Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Дене шынықтыру пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 1‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 99 сағат

Оқу мақсаттары

1‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Қозғалыс әрекеттері

1.1 Негізгі қозғалыс дағдыларын дамыту: тірек-қозғалыс аппараты, денені және объектіні басқара білу

  • 1.1.1.1 қарапайым дене жаттығуларын орындауда негізгі қимыл-қозғалыс машықтарын білу, жасай алу

1.2 Физикалық дамуға ықпал ететін түрлі дене жаттығуларында түйіндес қозғалыстарды жақсарту және орындау

  • 1.1.2.1 негізгі дене қозғалыстарын және олардың қарапайым дене жаттығуларымен қалай байланысты болатынын білу

1.3 Кеңістікті, ағынды, салмақты, уақытты түсінгенін көрсету арқылы кезектілігін сақтап, жаттығуларды дұрыс әрі тиімді орындау

  • 1.1.3.1 дене жаттығуларының әр түрінде қозғалыстарды орындау мәнмәтінінде уақыт, кеңістік, салмақ пен бір қалыптылық түсініктері туралы білу

1.4 Өзінің және басқалардың дене қозғалыстарын, кемшіліктерін және әлеуетін анықтау

  • 1.1.4.1 қозғалыс машықтары бойынша өзінің күшті жақтарын және кемшіліктерін сипаттай білу

1.5 Өзінің және басқалардың қызметін жақсарту үшін негізгі қозғалыс әрекеттерді бағалау дамыту

  • 1.1.5.1 түрлі кеңістіктерде бірқатар қарапайым іс-қимылдарды білу және орындай алу

1.6 Қозғалыс қабілеттерін жақсарту үшін оқудың әр кезеңдерінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсіну

  • 1.1.6.1 қарапайым, өзгертілген дене жаттығуларын орындау кезінде туындауға мүмкін тәуекелдерді және қиындықтарды білу

2-бөлім. Қозғалыс дағдылары арқылы шығармашылық қасиеттер және сыни ойлау

2.1 Өзгеріп отыратын жағдайларда әрекет ету үшін балама шешімдер арқылы қозғалыспен байланысты жоспарларды, стратегияларды және идеяларды бейімдеу

  • 1.2.1.1 дене қызметін орындау және оған қатысу кезінде қозғалыс идеяларын, стратегияларын және жоспарларын білу және түсіну

2.2 Команда жетекшісінің рөлін кезектесіп орындау арқылы мақсаттарға қол жеткізу үшін өз бетімен және бірлесе жұмыс істеу

  • 1.2.2.1 әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін өз бетінше қалай жұмыс істеу керек екендігін білу

2.3 Қолайлы оқу ортасын құру үшін бірлесіп жұмыс істеуге дағдыларын білу мен түсіну

  • 1.2.3.1 түрлі дене жаттығулары орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, кеңістік, ресурстар мен идеяларды білу және бөлісу

2.4 Бірқатар дене жаттығуларында ережелер мен құрылымдық амалдарды пайдалану, қолдану және жасау

  • 1.2.4.1 таңдалған дене жаттығуларын орындау кезінде қарапайым ережелерді және құрылымдық тәсілдерді атап өту және пайдалану

2.5 Өзінің және басқалардың шығармашылық міндеттеріне сыни қарау, қажет болған жағдайда, құрылымдық ұсыныстар жасау

  • 1.2.5.1 өзінің шығармашылық тапсырмаларының күшті жақтарын және жақсартуды қажет ететін жақтарын іздеу және бақылау

2.6 Эмоциялар, көңіл-күйлер және тақырыптарды көрсету үшін бірқатар құрылымдық идеяларды дамыту

  • 1.2.6.1 тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жеткізу үшін кейбір композициялық элементтермен танысу және пайдалану

2.7 Физикалық жаттығулар кезінде жеке және топтық тапсырмаларды орындау барысында топпен жұмыс істеп, әділ жарыса білу, патриоттық сезімін дамыту

  • 1.2.7.1 дербес және топтық қызметті орындау кезінде өзара қалай әрекет етуді білу, патриоттықтың неге негізделгенін түсіну

2.8 Түрлі қимыл контекстерінен туындаған рөлдерді орындау және олардың айырмашылықтарын түсіну

  • 1.2.8.1 түрлі қарапайым әрекеттерді орындау кезінде өзінің рөлін және басқалардың рөлін білу, тани бастау, айырмашылықтарды құрметтеу

3-бөлім. Денсаулық және салауатты өмір салты

3.1 Денсаулық пен салауатты өмір салтының дене белсенділігіне маңыздылығын түсіну

