Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Дене шынықтыру пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 11‑сынып

Бөлімдер мен тақырыптар, сағаттары және күтілетін нәтижелері — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Бұл бағдарламада оқу мақсаттарының кодтары жоқ.

Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат

Бағдарлама мазмұны

11‑сыныптың бөлімдері мен тақырыптары — бағдарламадағыдай. Сағаттар, нәтижелер мен ескертпелер бағдарлама атаған жерде көрсетілген.

Білім негіздері

№ Тақырып
1 Дене шынықтыру, спорт, туризм, денсаулықты қорғау және денсаулық салалары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының негіздері
2 Дене жаттығуларының ағзаның қызмет ету жүйелеріне тигізетін әсерін анықтайтын факторлар

жаттығудың сипаты (циклді және күрделі қимыл-қозғалыс жаттығулары); дене жүктемесінің көлемі мен қарқыны.

3 Отбасына арналған дене шынықтыру

Жеңіл атлетика 14 сағ.

1‑тоқсан — 7 сағ., 4‑тоқсан — 7 сағ.

№ Тақырып
1 Жарыс жаттығуларының жеке техникаларын жетілдіру (бұрынғы үйретілген оқу материалдарының негізінде)

100 м төменгі сөреден қарқынды жылдамдықпен жүгіру. 4×100 м эстафеталық жүгіру. 3000 м (ер балалар) және 2000 м (қыз балалар) жүгіру.

2 "Аяқты бүгу" тәсілімен ұзындыққа секіру
3 Салмағы 700 гр (ер балалар) және 500 гр (қыз балалар) гранатаны лақтыру

Спорт ойындары 45 сағ.

1‑тоқсан — 15 сағ., 2‑тоқсан — 8 сағ., 3‑тоқсан — 15 сағ., 4‑тоқсан — 7 сағ.

№ Тақырып Сағат
1 Баскетбол

2‑тоқсан — 8 сағ., 3‑тоқсан — 7 сағ.

Ойын техникасының игерілген элементтерінен құрылған комбинациялар. Шабуылдағы жекелеген тактикалық әрекеттер. Шабуылдағы топтық және командалық тактикалық әрекеттер. Қорғаныстағы жекелеген тактикалық әрекеттер. Қорғаныстағы топтық және командалық тактикалық әрекеттер. Екі жақты ойын.

15
2 Волейбол

1‑тоқсан — 7 сағ., 3‑тоқсан — 8 сағ.

Ойын техникасының игерілген элементтерінен құрылған комбинациялар. Шабуылдағы жекелеген тактикалық әрекеттер. Шабуылдағы топтық және командалық тактикалық әрекеттер. Қорғаныстағы жекелеген тактикалық әрекеттер. Қорғаныстағы топтық және командалық тактикалық әрекеттер. Екі жақты ойын.

15
3 Футбол

1‑тоқсан — 8 сағ., 4‑тоқсан — 7 сағ.

Ойын техникасының игерілген элементтерінен құрылған комбинациялар. Шабуылдағы жекелеген тактикалық әрекеттер. Шабуылдағы топтық және командалық тактикалық әрекеттер. Қорғаныстағы жекелеген тактикалық әрекеттер. Қорғаныстағы топтық және командалық тактикалық әрекеттер. Қақпашының ойын әрекеттері. Екі жақты ойын.

15

Гимнастика 9 сағ.

2‑тоқсан — 9 сағ.

№ Тақырып
1 Саптық жаттығулар, өткен оқу материалдарын қайталау және жетілдіру
2 Негізгі бұлшық ет топтарын дамытуға бағытталған жалпы дамыту жаттығулары (ауырлықтармен және ауырлықсыз)
3 Гимнастиканың әртүрлі түрлері (шейпинг, пилатес, стрейчтинг, күш гимнастикасы)
4 Таянып секіру (ер балалар)

Ұзынынан қойылған ағаш аттың алыс бөлігінен қолмен итеріле аяқты ашып секіру (ағаш аттың биіктігі 130 см).

