 ақпаратты әртүрлі дереккөздерден алу және жинақтау, түрлі көзқарастарды салыстыру
- 10.2.8 тақырыпты, негізгі идеяны, проблеманы, мақсатты, мақсатты аудиторияны, автордың ұстанымын ескере отырып, мәтіннің стилистикалық ерекшеліктерін (композициялық, тілдік және жанрлық) салыстыру
- 10.2.9 сөйлемнің мазмұнын тақырыппен, негізгі идеямен, автор ұстанымымен салғастыра отырып, түсіндіру
3-бөлім. Жазылым
- 10.3.1 жоспар түрлерін, оның ішінде атау және сұрақ жоспарларын құру
- 10.3.2 тыңдалған, оқылған және аудиовизуалды материалдың мазмұнын толық және қысқа жоспар, толық немесе қысқаша мазмұндау, тезистер, түйіндемелер, конспектілер түрінде жеткізу
- 10.3.3 ақпаратты график, кесте, диаграмма, сұлба, АКТ көмегімен инфографика түрінде ұсыну
- 10.3.4 мақсатты, мақсатты аудиторияны және сөйлеу жағдайын ескере отырып, әртүрлі жанрдағы ғылыми-танымал стильдегі (мақала, эссе, очерк, конспект), публицистикалық стильдегі (жазба, баспасөз хабарламасы, сапар очеркі) мәтін түрлерін құрастыру
- 10.3.5 ғылыми және публицистикалық әдебиеттерді сыни талдай отырып, автормен келісетінін/келіспейтінін білдіріп және дәлелдей отырып эссе түрлерін жазу
- 10.3.6 оқырманға әсер ету құралдарын пайдаланып, әртүрлі жанрдағы сипаттама және хабарлама мәтіндерін жазу
- 10.3.7 мақсатты, мақсатты аудитория, қарым-қатынас жағдайын және оқырманға әсер етуді ескере отырып, мәтінде кездесетін барлық қателерді түзету және редакциялау
4-бөлім. Әдеби тіл нормаларын сақтау
- 10.4.1 орфографиялық нормаларды сақтау
- 10.4.2 ресми-іскерлік стильдегі, публицистикалық және ғылыми стильдегі лексиканы, қарым-қатынас мақсаты мен жағдаятқа сәйкес стилистикалық фигураларды қолдану
- 10.4.3 сөзжасамдық және морфологиялық нормаларды (абстрактілі семантиканың етістіктерін, ауыспалы осы шақ етістіктерін қолдану) сақтау
- 10.4.4 жай, күрделі (оқшауланған мүшелермен, кіріспе сөздермен, қыстырма құрылымдармен) және құрмалас сөйлемдерде тыныс белгілерді қолдану
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.