Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат
Оқу мақсаттары
9‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Қимыл-қозғалыс іс-әрекеттері
1.1 Түрлі арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындау кезіндегі дәлдікті, бақылауды және үйлесімділікті дамыту
- 9.1.1.1 үлкен ауқымдағы арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін, бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты салыстыру
1.2 Түрлі қимыл-қозғалыс комбинацияларын құру және оларды дене жаттығуларын орындауда қолдану реттілігі
- 9.1.2.1 қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жеткілікті техникалық деңгейде негіздеу және қолдана білу
1.3 Арнайы спорттық техникаларды орындау кезінде қимыл-қозғалыс дағдыларын және олардың орындалу ретін түрлендіру
- 9.1.3.1 арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түрлендіре білу
1.4 Қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындауды жақсарту үшін өзінің және өзгелердің біліктіліктерін бағалау
- 9.1.4.1 қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін бағалай білу
1.5 Бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегиялары мен құрылымдық идеяларын қолдану және бағалау
- 9.1.5.1 кең ауқымдағы дене жаттығулары ның түрлі тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын құра, талдай және салыстыра білу
1.6 Қиындықты жеңе білу және қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қауіп-қатерлерге жауап қайтара білу
- 9.1.6.1 қимыл-қозғалыс белсенділігі мен байланысты қиындықтарды жеңе және жауап қайтара білу дағдыларын бағалай білу
2-бөлім. Шығармашылық қабілеттер және қимыл-қозғалыс дағдылары арқылы сыни көзқарасты қалыптастыру
2.1 Қимыл-қозғалыс әрекеттері арқылы өзгермелі жағдайға жауап қайтара білуге бейімделу
- 9.2.1.1 өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді бағалай білу
2.2 Көшбасшылық, команда құрамында жұмыс істей білу дағдыларын дамыту және қолдану
- 9.2.2.1 көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді бағалау
2.3 Қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыруға қажет бірқатар тиімді дағдыларды көрсету
- 9.2.3.1 қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын бағалай білу
2.4 Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді бағалау
- 9.2.4.1 дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және бала түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді бағалай және салыстыра білу
2.5 Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін сыни тұрғыдан бағалау, оны шешудің балама жолдарын ұсыну
- 9.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін бағалай және талдай білу, оны шешудің қарапайым балама жолдарын ұсыну
2.6 Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін білу
- 9.2.6.1 жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін бағалай және талдау білу
2.7 Жарыс кезінде таза ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсету
- 9.2.7.1 жарыс кезінде таза ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсетуді талдай білу
2.8 Түрлі қимыл-қозғалыстармен шарттастырылған рөлдерді орындау және олардың айырмашылықтарын сезіне білу
- 9.2.8.1 түрлі қимыл-қозғалыс негіздері мен шарттастырылған рөлдерді бағалай және бейімдей білу
3-бөлім. Денсаулық және салауатты өмір салты
3.1 Жекебас денсаулығы және салауатты өмір салты туралы білімді қалыптастыру
- 9.3.1.1 салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жекебастың үлгісімен көрсету
3.2 Қыздырыну және қалпына келтіру жаттығуларын құру мен орындау
- 9.3.2.1 нақты дене шынықтыру сабақтарына арналған қыздырыну жаттығуларын құру, түсіндіру және өткізу, олардың ағзаны қалпына келтіру тиімділігін бағалау
3.3 Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын зерттеу
- 9.3.3.1 түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру және сипаттау
3.4 Денсаулық ты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын құру және қолдану
- 9.3.4.1 денсаулыққа қатысты күрделі мәселелерді, техника қауіпсіздігін, денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендетуді түсіне және мұқият сипаттай білу
3.5 Басқалар дың дене жаттығуларының тәжірибесін байыту мақсатында білім, біліктілік және дағдыларды қолдану
- 9.3.5.1 басқа адамдардың дене жаттығулары ның тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды бағалай білу
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.