Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Дене шынықтыру пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 7‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат

Оқу мақсаттары

7‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Қимыл-қозғалыс іс-әрекеттері

1.1 Түрлі арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындау кезіндегі дәлдікті, бақылауды және үйлесімділікті дамыту

  • 7.1.1.1 кең ауқымдағы арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін, бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты дағдыларын жетілдіру

1.2 Түрлі қимыл-қозғалыс комбинацияларын құру және оларды дене жаттығуларын орындауда қолдану реттілігі

  • 7.1.2.1 қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жетілдіру мен жалпылау

1.3 Арнайы спорттық техникаларды орындау кезінде қимыл-қозғалыс дағдыларын және олардың орындалу ретін түрлендіру

  • 7.1.3.1 арнайы спорттық техникалар ды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті жетілдіре және жалпылай білу

1.4 Қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындауды жақсарту үшін өзінің және өзгелердің біліктіліктерін бағалау

  • 7.1.4.1 қимыл-қозғалысты орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын жақсарта білу

1.5 Бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегиялары мен құрылымдық идеяларын қолдану және бағалау

  • 7.1.5.1 бірқатар дене жаттығуларының қарапайым тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын құра және бағалай білу

1.6 Қиындықты жеңе білу және қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қауіп-қатерлерге жауап қайтара білу

  • 7.1.6.1 түрлі қимыл-қозғалыс белсенділігін орындауды сынақтан өткізу кезіндегі қауіп-қатерді білу және алдын-ала білу

2-бөлім. Шығармашылық қабілеттер және қимыл-қозғалыс дағдылары арқылы сыни көзқарасты қалыптастыру

2.1 Қимыл-қозғалыс әрекеттері арқылы өзгермелі жағдайға жауап қайтара білуге бейімделу

  • 7.2.1.1 өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттері мен байланысты білімді жетілдіре білу

2.2 Көшбасшылық, команда құрамында жұмыс істей білу дағдыларын дамыту және қолдану

  • 7.2.2.1 көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді талқылай және көрсете білу

2.3 Қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыруға қажет бірқатар тиімді дағдыларды көрсету

  • 7.2.3.1 қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын талқылай және көрсете білу

2.4 Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді бағалау

  • 7.2.4.1 дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және бала түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді көрсете білу

2.5 Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін сыни тұрғыдан бағалау, оны шешудің балама жолдарын ұсыну

  • 7.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін қолдана білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну

2.6 Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін білу

  • 7.2.6.1 жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін қолдана білу

2.7 Жарыс кезінде таза ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсету

  • 7.2.7.1 жарыс кезінде таза ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсетуді талқылай және бейімдей білу

2.8 Түрлі қимыл-қозғалыстармен шарттастырылған рөлдерді орындау және олардың айырмашылықтарын сезіне білу

  • 7.2.8.1 түрлі қимыл-қозғалыс негіздерімен шарттастырылған рөлдерді қолдана білу

3-бөлім. Денсаулық және салауатты өмір салты

3.1 Жекебас денсаулығы және салауатты өмір салты туралы білімді қалыптастыру

  • 7.3.1.1 өз денсаулығына салауатты өмір салты ның тигізетін әсерін түсіну және түсіндіре білу

3.2 Қыздырыну және қалпына келтіру жаттығуларын құру мен орындау

  • 7.3.2.1 жалпы дене жаттығуларын өткізу және ағзаны қалпына келтіруі жаттығуларының құрамын көрсету

3.3 Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын зерттеу

  • 7.3.3.1 түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ішкі және сыртқы белгілер бойынша анықтау

3.4 Денсаулық ты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын құру және қолдану

  • 7.3.4.1 денсаулық ты нығайтуға бағытталған дене жаттығулары кезіндегі болуы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтай білу

3.5 Басқалар дың дене жаттығуларының тәжірибесін байыту мақсатында білім, біліктілік және дағдыларды қолдану

  • 7.3.5.1 басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды анықтай білу

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

1‑бөлім Жүгіру, секіру және лақтыру дағдыларын дамыту және жақсарту

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі. Қысқа қашықтыққа жүгіру 7.3.4.1
Орта және алыс қашықтыққа жүгіру 7.3.3.1, 7.3.2.1
Секіру және оның түрлері 7.1.2.1
Әртүрлі құралдарды лақтыру 7.1.1.1
Эстафеталық жүгіруді түрлендіру 7.3.5.1

2‑бөлім Спорт ойындары арқылы командалық бірлесу әрекеттері

Тақырып Оқу мақсаттары
Ойын әдісін жақсарту 7.1.1.1, 7.1.3.1, 7.2.4.1
Спорт ойындарындағы тактика және тактикалық іс-әрекеттер 7.1.2.1, 7.1.5.1
Командадағы көшбасшылық дағдыларын дамыту 7.2.2.1, 7.2.1.1

2-тоқсан

3‑бөлім Гимнастика арқылы когнитивті және денені басқару дағдылары

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі. Саптық жаттығуларды оқып үйрену 7.3.4.1
Акробатикалық элементтер кешені 7.3.2.1, 7.1.2.1
Гимнастикалық қондырғылардағы жаттығулар түрлері 7.1.5.1, 7.1.4.1
Орындауды құрастыру процесі және топта бағалау 7.2.2.1, 7.2.5.1

4‑бөлім Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

Тақырып Оқу мақсаттары
Қазақтың ұлттық ойындары 7.2.7.1, 7.2.3.1, 7.3.5.1
Зияткерлік ойындар 7.2.6.1, 7.2.5.1

3-тоқсан

5‑бөлім Шаңғы/кросс/ коньки дайындығы

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі. Тиісті қызметті жүзеге асыру үшін денені қыздыру және қалпына келтіру әдістері 7.3.4.1, 7.3.2.1
Күш және шыдамдылықты жақсартуға қозғалыс іс-әрекеттері 7.3.1.1, 7.1.4.1
Кедергілерден өтуге арналған арнайы жаттығулар 7.1.3.1, 7.3.3.1

6‑бөлім Шытырман оқиғалы ойындар және команда құрушы ойындар

Тақырып Оқу мақсаттары
Ойындар кезіндегі көшбасшылық және командалық іс-әрекет 7.3.4.1, 7.2.2.1
Ойындар арқылы мәселелерді шешу дағдыларын жетілдіру 7.2.8.1, 7.1.4.1
Баламалы ойын жағдайын құру 7.2.3.1, 7.2.5.1
Топтарда шытырман оқиғалы ойындар құру 7.2.1.1, 7.2.6.1

4-тоқсан

7‑бөлім Басып кіру ойындарындағы түсінік пен дағдыларды оқып дамыту

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі. Ойын жағдайларында допқа ие болу әдісі 7.3.4.1, 7.1.1.1
Ойын кезінде алаңда бағдарлау және допты қайтару дағдылары 7.1.2.1, 7.2.4.1
Тактикалық іс-әрекеттер: жеке, топтық және командалық 7.1.5.1
Өздерінің ойындарын құрастыру және өткізу 7.2.8.1, 7.1.6.1

8‑бөлім Жеңіл атлетика арқылы белсенді өмір салты

Тақырып Оқу мақсаттары
Сауықтыру жүгірісі 7.3.4.1
Белгілерге тез жауап қайтару ойындары 7.2.5.1
Денені қыздыру және қалыпқа келтіру құралдары 7.3.3.1
Арнайы спорттық әдістерді орындау барысындағы қозғалысты жетілдіру 7.1.3.1
Қозғалыс белсендігі арқылы денсаулықты нығайту 7.3.1.1

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.