Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат
Оқу мақсаттары
6‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Қимыл-қозғалыс іс-әрекеттері
1.1 Түрлі арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындау кезіндегі дәлдікті, бақылауды және үйлесімділікті дамыту
- 6.1.1.1 аздаған ауқымдағы арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін, бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты дағдыларын қолдану
1.2 Түрлі қимыл-қозғалыс комбинацияларын құру және оларды дене жаттығуларын орындауда қолдану реттілігі
- 6.1.2.1 қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулар дағы реттілігін құру және орындай білу
1.3 Арнайы спорттық техникаларды орындау кезінде қимыл-қозғалыс дағдыларын және олардың орындалу ретін түрлендіру
- 6.1.3.1 арнайы спорттық техникалар ды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай білу
1.4 Қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындауды жақсарту үшін өзінің және өзгелердің біліктіліктерін бағалау
- 6.1.4.1 қимыл-қозғалыс сапаларын орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін түсіне және түсіндіре білу
1.5 Бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегиялары мен құрылымдық идеяларын қолдану және бағалау
- 6.1.5.1 бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын түсіну және қолдана білу
1.6 Қиындықты жеңе білу және қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қауіп-қатерлерге жауап қайтара білу
- 6.1.6.1 қимыл-қозғалыс белсенділігі мен байланысты қиындықтарды жеңу және қауіп-қатерге жауап қайтара білудің дағдыларын түсіну және қолдана білу
2-бөлім. Шығармашылық қабілеттер және қимыл-қозғалыс дағдылары арқылы сыни көзқарасты қалыптастыру
2.1 Қимыл-қозғалыс әрекеттері арқылы өзгермелі жағдайға жауап қайтара білуге бейімделу
- 6.2.1.1 өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді анықтай және қолдана білу
2.2 Көшбасшылық, команда құрамында жұмыс істей білу дағдыларын дамыту және қолдану
- 6.2.2.1 көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтай және қолдана білу
2.3 Қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыруға қажет бірқатар тиімді дағдыларды көрсету
- 6.2.3.1 қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын анықтай және қолдана білу
2.4 Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді бағалау
- 6.2.4.1 дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және бала түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді түсіну және қолдана білу
2.5 Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін сыни тұрғыдан бағалау, оны шешудің балама жолдарын ұсыну
- 6.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну
2.6 Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін білу
- 6.2.6.1 жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсіне білу
2.7 Жарыс кезінде таза ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсету
- 6.2.7.1 жарыс кезінде таза ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсетеді түсіне және қолдана білу
2.8 Түрлі қимыл-қозғалыстармен шарттастырылған рөлдерді орындау және олардың айырмашылықтарын сезіне білу
- 6.2.8.1 түрлі қимыл-қозғалыс негіздерімен шарттастырылған рөлдерді сезініп, олардың айырмашылықтарын түсіндіре білу
3-бөлім. Денсаулық және салауатты өмір салты
3.1 Жекебас денсаулығы және салауатты өмір салты туралы білімді қалыптастыру
- 6.3.1.1 өз денсаулығы на деген қауіп-қатерді анықтай білу
3.2 Қыздырыну және қалпына келтіру жаттығуларын құру мен орындау
- 6.3.2.1 қыздырыну мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру және оларды орындау
3.3 Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын зерттеу
- 6.3.3.1 түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету
3.4 Денсаулық ты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын құру және қолдану
- 6.3.4.1 денсаулық ты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне білу
3.5 Басқалар дың дене жаттығуларының тәжірибесін байыту мақсатында білім, біліктілік және дағдыларды қолдану
- 6.3.5.1 басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды қолдана білу
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.