Оқу бағдарламалары
Қазақ тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 2‑сынып (орыс тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат
Оқу мақсаттары
2‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Тыңдалым
1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну
- 2.1.1.1 баяу және анық айтылған сөзді тыңдау және интонациясы бойынша сұраулы және лепті сөйлемдерді ажырату
1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
- 2.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын түсіну
1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
- 2.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1-1,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау/сипаттау
1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттар ды түсіну
- 2.1.4.1 тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну мұғалімнің қолдауымен жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтау
1.5 Тыңдалым материалын болжау
- 2.1.5.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздері, сөз тіркестері бойынша мазмұнын болжау
2-бөлім. Айтылым
2.1 Сөздік қорды толықтыру
- 2.2.1.1 өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөздер және сөз тіркестерін қолдану
2.2 Берілген тақырып бойынша сөйлеу
- 2.2.2.1 сюжетті сурет негізінде сөйлеу (2-3 сөйлем)
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
- 2.2.3.1 күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда қызығушылығы бойынша сұхбаттасына сұрақ қою, диалогке қатысу барысында этикет сөздерді қолдану
2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау
- 2.2.4.1 суретті жоспар және тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндау
2.5 Оқыған/тыңдаған материал бойынша пікірін білдіру
- 2.2.5.1 мәлімет, кейіпкер, оқиғаларды салыстыру негізінде қарапайым пікір ("мен... деп ойлаймын", "мен... деп санаймын", "маған... сияқты", "маған... тәрізді") білдіру
3-бөлім. Оқылым
3.1 Оқу түрлерін қолдану
- 2.3.1.1 шағын мәтінді түсініп, мәнерлеп (дауыс ырғағын дұрыс қойып)/рөлге бөліп оқу
3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
- 2.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалардың/сөйлемдердің мағынасын түсіну
3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
- 2.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, жаңылтпаш, жұмбақ, ертегі, әңгіме) ажырату
3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу
- 2.3.5.1 мұғалімнің қолдауымен сөздік, анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу
4-бөлім. Жазылым
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
- 2.4.1.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттерді қолданып, постер/мәтін құрастыру
4.2 Тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын жазу
- 2.4.2.1 оқыған/ аудио/бейнематериалдың мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сұраққа жауап (сөйлем) жазу
4.3 Пунктуациялық нормаларды сақтау
- 2.4.3.1 мұғалімнің қолдауымен сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату және тиісті тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қолдану
4.4 Каллиграфиялық дағдыларды дамыту
- 2.4.4.1 бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын, азат жолдың және тақырыптың өлшемін сақтап жазу
4.5 Орфографиялық дағдыларды дамыту
- 2.4.5.2 сөзді буынға бөлу және мұғалімнің қолдауымен сөзді тасымалдап жазу
5-бөлім. Тілдік нормаларды қолдану
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
- 2.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
- 2.5.1.2 мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі көптік/ тәуелдік/ септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
- 2.5.1.3 мұғалімнің қолдауымен сөйлемдегі етістіктің шақ, рай формаларын ауызша сөйлеу тілінде қолдану
- 2.5.1.4 мұғалімнің қолдауымен сөйлеу барысында есімдіктерді (сілтеу, сұрау есімдіктерін) қолдану
- 2.5.1.5 мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын түсіну және сақтау
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Тыңдалым
Айтылым
Оқылым
Жазылым
Тілдік дағдылар
Тыңдалым
Айтылым
Оқылым
Жазылым
Тілдік дағдылар
2-тоқсан
Тыңдалым
Айтылым
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 2.1 Сөздік қорды толықтыру | 2.2.1.1 |
| 2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу | 2.2.2.1 |
| 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) | 2.2.3.1 |
| 2.4 тыңдалған / оқылған материалды қайталау | 2.2.4.1 |
| 2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту | 2.2.5.1 |
| 2.6 Оқылған/ тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру |