Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Дене шынықтыру пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 3‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат

Оқу мақсаттары

3‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Қозғалыс әрекеттері

1.1 Негізгі қозғалыс дағдыларын дамыту: тірек-қозғалыс аппараты, денені және объектіні басқара білу

  • 3.1.1.1 негізгі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыс машықтарын білу, түсіну және жақсартып жалғастыру

1.2 Физикалық дамуға ықпал ететін түрлі дене жаттығуларында түйіндес қозғалыстарды жақсарту және орындау

  • 3.1.2.1 дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін білу және түсіну

1.3 Кеңістікті, ағынды, салмақты, уақытты түсінгенін көрсету арқылы кезектілігін сақтап, жаттығуларды дұрыс әрі тиімді орындау

  • 3.1.3.1 уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін көрсететін машықтарды және жүйелілікті дамытады және жетілдіру

1.4 Өзінің және басқалардың дене қозғалыстарын, кемшіліктерін және әлеуетін анықтау

  • 3.1.4.1 өзінің күшті жақтары мен кемшіліктерін анықтайды және басқалардың жаттығуларды орындау сапасын талқылау

1.5 Өзінің және басқалардың қызметін жақсарту үшін негізгі қозғалыс әрекеттерді бағалау дамыту

  • 3.1.5.1 орындау және бағалау кезінде бірқатар іс-қимылдарды, кеңістікті, динамиканы және байланыстарды көрсету және анықтай білу

1.6 Қозғалыс қабілеттерін жақсарту үшін оқудың әр кезеңдерінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсіну

  • 3.1.6.1 қозғалыс қызметін оқытудың түрлі кезеңдерінде тәуекелдердің туындауын қысқарту және қиындықтарды еңсеру шеберлігі мен машықтарын жетілдіру

2-бөлім. Қозғалыс дағдылары арқылы шығармашылық қасиеттер және сыни ойлау

2.1 Өзгеріп отыратын жағдайларда әрекет ету үшін балама шешімдер арқылы қозғалыспен байланысты жоспарларды, стратегияларды және идеяларды бейімдеу

  • 3.2.1.1 бірқатар қозғалыс идеяларымен, стратегиялармен және жоспарлармен баламаларды талдау үшін проблемаларды жою әдістерін қолдану

2.2 Команда жетекшісінің рөлін кезектесіп орындау арқылы мақсаттарға қол жеткізу үшін өз бетімен және бірлесе жұмыс істеу

  • 3.2.2.1 өздік және командалық жұмыстың мағынасын түсіну және көшбасшылықты ауыстыру арқылы көрсету

2.3 Қолайлы оқу ортасын құру үшін бірлесіп жұмыс істеуге дағдыларын білу мен түсіну

  • 3.2.3.1 түрлі дене жаттығулары орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, идеяларды, ресурстар кеңістік, білімін қолдану

2.4 Бірқатар дене жаттығуларында ережелер мен құрылымдық амалдарды пайдалану, қолдану және жасау

  • 3.2.4.1 бірқатар дене жаттығуларына қатысқан кезде ережелерді және құрылымдық тәсілдерді білетінін қолдану және пайдалану

2.5 Өзінің және басқалардың шығармашылық міндеттеріне сыни қарау, қажет болған жағдайда, құрылымдық ұсыныстар жасау

  • 3.2.5.1 өзінің шығармашылық тапсырмаларын және басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау туралы алынған білімді пайдалану және қолдану

2.6 Эмоциялар, көңіл-күйлер және тақырыптарды көрсету үшін бірқатар құрылымдық идеяларды дамыту

  • 3.2.6.1 тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жасау үшін композициялық идеялармен эксперимент жасау

2.7 Физикалық жаттығулар кезінде жеке және топтық тапсырмаларды орындау барысында топпен жұмыс істеп, әділ жарыса білу, патриоттық сезімін дамыту

  • 3.2.7.1 патриотизмнің мағынасын түсіндіру, топтық және дербес дене қимылдарында өзара іс қимыл мен адал ойын көрсету

2.8 Түрлі қимыл контекстерінен туындаған рөлдерді орындау және олардың айырмашылықтарын түсіну