  • 1.3.1.1 денсаулық туралы жалпы түсінік алу, дене белсенділігін ұғыну

3.2 Дене жаттығуларын орындау барысында денені ширату мен босатудың қажеттілігін түсіну

  • 1.3.2.1 жаттығуларды орындау кезінде денені ширатып шынықтырудың маңызын сипаттау

3.3 Дене жаттығуларын орындау кезінде тыныс алу, жүрек соғысының жиілігі, дене қызуы сияқты ағзадағы физикалық өзгерістерді қалай бақылайтынын білу

  • 1.3.3.1 дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы физикалық өзгерістерді анықтау

3.4 Денсаулық жағдайын нығайтуға бағытталған бірқатар физикалық жүктемелерге қатысу барысында сәйкес әрекет етіп, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтау және оларды жеңе білу

  • 1.3.4.1 бірқатар дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді анықтау

3.5 Мектептен тыс және мектеп ішіндегі физикалық қызметтерге қатысу үшін мүмкіндіктерін анықтау және ұсыну

  • 1.3.5.1 дене қимылдарына қатысу мүмкіндіктерін анықтау

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

1‑бөлім Денсаулық туралы білу және түсіну

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі. "Дене тәрбиесі дегеніміз не" 1.3.4.1, 1.3.1.1
Күн тәртібі және таңғы жаттығу серігу 1.3.2.1, 1.3.3.1
Жүру және жүгіру 1.1.2.1
Секіру және лақтыру 1.1.1.1, 1.3.5.1

2‑бөлім Ойын арқылы өзара қарым-қатынасты және қарым-қатынас дағдыларын дамыту

Тақырып Оқу мақсаттары
Сюжеттік-рөлдік қозғалмалы ойындар 1.2.8.1
Бірқатар қимыл-қозғалыс дағдылары шағын және жұптасып қарым-қатынас жасау дағдылары 1.1.2.1, 1.2.2.1
Шағын топтарда және жұптасып қарым-қатынас жасау дағдылары 1.2.1.1, 1.2.3.1
Дене тәрбиесінің пайдасы 1.3.5.1

2-тоқсан

3‑бөлім Гимнастикалық жаттығулар арқылы шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі. Сымбат және үйлестіру 1.3.4.1, 1.3.2.1
Бірқатар гимнастикалық фигуралар үйрену 1.1.2.1
Қарапайым гимнастикалық снарядтарда қозғалу 1.1.5.1, 1.1.4.1
Сенің жеке физикалық мүмкіндіктерің 1.2.2.1, 1.2.5.1

4‑бөлім Қазақ ұлттық қозғалыс ойындары

Тақырып Оқу мақсаттары
Қазақ халқының салт дәстүрлері және мәдениетімен таныстыру 1.2.7.1, 1.3.5.1
Қозғалмалы ойындар арқылы тарту 1.2.5.1, 1.2.6.1

3-тоқсан

5‑бөлім Ойын арқылы қозғалыс дағдыларын үйрету

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі. Дене белсенділігі кезінде жүрек соғысы және тыныс алу 1.3.4.1, 1.3.3.1
Ойын – жеке физикалық қасиеттерді дамыту құралы 1.3.1.1, 1.1.4.1
Кеңістік динамикасы және қозғалыс 1.1.5.1
Құралдармен қозғалмалы ойындар 1.1.3.1

6‑бөлім Қозғалмалы ойындар арқылы қимыл-тірек аппаратын дамыту

Тақырып Оқу мақсаттары
Түрлі жаттығулар арқылы денені басқару дағдылары 1.3.4.1, 1.2.2.1
Тірек қимыл жаттығуларын дамыту 1.2.8.1, 1.1.4.1
Доппен ойын 1.2.3.1, 1.2.5.1
Секіртпемен орындалатын ойындар мен жаттығулар 1.2.1.1, 1.2.6.1

4-тоқсан

7‑бөлім Ойын арқылы қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдылар

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі. Ойын арқылы шығармашылық қабілеттер 1.3.4.1, 1.2.8.1
Коммуникативті дағдыларын дамыту ойындары 1.1.2.1, 1.2.4.1
Ойынға шығармашылық идеялар 1.2.5.1, 1.2.6.1
Жеке қозғалыс белсенділігі 1.1.6.1

8‑бөлім Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Тақырып Оқу мақсаттары
Ашық ауада физикалық қозғалыс 1.3.4.1, 1.3.1.1
Жылдамдық күш пен ептілік 1.1.3.1
Секіруді дамыту үшін тапсырмалар 1.1.5.1
Эстафета және қозғалмалы ойындар 1.2.5.1, 1.2.2.1

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.