Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Дене шынықтыру пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 4‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат

Оқу мақсаттары

4‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Қозғалыс әрекеттері

1.1 Негізгі қозғалыс дағдыларын дамыту: тірек-қозғалыс аппараты, денені және объектіні басқара білу

  • 4.1.1.1 түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде негізгі қозғалыс машықтарын түсіну және көрсету

1.2 Физикалық дамуға ықпал ететін түрлі дене жаттығуларында түйіндес қозғалыстарды жақсарту және орындау

  • 4.1.2.1 дене дамуына ықпал ететін түрлі жүйелі жаттығулар мен қозғалыстарды орындау сапасын арттыруды түсіну және көрсету

1.3 Кеңістікті, ағынды, салмақты, уақытты түсінгенін көрсету арқылы кезектілігін сақтап, жаттығуларды дұрыс әрі тиімді орындау

  • 4.1.3.1 қимылды орындаудың уақыт, кеңістік және бір қалыптылық туралы түсініктерін көрсететін бірқатар тиімді машықтарды және жүйеліліктерді түсіну және қолдана білу

1.4 Өзінің және басқалардың дене қозғалыстарын, кемшіліктерін және әлеуетін анықтау

  • 4.1.4.1 дене жаттығуларын шебер орындау үшін әлеуетті анықтап, қозғалыстың күшті және әлсіз жақтарын салыстыру

1.5 Өзінің және басқалардың қызметін жақсарту үшін негізгі қозғалыс әрекеттерді бағалау дамыту

  • 4.1.5.1 қолданылатын бірқатар іс-қимылдарды, кеңістікті, динамиканы және байланыстарды көрсете және түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының іс-қимылдарды орындауына ортақтасу

1.6 Қозғалыс қабілеттерін жақсарту үшін оқудың әр кезеңдерінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсіну

  • 4.1.6.1 жаттығулардың әр түрін орындау кезінде тәуекелдерді қысқарту және туындайтын қиындықтарды еңсеру қабілеттілігін көрсетіп, орындалатын жаттығулардың күрделілігінің деңгейін тани білу

2-бөлім. Қозғалыс дағдылары арқылы шығармашылық қасиеттер және сыни ойлау

2.1 Өзгеріп отыратын жағдайларда әрекет ету үшін балама шешімдер арқылы қозғалыспен байланысты жоспарларды, стратегияларды және идеяларды бейімдеу

  • 4.2.1.1 баламаларды анықтап және жасап қозғалыс идеяларын, стратегияларды және жоспарларды анықтау және ұйымдастыру

2.2 Команда жетекшісінің рөлін кезектесіп орындау арқылы мақсаттарға қол жеткізу үшін өз бетімен және бірлесе жұмыс істеу

  • 4.2.2.1 көшбасшылық рөлдерімен кезектесе алмасып, әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін өз бетінше және топта жұмыс істей білу

2.3 Қолайлы оқу ортасын құру үшін бірлесіп жұмыс істеуге дағдыларын білу мен түсіну

  • 4.2.3.1 түрлі дене жаттығулары орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, идеяларды, ресурстар кеңістік айрмашылығын білу

2.4 Бірқатар дене жаттығуларында ережелер мен құрылымдық амалдарды пайдалану, қолдану және жасау

  • 4.2.4.1 түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде ережелер мен құрылымдық тәсілдерді жасау және қолдану

2.5 Өзінің және басқалардың шығармашылық міндеттеріне сыни қарау, қажет болған жағдайда, құрылымдық ұсыныстар жасау

  • 4.2.5.1 орындаушыларға конструктивтік ұсыныстар жасау үшін шығармашылық тапсырмаларға қатысты өзінің сыни тұрғыдан көзқарасы мен басқалардың көзқарастарын біріктіру

2.6 Эмоциялар, көңіл-күйлер және тақырыптарды көрсету үшін бірқатар құрылымдық идеяларды дамыту

  • 4.2.6.1 белгілі бір тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жеткізу үшін бірқатар композициялық идеяларды анықтау және құрау

2.7 Физикалық жаттығулар кезінде жеке және топтық тапсырмаларды орындау барысында топпен жұмыс істеп, әділ жарыса білу, патриоттық сезімін дамыту

  • 4.2.7.1 топтық және дербес дене қимылдарында патриоттық сезімін, өзара іс-қимылдар мен адал бәсекелестікті көрсету

2.8 Түрлі қимыл контекстерінен туындаған рөлдерді орындау және олардың айырмашылықтарын түсіну

  • 4.2.8.1 түрлі әрекеттерді орындау кезінде түрлі рөлдермен, олардың айырмашылықтарын ұғына отырып, эксперимент жасау

3-бөлім. Денсаулық және салауатты өмір салты

3.1 Денсаулық пен салауатты өмір салтының дене белсенділігіне маңыздылығын түсіну