5 Таянып секіру (қыз балалар)

Кіші ағаш аттан аяқты ашып секіру (кіші ағаш аттың биіктігі 120 см).

6 Кермеде орындалатын жаттығулар (ер балалар)

Күшпен көтерілу, бұрыштай келе асылу қалпына түсу және күшпен айналып көтерілу. Асылып тұрған қалыптан күшпен айналып көтеріліп таяну. Аяқты сермеп орындайтын жаттығулар. Асылып тұрып тербелу – түзеле көтерілу. Таянып тұрған қалыптан аяқты артқа сілтеп, айналым – сырғауылға жанаса аунау. Таянып тұрған қалыптан аяқты артқа сермеп секіріп түсу.

7 Арыста орындалатын жаттығулар (ер балалар)

Арыста таянып тұрып алға және артқа тербелу кезінде қолды бүгіп-жазу. Аяқты алға сермеп көтерілу, артқа сермеу, алға сермеп аяқты ашып отыру. Иығымен таянып тұру. Алға аунап, аяқты ашып отыру. Аяқты ортаға түсіріп, артқа сермеген сәтте секіріп түсу.

8 Бөренеде орындалатын тепе-теңдік жаттығулары (қыз балалар)

Бұрынғы үйретілген жаттығулардан құрылған комбинациялар. Секірулер мен бұрылулар: аяқты жартылай сермеп және толығымен сермеп бұрылу. Иіліп, шалқайып секіріп түсу.

9 Акробатика

Бұрынғы үйретілген жаттығулардан құрылған комбинациялар.

10 Өрмелеу

Биіктігі 4 м арқанға өрмелеу (ер балалар).

Шаңғы дайындығы 10 сағ.

3‑тоқсан — 10 сағ.

№ Тақырып
1 Қашықтық шарты мен шаңғы жолының жағдайына байланысты жүруден жүру тәсілдеріне көшу
2 Шаңғымен 5000 м қашықтықты тиімді екпінмен жүріп өту.

Қарсыз аудандарда шаңғы дайындығы сабақтарының орнына жалпы төзімділікті дамытуға сауықтыру жүгіру сабақтары мен басқа да аэробты жүктеме жаттығуларын қолдану ұсынылады.

Сауықтыру жүгірісі, жүру және басқа да аэробты жүктеме жаттығулары

№ Тақырып
1 Жылдамдықты өзгертіп жүгіру

Бірқалыпты жылдамдықты қолдап 5 шақырымға дейін қашықтыққа жүгіру.

2 Табиғи кедергілерден өту арқылы жүгіру
3 Скандинавия жүрісі
4 Фартлек (жылдамдық ойыны немесе жүгіру ойыны)

Жүзу 6 сағ.

4‑тоқсан — 6 сағ.

№ Тақырып
1 Толық үйлесімде жүзу

Бұрынғы үйретілген тәсілдермен 3×50 м кешенді жүзу

2 100 м қашықтықты жылдам жүзіп өту

Суға батушы адамға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету.

Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, бағдарламаның жүзу бөлімін іске асыруға арналған уақытты спорттық дағдыларын жетілдіру үшін, мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен оның орнына дене шынықтырудың спорттық ойын түрлерін қолдану ұсынылады.

Вариативті бөлім білім беру ұйымының таңдауы бойынша белгілі бір спорттық ойынды (футбол, волейбол, баскетбол) тереңдетіп оқыту арқылы жүзеге асырылады 18 сағ.

1‑тоқсан — 2 сағ., 2‑тоқсан — 7 сағ., 3‑тоқсан — 5 сағ., 4‑тоқсан — 4 сағ.

