Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Дене шынықтыру пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 2‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат

Оқу мақсаттары

2‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Қозғалыс әрекеттері

1.1 Негізгі қозғалыс дағдыларын дамыту: тірек-қозғалыс аппараты, денені және объектіні басқара білу

  • 2.1.1.1 қажет болған жағдайда шығармашылық міндеттерді талқылау және қолдану

1.2 Физикалық дамуға ықпал ететін түрлі дене жаттығуларында түйіндес қозғалыстарды жақсарту және орындау

  • 2.1.2.1 өздігінен байланыстыруды оқу арқылы негізгі қозғалыс дағдыларын түсіну және жетілдіру

1.3 Кеңістікті, ағынды, салмақты, уақытты түсінгенін көрсету арқылы кезектілігін сақтап, жаттығуларды дұрыс әрі тиімді орындау

  • 2.1.3.1 қарапайым дене жаттығуларын орындау кезінде уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін көрсету

1.4 Өзінің және басқалардың дене қозғалыстарын, кемшіліктерін және әлеуетін анықтау

  • 2.1.4.1 қимыл кемшіліктерін түзету қабілеттілігін дамыту үшін қозғалу машықтары бойынша өзінің күшті жақтарын және кемшіліктерін түсіну және түсіндіру

1.5 Өзінің және басқалардың қызметін жақсарту үшін негізгі қозғалыс әрекеттерді бағалау дамыту

  • 2.1.5.1 кеңістікте және динамикада қарапайым өзгерістерменіс-қимылдарды ұғыну және жеткізе білу

1.6 Қозғалыс қабілеттерін жақсарту үшін оқудың әр кезеңдерінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсіну

  • 2.1.6.1 тәуекелдердің туындау мүмкіндігін түсіну, қарапайым және өзгертілген дене жаттығуларын жетілдіру кезінде машықтар мен шеберлікті нығайту

2-бөлім. Қозғалыс дағдылары арқылы шығармашылық қасиеттер және сыни ойлау

2.1 Өзгеріп отыратын жағдайларда әрекет ету үшін балама шешімдер арқылы қозғалыспен байланысты жоспарларды, стратегияларды және идеяларды бейімдеу

  • 2.2.1.1 қозғалыс идеяларын, стратегияларын және жоспарларды талқылау және көрсету

2.2 Команда жетекшісінің рөлін кезектесіп орындау арқылы мақсаттарға қол жеткізу үшін өз бетімен және бірлесе жұмыс істеу

  • 2.2.2.1 әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін командада жұмыс істеу және өздік жұмыс жөніндегі білімді нығайту

2.3 Қолайлы оқу ортасын құру үшін бірлесіп жұмыс істеуге дағдыларын білу мен түсіну

  • 2.2.3.1 түрлі дене жаттығулары орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, идеяларды, ресурстар кеңістік, білімін бекіту

2.4 Бірқатар дене жаттығуларында ережелер мен құрылымдық амалдарды пайдалану, қолдану және жасау

  • 2.2.4.1 түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде ережелерді және құрылымдық тәсілдерді талқылау және көрсету

2.5 Өзінің және басқалардың шығармашылық міндеттеріне сыни қарау, қажет болған жағдайда, құрылымдық ұсыныстар жасау

  • 2.2.5.1 қажет болған жағдайда шығармашылық міндеттерді талқылау және қолдану

2.6 Эмоциялар, көңіл-күйлер және тақырыптарды көрсету үшін бірқатар құрылымдық идеяларды дамыту

  • 2.2.6.1 шығармашылық қабілеттерді және идеяларды түсіндіру және көрсету

2.7 Физикалық жаттығулар кезінде жеке және топтық тапсырмаларды орындау барысында топпен жұмыс істеп, әділ жарыса білу, патриоттық сезімін дамыту

  • 2.2.7.1 патриоттық сезімнің не екенін білу, бір бірімен әрекет ету, адал бәсекелестіктің мағынасын түсіну

2.8 Түрлі қимыл контекстерінен туындаған рөлдерді орындау және олардың айырмашылықтарын түсіну

  • 2.2.8.1 әр түрлі дене жаттығуларын орындау кезіндегі рөлдерді көрсету және атау

3-бөлім. Денсаулық және салауатты өмір салты

3.1 Денсаулық пен салауатты өмір салтының дене белсенділігіне маңыздылығын түсіну

  • 2.3.1.1 дене жаттығулар жасау барысында сауықтыру артықшылығын талқылау және сипаттау