  • 4.3.1.1 дене жаттығулары үшін денсаулық және салауатты өмір салтын маңыздылығын талдау және түсіну

3.2 Дене жаттығуларын орындау барысында денені ширату мен босатудың қажеттілігін түсіну

  • 4.3.2.1 дене қызметімен айналысқан кезде, денені қыздыру және босаңсыту қажеттілігін көрсету және талқылау

3.3 Дене жаттығуларын орындау кезінде тыныс алу, жүрек соғысының жиілігі, дене қызуы сияқты ағзадағы физикалық өзгерістерді қалай бақылайтынын білу

  • 4.3.3.1 дене қимылдарын орындау кезінде немесе орындағаннан кейін белгілі бір физикалық өзгерістерді көру үшін бірқатар бақылау стратегияларын қолдану

3.4 Денсаулық жағдайын нығайтуға бағытталған бірқатар физикалық жүктемелерге қатысу барысында сәйкес әрекет етіп, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтау және оларды жеңе білу

  • 4.3.4.1 денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру үшін тиісті реакцияларды таңдау және қолдану

3.5 Мектептен тыс және мектеп ішіндегі физикалық қызметтерге қатысу үшін мүмкіндіктерін анықтау және ұсыну

  • 4.3.5.1 дене қимылдарына қатысудың түрлі мүмкіндіктерін, оларға қатысу мүмкіндіктерін алу жолдарын зерттейді және салыстыру

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

1‑бөлім Жүгіру, секіру және лақтыру

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі. Қысқа қашықтыққа жүгіру 4.3.4.1, 4.3.1.1
Ұзындыққа секіру негіздері 4.3.2.1, 4.3.3.1
Лақтырудың түрлерімен тәжірибелер 4.1.2.1
Жеңіл атлетика элементтері бар эстафета 4.1.1.1, 4.3.5.1

2‑бөлім Жеңілдетілген спорттық ойындар

Тақырып Оқу мақсаттары
Волейбол доптарымен ойындар 4.2.8.1
Спорттық ойындар 4.1.2.1, 4.2.2.1
Техникасы жеңіл тапсырмалар 4.2.1.1, 4.2.3.1
Топтағы негізгі жұмыстар 4.3.5.1

2-тоқсан

3‑бөлім Гимнастиканың негізгі элементтері

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі. Жалпы дамытуға арналған жаттығулар 4.3.4.1, 4.3.2.1
Акробатиканың жеңіл элементтері 4.1.2.1
Жеңіл гимнастикалық құралдармен жаттығулар 4.1.5.1, 4.1.4.1
Гимнастикалық құралдарға бағытталған тапсырмалар 4.2.2.1, 4.2.5.1

4‑бөлім Қазақ ұлттық ойындары

Тақырып Оқу мақсаттары
Қазақтың қозғалмалы ойындары 4.2.7.1, 4.3.5.1
Ұлттық зияткерлік ойындар 4.2.5.1, 4.2.6.1

3-тоқсан

5‑бөлім Шаңғы/кросс/ коньки даярлық негіздері

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі. Тапсырма арқылы дене шынықтыру компоненттерін дамыту 4.3.4.1, 4.3.3.1
Аэробикалық жаттығудың пайдасы 4.3.1.1, 4.1.4.1
Қашықтықтан өту тапсырмалары 4.1.5.1, 4.1.3.1

6‑бөлім Бірлескен және шытырман тапсырмалар арқылы оқыту

Тақырып Оқу мақсаттары
Басқалармен ынтымақтастық және көшбасшылық 4.3.4.1, 4.2.2.1
Шытырман және бірлескен тапсырмалар арқылы оқыту 4.2.8.1, 4.1.4.1
Ойындардағы қиялды дамыту 4.2.3.1, 4.2.5.1
Баскетбол элементтері бар ойындар 4.2.1.1, 4.2.6.1

4-тоқсан

7‑бөлім Қарым-қатынас орнату үшін ойындар

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі. Допты игеру дағдыларын дамыту 4.3.4.1, 4.2.8.1
Доппен жасалатын жаттығуларды құрастыру 4.2.6.1, 4.2.4.1
Ойындардағы топтық іс-әрекеттер 4.2.5.1, 4.1.2.1
Доппен түрлендірілген ойындар 4.1.6.1

8‑бөлім Денсаулық туралы білім алу және практика арқылы машықтандыру

Тақырып Оқу мақсаттары
Қозғалмалы ойындар дене шынықтырудың компоненті ретінде 4.3.4.1, 4.3.1.1
Жүгіру дағдылары мен денсаулықты нығайту 4.1.3.1, 4.1.5.1
Денсаулықты нығайтуға арналған ойындар мен эстафеталар 4.2.5.1, 4.2.2.1

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.