11‑сыныпты аяқталғанда білім алушы

  • дене шынықтыру жаттығуларын орындау барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін; әр түрлі бағыттылығы бар дене жаттығулары сабақтарының кешенін; жалпы дамыту және түзету бағытындағы дене жаттығуларының биодинамикалық ерекшеліктері мен мазмұнын, денені дамыту және денсаулықты нығайту міндеттерін шешуде оларды қолдану негіздерін; дене жүктемелері кезінде өз ағзасының қызмет етудегі физиологиялық негіздерін, дене шынықтыру арқылы оларды дамыту мен жетілдіру мүмкіндіктерін біледі
  • өз ағзасының психикалық-функционалдық ерекшеліктерін; дене шынықтырумен жүйелі шұғылдану арқылы жеке тұлғаның дербес қалыптасу мүмкіндігі мен қасиеттерін; салауатты өмір салтын ұстануға қажеттілікті; атқарылатын қозғалыс әрекеттерінің ауырлық деңгейін; физикалық дайындықтың әртүрлі кезеңдерінде түрлі физикалық жүктеменің талап етілген қарқындылығына жету қажеттілігін түсінеді
  • өз бетімен жетілу мақсатында түрлі дене жаттығуларын, салауатты өмір салтын және бос уақытын ұтымды ұйымдастыруды, ойын кезінде немесе арнайы құрылған жаттығулар кешенін орындау кезінде қажетті негізгі техникалық-тактикалық әрекеттерді; ағзаның бейімделу қасиеттерін дамытуды қадағалау және денсаулықты нығайту мен дене ширақтығының дайындығын жоғарылатудың дербес жолдарын; функционалдық қызмет ету бағыты әртүрлі дене жаттығуларымен өз бетімен ұйымдастыру тәсілдерін; түрлі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады
  • сауықтыру және дене шымырлығы мен ширақтығын жетілдіру мақсатында дене жаттығуларын орындау кезінде өз ағзасының функционалды қызмет ету жағдайын талдайды
  • қалыптасқан дағдыларды дене шынықтыру сабағымен қатар күнделікті өмірдегі әртүрлі жағдаяттарда қолдану жүйесін; салауатты және қауіпсіз өмір сүруді қалыптастыруда дағдыларды; дене шынықтыру сабақтарының шеңберінде мәселелерді зерттеу және шешу үшін сын тұрғысынан ойлау құралдары мен білімін; адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайларда жеке және ұжымның қауіпсіз әрекеттерінің ережелерін білуді жинақтайды
  • жалпы, кәсіптік-қолданбалы және сауықтыру-түзету бағытындағы дене жаттығуларымен шұғылданудың маңыздылығын; өз бетінше жетілу және қимыл-қозғалыс дайындығының деңгейін; дене жаттығуларымен шұғылдану тиімділігін, ағзаның функционалды қызмет ету жағдайы мен жұмыс істеу қабілетін; дене жүктемелерін және дене жаттығуларының әсер ету бағытын мөлшерлеуді бағалайды

11‑сынып білім алушылардың дене дайындықтарын бағалау кестесі (ер балалар)

Сынақ түрлері Х (орташаландырылған) төмен орташадан төмен орташа орташадан жоғары жоғары
30 м жүгіру 4,7 5,2 5,1 – 5,0 4,9 – 4,5 4,4 -4,3 4,2
Бір орыннан ұзындыққа секіру 220 197 198- 208 209 – 231 232 - 244 245
Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру 713 540 541- 626 627-799 800– 885 886
3х10 м қайталап жүгіру 8,0 8,7 8,6 – 8,4 8,3 –7,7 7,6 -7,3 7,2
Қолдың білезік буынының динамометриясы (оң қолмен) 43,5 35 36-39 40 -48 49 – 52 53

11‑сынып білім алушылардың дене дайындықтарын бағалау кестесі (қыз балалар)

Сынақ түрлері Х (орташаландырылған) төмен орташадан төмен орташа орташадан жоғары жоғары
30 м жүгіру 5,4 6,3 6,2 – 5,9 5,8 – 5,0 4,9 -4,6 4,5
Бір орыннан ұзындыққа секіру 172 143 144 -157 158 – 182 183 – 197 198
Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру 514 373 374– 443 444– 584 585 – 654 655
3х10 м қайталап жүгіру 9,0 9,9 9,8 – 9,5 9,4 –8,6 8,5 –8,1 8,0
Қолдың білезік буынының динамометриясы (оң қолмен) 28 20,5 21 –24,5 25-31 31,5–34 34,5

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.