Оқу бағдарламалары
Қазақ тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 3‑сынып (орыс тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат
Оқу мақсаттары
3‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Тыңдалым
1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну
- 3.1.1.1 анық айтылған сөзді тыңдап, түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау
1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
- 3.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну
1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
- 3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/ кесте толтыру/ мазмұндау
1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттар ды түсіну
- 3.1.4.1 тыңдаған мәтіннің тақырыбын, жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді, мұғалімнің қолдауымен оқиғалар ретін анықтау
1.5 Тыңдалым материалын болжау
- 3.1.5.1 тыңдаған фразаның алдындағы немесе кейінгі оқиғаны болжау
2-бөлім. Айтылым
2.1 Сөздік қорды толықтыру
- 3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
2.2 Берілген тақырып бойынша сөйлеу
- 3.2.2.1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
- 3.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру
2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау
- 3.2.4.1 жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау
2.5 Оқыған/тыңдаған материал бойынша пікірін білдіру
- 3.2.5.1 оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша..., менің көзқарасым бойынша..., себебі...) дәлелдеу
2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау
- 3.2.6.1 мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту
3-бөлім. Оқылым
3.1 Оқу түрлерін қолдану
- 3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/ рөлге бөліп оқу
3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
- 3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
- 3.3.3.1 мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, әңгімелеу/сипаттау мәтінін анықтау
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
- 3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру
3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу
- 3.3.5.1 сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу
4-бөлім. Жазылым
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
- 3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/ мәтін құрастыру
4.2 Тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын жазу
- 3.4.2.1 оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу
4.3 Пунктуациялық нормаларды сақтау
- 3.4.3.1 өз бетінше жай сөйлемнің соңында қойылатын тыныс белгілерді қолдану
4.4 Каллиграфиялық дағдыларды дамыту
- 3.4.4.1 кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу
4.5 Орфографиялық дағдыларды дамыту
- 3.4.5.1 жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазу
- 3.4.5.2 дауыссыз б-п, қ-ғ, кг дыбыстары кездесетін сөздердің емлесін сақтап жазу
5-бөлім. Тілдік нормаларды қолдану
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
- 3.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/ сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
- 3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/ септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
- 3.5.1.3 мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану
- 3.5.1.4 мұғалімнің қолдауымен жіктеу есімдіктерінің септелуін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану
- 3.5.1.5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.