3.2 Дене жаттығуларын орындау барысында денені ширату мен босатудың қажеттілігін түсіну

  • 2.3.2.1 дене белсенділігінің алдында денені шынықтырудың маңыздылығы туралы білімін көрсету және түсіндіру

3.3 Дене жаттығуларын орындау кезінде тыныс алу, жүрек соғысының жиілігі, дене қызуы сияқты ағзадағы физикалық өзгерістерді қалай бақылайтынын білу

  • 2.3.3.1 дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы өзгерістерін қалай бақылайтынын білу

3.4 Денсаулық жағдайын нығайтуға бағытталған бірқатар физикалық жүктемелерге қатысу барысында сәйкес әрекет етіп, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтау және оларды жеңе білу

  • 2.3.4.1 денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсіну, оларға жауап қайтарудың кейбір негізгі жолдарын анықтау

3.5 Мектептен тыс және мектеп ішіндегі физикалық қызметтерге қатысу үшін мүмкіндіктерін анықтау және ұсыну

  • 2.3.5.1 мектептен тыс және мектеп кезінде дене қимылдарына қатысу мүмкіндігін түсіну және анықтау

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

1‑бөлім Атлетика арқылы дене қасиеттерін дамыту

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы жалпы түсінік 2.3.4.1, 2.3.1.1
Таңғы жаттығулар жиынтығы 2.3.2.1, 2.3.3.1
Лақтыру секіру және жүгіру дағдылары 2.1.2.1
Лақтыру секіру және жүгірудің эстафеталық элементтері 2.1.1.1, 2.3.5.1

2‑бөлім Спорттық ойындарды меңгеру үшін қозғалыс ойындар

Тақырып Оқу мақсаттары
Қозғалмалы ойындардың қимыл дағдылар спектрі 2.2.8.1
Доппен қозғалмалы ойындар 2.1.2.1, 2.2.2.1
Қозғалыстар арқылы ойындар 2.2.1.1, 2.2.3.1
Жұптық және таптық жұмыстар 2.3.5.1

2-тоқсан

3‑бөлім Гимнастика арқылы денені дамыту

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі. Әр түрлі физикалық іс- шаралар арқылы күшті дамыту 2.3.4.1, 2.3.2.1
Кең ауқымды гимнастикалық жаттығулар 2.1.2.1
Өрмелеу 2.1.5.1, 2.1.4.1
Тепе-теңдікті дамыту 2.2.2.1, 2.2.5.1

4‑бөлім Қазақ ұлттық қозғалыс ойындары

Тақырып Оқу мақсаттары
Қазақтың ұлттық ойындарымен танысу 2.2.7.1, 2.3.5.1
Сюжеттік- рөлдік ойындар 2.2.5.1
Ынтымақтастық және әділ ойын 2.2.6.1

3-тоқсан

5‑бөлім Денеге түсетін күш пен денсаулық

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі. Белсенді қозғалыс және төзімділік 2.3.4.1, 2.3.3.1
Дене жаттығулары кезінде ағзаның өзгеруі 2.3.1.1, 2.1.4.1
Дәстүрлі қазақтың жүгіру ойындары 2.1.5.1
Жұптық және топтық ойындар 2.1.3.1

6‑бөлім Қозғалыс ойындардың әралуандығы

Тақырып Оқу мақсаттары
Көрнекті ойындар 2.3.4.1, 2.2.2.1
Кіріктірілген ойындар 2.2.8.1, 2.1.4.1
Жай жабдықтар арқылы ойындар 2.2.3.1, 2.2.5.1
Шабуыл әрекеті арқылы ойындар 2.2.1.1, 2.2.6.1

4-тоқсан

7‑бөлім Топтық ойындар арқылы әлеметтік дағдылар

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі. Коммуникативті дағдыларды дамыту 2.3.4.1, 2.2.8.1
Жеке шығармашылық қабілет 2.1.2.1, 2.2.4.1
Шығармашылық- топтық жұмыс арқылы 2.2.5.1, 2.2.6.1
Өздігінен жасалатын қозғалыстағы прогресс 2.1.6.1

8‑бөлім Денсаулық және дене белсенділігі

Тақырып Оқу мақсаттары
Таза ауадағы дене тәрбиесі (іс-әрекеті) 2.3.4.1, 2.3.1.1
Жеке және топтық белсенділік арқылы жүгіру қабілеттері 2.1.3.1
Түрлі ұзындыққа және биіктікке секіру 2.1.5.1
Эстафета және қозғалмалы ойындар 2.2.5.1, 2.2.2.1

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.