  • 3.2.8.1 түрлі қарапайым әрекеттерді орындау кезінде өзінің және басқалардың рөлін, олардың айырмашылықтарын түсіндіре отырып, көрсету

3-бөлім. Денсаулық және салауатты өмір салты

3.1 Денсаулық пен салауатты өмір салтының дене белсенділігіне маңыздылығын түсіну

  • 3.3.1.1 дене жаттығуларының, сауықтыру пайдасы денсаулықты нығайтуға ықпал ететін көрсете білу және түсіну

3.2 Дене жаттығуларын орындау барысында денені ширату мен босатудың қажеттілігін түсіну

  • 3.3.2.1 дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсыту маңызын түсіндіру

3.3 Дене жаттығуларын орындау кезінде тыныс алу, жүрек соғысының жиілігі, дене қызуы сияқты ағзадағы физикалық өзгерістерді қалай бақылайтынын білу

  • 3.3.3.1 дене жаттығуларын орындау кезінде физикалық өзгерістерді анықтау үшін бірқатар бақылау стратегияларын көрсету және түсіндіру

3.4 Денсаулық жағдайын нығайтуға бағытталған бірқатар физикалық жүктемелерге қатысу барысында сәйкес әрекет етіп, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтау және оларды жеңе білу

  • 3.3.4.1 денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету

3.5 Мектептен тыс және мектеп ішіндегі физикалық қызметтерге қатысу үшін мүмкіндіктерін анықтау және ұсыну

  • 3.3.5.1 түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін қарастыру және түсіндіру

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

1‑бөлім Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсініктер 3.3.4.1, 3.3.1.1
Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар 3.3.2.1, 3.3.3.1
Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері 3.1.2.1
Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика 3.1.1.1, 3.3.5.1

2‑бөлім Қозғалыс және спорт ойындар

Тақырып Оқу мақсаттары
Қозғалмалы ойындарындағы қозғалыс дағдылары 3.2.8.1
Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар 3.1.2.1, 3.2.2.1
Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар 3.2.1.1, 3.2.3.1
Ұжымда жұмыс атқару 3.3.5.1

2-тоқсан

3‑бөлім Акробатика негіздерінде гимнастика

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі. Жаттығулар арқылы икемділікті дамыту 3.3.4.1
Аэробика элементтері бар гимнастика 3.3.2.1, 3.1.2.1
Гимнастикалық жаттығулардағы реттілік 3.1.5.1, 3.1.4.1
Тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар 3.2.2.1, 3.2.5.1

4‑бөлім Қазақ ұлттық қозғалыс ойындары

Тақырып Оқу мақсаттары
Қазақтың ұлттық ойындарына баулу 3.2.7.1, 3.3.5.1
Ынтымақтастық және әділ ойын 3.2.5.1, 3.2.6.1

3-тоқсан

5‑бөлім Денсаулық және физикалық белсенділік

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі. Физикалық белсенділік және төзімділік 3.3.4.1, 3.3.3.1
Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару 3.3.1.1, 3.1.4.1
Жұптық және топтық жұмыстардағы тапсырмалар 3.1.5.1
Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар 3.1.3.1

6‑бөлім Топтық ойындар элементтері

Тақырып Оқу мақсаттары
Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар 3.3.4.1, 3.2.8.1
Дамытатын ойындар 3.2.2.1, 3.1.4.1
Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар 3.2.3.1, 3.2.5.1
Баскетбол элементтері бар эстафета 3.2.1.1, 3.2.6.1

4-тоқсан

7‑бөлім Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі. Ойындағы қарым-қатынас дағдылары 3.3.4.1, 3.2.8.1
Жарыс элементтері бар ойындар 3.1.2.1, 3.2.4.1
Жігерлендіру және қозғалыс қасиеттерін дамыту 3.2.5.1, 3.2.6.1
Топтық қозғалыс әрекетінің прогресі 3.1.6.1

8‑бөлім Жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты

Тақырып Оқу мақсаттары
Салауатты өмір салтын қалыптастыру 3.3.4.1, 3.3.1.1
Жүгіру ойындарына қатысу 3.1.3.1
Ұзындыққа және биіктікке секіру 3.1.5.1
Лақтыру тәжірибелері 3.2.5.1, 3.2.2.1

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.