Оқу бағдарламалары
Қазақ тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 4‑сынып (орыс тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 4 сағат, жылына 136 сағат
Оқу мақсаттары
4‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Тыңдалым
1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну
- 4.1.1.1 анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру
1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
- 4.1.2.1 бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну
1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
- 4.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/ кесте толтыру /кластер құрастыру
1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттар ды түсіну
- 4.1.4.1 тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) анықтау
1.5 Тыңдалым материалын болжау
- 4.1.5.1 тыңдаған оқиға/әңгіме бөліктерінің жалғасын болжау
2-бөлім. Айтылым
2.1 Сөздік қорды толықтыру
- 4.2.1.1 берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
2.2 Берілген тақырып бойынша сөйлеу
- 4.2.2.1 берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
- 4.2.3.1 белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау
- 4.2.4.1 жоспар/жазбалар ын қолданып, мәтінді толық мазмұндау
2.5 Оқыған/тыңдаған материал бойынша пікірін білдіру
- 4.2.5.1 шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша,... оның пікірінше,... оның айтуынша,..., кейбір адамдардың ойынша,...) салыстыра отырып бағалау
2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау
- 4.2.6.1 айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту
3-бөлім. Оқылым
3.1 Оқу түрлерін қолдану
- 4.3.1.1 мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу
3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
- 4.3.2.1 бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
- 4.3.3.1 мәтіннің жанрын (мақал-мәтелдер, бата, аңыз, мысал, өсиет әңгімелердің) жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
- 4.3.4.1 мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру
3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу
- 4.3.5.1 қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер, инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу және ақпаратты кестеге салу (жіктеу)/сызба түрінде беру
4-бөлім. Жазылым
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
- 4.4.1.1 шағын сюжетті комикс/буклет/коллаж/жарнама/презентацияны сөйлемдермен толықтыру
4.2 Тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын жазу
- 4.4.2.1 оқыған/аудио/ бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу
4.3 Пунктуациялық нормаларды сақтау
- 4.4.3.1 сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгісін (үтір, қос нүкте)/қаратпа сөзден кейінгі сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қолдану
4.4 Каллиграфиялық дағдыларды дамыту
- 4.4.4.1 каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу
4.5 Орфографиялық дағдыларды дамыту
- 4.4.5.1 мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс жазу
- 4.4.5.2 сөзге қосымшалар жалғау кезінде үндестік заңын сақтау
5-бөлім. Тілдік нормаларды қолдану
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
- 4.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен шылауларды, көмекші сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
- 4.5.1.2 көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
- 4.5.1.3 өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану
- 4.5.1.4 септік/жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану
- 4.5.1.5 сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Тыңдалым
Айтылым
Оқылым
Жазылым
Тілдік дағдылар
Тыңдалым
Айтылым
Оқылым
Жазылым
Тілдік дағдылар
2-тоқсан
Тыңдалым
Айтылым
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 2.1 Сөздік қорды толықтыру | 4.2.1.1 |
| 2.2 Берілген тақырып бойынша ойды жеткізу | 4.2.2.1 |
| 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) | 4.2.3.1 |
| 2.4 Оқыған/ тыңдаған материалды мазмұндау | 4.2.4.1 |
| 2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту | 4.2.5.1 |
| 2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау | 4.2.6.1 |
Оқылым
Жазылым
Тілдік дағдыларды қолдану
Тыңдалым
Айтылым
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 2.1 Сөздік қорды толықтыру | 4.2.1.1 |
| 2.2 Берілген тақырып бойынша ойды жеткізу | 4.2.2.1 |
| 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) | 4.2.3.1 |
| 2.4 Оқыған/ тыңдаған материалды мазмұндау | 4.2.4.1 |
| 2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту | 4.2.5.1 |
| 2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау | 4.2.6.1 |