Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Дене шынықтыру пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 8‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат

Оқу мақсаттары

8‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Қимыл-қозғалыс іс-әрекеттері

1.1 Түрлі арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындау кезіндегі дәлдікті, бақылауды және үйлесімділікті дамыту

  • 8.1.1.1 арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін, бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты дағдыларын көрсету

1.2 Түрлі қимыл-қозғалыс комбинацияларын құру және оларды дене жаттығуларын орындауда қолдану реттілігі

  • 8.1.2.1 кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін түсіндіру және көрсете білу

1.3 Арнайы спорттық техникаларды орындау кезінде қимыл-қозғалыс дағдыларын және олардың орындалу ретін түрлендіру

  • 8.1.3.1 арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсіндіре және көрсете білу

1.4 Қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындауды жақсарту үшін өзінің және өзгелердің біліктіліктерін бағалау

  • 8.1.4.1 қимыл-қозғалыс сапаларын орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра білу

1.5 Бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегиялары мен құрылымдық идеяларын қолдану және бағалау

  • 8.1.5.1 кең ауқымдағы дене жаттығулары ның тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтай және бағалай білу

1.6 Қиындықты жеңе білу және қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қауіп-қатерлерге жауап қайтара білу

  • 8.1.6.1 қимыл-қозғалыс белсенділігі мен байланысты қиындықтарды жеңе және жауап қайтара білу дағдыларын жақсарта білу

2-бөлім. Шығармашылық қабілеттер және қимыл-қозғалыс дағдылары арқылы сыни көзқарасты қалыптастыру

2.1 Қимыл-қозғалыс әрекеттері арқылы өзгермелі жағдайға жауап қайтара білуге бейімделу

  • 8.2.1.1 өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттері мен байланысты білімді көрсете білу

2.2 Көшбасшылық, команда құрамында жұмыс істей білу дағдыларын дамыту және қолдану

  • 8.2.2.1 көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді көрсете және қолдана білу

2.3 Қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыруға қажет бірқатар тиімді дағдыларды көрсету

  • 8.2.3.1 қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдана және көрсете білу

2.4 Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді бағалау

  • 8.2.4.1 дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және бала түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді қолдана және талқылай білу

2.5 Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін сыни тұрғыдан бағалау, оны шешудің балама жолдарын ұсыну

  • 8.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсете және салыстыра білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну

2.6 Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін білу

  • 8.2.6.1 жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін көрсете және салыстыра білу

2.7 Жарыс кезінде таза ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсету

  • 8.2.7.1 жарыс кезінде таза ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсетуді бағалай білу

2.8 Түрлі қимыл-қозғалыстармен шарттастырылған рөлдерді орындау және олардың айырмашылықтарын сезіне білу

  • 8.2.8.1 түрлі қимыл-қозғалыс негіздерімен шарттастырылған рөлдерді көрсете және салыстыра білу

3-бөлім. Денсаулық және салауатты өмір салты

3.1 Жекебас денсаулығы және салауатты өмір салты туралы білімді қалыптастыру

  • 8.3.1.1 салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жекебастың үлгісімен көрсету

3.2 Қыздырыну және қалпына келтіру жаттығуларын құру мен орындау

  • 8.3.2.1 қыздырыну және қалпына келтіру жаттығуларының кешенін құру, көрсету және оның маңыздылығын түсіну

3.3 Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын зерттеу

  • 8.3.3.1 түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру

3.4 Денсаулық ты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын құру және қолдану

  • 8.3.4.1 денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу

3.5 Басқалар дың дене жаттығуларының тәжірибесін байыту мақсатында білім, біліктілік және дағдыларды қолдану

  • 8.3.5.1 басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете білу

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

1‑бөлім Жеңіл атлетика арқылы денсаулық пен фитнес

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі. Төменгі сөре және сөрелік екпін 8.3.4.1
Орта қашықтыққа жүгіру дағдыларын дамыту 8.2.3.1, 8.3.2.1
Секіруді дамытуға арналған іс-шаралар 8.1.2.1
Лақтыру кезінде күш пен бұлшық ет төзімділігін дамыту 8.1.1.1, 8.3.5.1

2‑бөлім Ойын арқылы мәселелерді шешу дағдылары

Тақырып Оқу мақсаттары
Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру 8.1.1.1, 8.1.3.1, 8.2.4.1
Ойын құрылымы 8.1.2.1
Жарыс ойынын ұйымдастыру 8.1.5.1, 8.2.2.1, 8.2.1.1

2-тоқсан

3‑бөлім Гимнастика лық элементтер және оның түрлері

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі. Орнында және қозғалыста орындау жаттығулары 8.3.4.1
Акробатикалық жаттығуларды тізбегі: Тепе теңдік және секіру 8.3.2.1, 8.1.2.1
Снарядтағы гимнастикалық жаттығулар жиынтығы 8.1.5.1, 8.1.4.1
Еркін ритмикалық гимнастика жаттығулары 8.2.2.1, 8.3.5.1

4‑бөлім Қазақ халқының дәстүрлі ойындары

Тақырып Оқу мақсаттары
Қозғалмалы ойындар 8.2.7.1, 8.2.3.1, 8.3.5.1
Қазақ ұлттық ойындары 8.2.6.1, 8.2.5.1

3-тоқсан

5‑бөлім Шаңғы/кросс/коньки дайындығы

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі Жаттығу және тыныс алу техникасы арқылы физикалық қасиеттерді дамыту 8.3.4.1, 8.3.2.1
Арнаулы дамыту жаттығуларының техникалық дағдысын бекіту 8.3.1.1, 8.1.4.1
Әртүрлі кедергілерден жүгіру 8.1.3.1, 8.3.3.1

6‑бөлім Командалық ойын- белсенді қозғалыстың іс-әрекеті

Тақырып Оқу мақсаттары
Командалық ойындағы көшбасшылық 8.3.4.1, 8.2.2.1
Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту 8.2.8.1, 8.1.4.1
Логикалық ойлау қабілетін дамыту ойындары 8.2.3.1, 8.2.5.1
Сергектікті, тапқырлықты және ұқыптылықты дамыту ойындары 8.2.1.1, 8.2.6.1

4-тоқсан

7‑бөлім Командалық ойынның негізгі дағдысы

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі. Ойын техникасы 8.3.4.1, 8.1.1.1
Ойын тактикасы 8.1.2.1, 8.2.4.1
Ойындағы шығармашылық белсенділік 8.1.5.1, 8.2.8.1, 8.1.6.1

8‑бөлім Жеңіл атлетика дағдысы арқылы денсаулықты нығайту

Тақырып Оқу мақсаттары
Ойлы-қырлы жерлерден жүгіру 8.3.4.1
Төзімділікті дамыту бағытындағы іс-әрекеттер 8.2.5.1
Секіру фазаларын қолдану 8.3.3.1
Лақтырудағы фитнес құрамдастығы 8.1.3.1, 8.3.1.1

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.