Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Дене шынықтыру пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 5‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат

Оқу мақсаттары

5‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Қимыл-қозғалыс іс-әрекеттері

1.1 Түрлі арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындау кезіндегі дәлдікті, бақылауды және үйлесімділікті дамыту

  • 5.1.1.1 аздаған ауқымдағы арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін, бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты дағдыларын білу және түсіну

1.2 Түрлі қимыл-қозғалыс комбинацияларын құру және оларды дене жаттығуларын орындауда қолдану реттілігі

  • 5.1.2.1 қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін білу және орындау

1.3 Арнайы спорттық техникаларды орындау кезінде қимыл-қозғалыс дағдыларын және олардың орындалу ретін түрлендіру

  • 5.1.3.1 қарапайым арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті білу және анықтау

1.4 Қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындауды жақсарту үшін өзінің және өзгелердің біліктіліктерін бағалау

  • 5.1.4.1 қимыл-қозғалыс сапаларын орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін білу және анықтай білу

1.5 Бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегиялары мен құрылымдық идеяларын қолдану және бағалау

  • 5.1.5.1 аздаған ауқымдағы дене жаттығуларының тактикасын, стратегия сын және құрылымдық идеяларын білу және сипаттай білу

1.6 Қиындықты жеңе білу және қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қауіп-қатерлерге жауап қайтара білу

  • 5.1.6.1 қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және қауіп-қатерге жауап қайтара білудің қарапайым дағдыларын білу және анықтай білу

2-бөлім. Шығармашылық қабілеттер және қимыл-қозғалыс дағдылары арқылы сыни көзқарасты қалыптастыру

2.1 Қимыл-қозғалыс әрекеттері арқылы өзгермелі жағдайға жауап қайтара білуге бейімделу

  • 5.2.1.1 өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттері мен байланысты білімді білу және түсіну

2.2 Көшбасшылық, команда құрамында жұмыс істей білу дағдыларын дамыту және қолдану

  • 5.2.2.1 көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді түсіну

2.3 Қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыруға қажет бірқатар тиімді дағдыларды көрсету

  • 5.2.3.1 қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын түсіну және анықтай білу

2.4 Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді бағалау

  • 5.2.4.1 дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және бала түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді білу және түсіну

2.5 Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін сыни тұрғыдан бағалау, оны шешудің балама жолдарын ұсыну

  • 5.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін білу және түсіне білу, оны шешудің қарапайым балама жолдарын ұсыну

2.6 Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін білу

  • 5.2.6.1 жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін білу

2.7 Жарыс кезінде таза ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсету

  • 5.2.7.1 жарыс кезінде таза ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсете және түсіндіре білу

2.8 Түрлі қимыл-қозғалыстармен шарттастырылған рөлдерді орындау және олардың айырмашылықтарын сезіне білу

  • 5.2.8.1 түрлі қимыл-қозғалыс негіздерімен шарттастырылған рөлдерді анықтай білу

3-бөлім. Денсаулық және салауатты өмір салты

3.1 Жекебас денсаулығы және салауатты өмір салты туралы білімді қалыптастыру

  • 5.3.1.1 денсаулықты сақтаудың маңыздылығын білу және түсіну

3.2 Қыздырыну және қалпына келтіру жаттығуларын құру мен орындау

  • 5.3.2.1 қыздырыну және қалпына келтіру жаттығуларын дайындау мен орындау аясындағы басты сәттерді білу және түсіну

3.3 Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын зерттеу

  • 5.3.3.1 түрлі дене жүктемелерінің арасындағы айырмашылық және олардың ағзаға тигізетін әсерін сыртқы белгілеріне қарап анықтай білу

3.4 Денсаулық ты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын құру және қолдану

  • 5.3.4.1 денсаулық ты нығайтуға бағытталған жаттығулардың техника қауіпсіздігі туралы хабардар болу

3.5 Басқалар дың дене жаттығуларының тәжірибесін байыту мақсатында білім, біліктілік және дағдыларды қолдану

  • 5.3.5.1 басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды білу және орындай білу

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

1‑бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларына оқыту

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі. Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын үйрету 5.3.4.1
Орта және алыс қашықтық техникасын үйрету 5.3.3.1, 5.3.2.1
Жүгіріп келіп және бір орында ұзындыққа секіру техникасын үйрету 5.1.2.1
Әр түрлі снарядтарды нысанаға, қашықтыққа лақтыру техникасы 5.1.1.1
Топтық эстафеталық жұмыс 5.3.5.1

2‑бөлім Өзгертілген командалық ойын

Тақырып Оқу мақсаттары
Ойынның қабылдау техникасын үйрету 5.1.1.1, 5.1.3.1, 5.2.4.1
Негізгі қабылдау тактикасын үйрету 5.1.2.1, 5.1.5.1
Ойын кезінде көшбасшылық дағдыны қалыптастыру 5.2.2.1, 5.2.1.1

2-тоқсан

3‑бөлім Гимнастика арқылы денсаулықты нығайту

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі. Кешенді жалпы дамыту жаттығуларының негізін құру 5.3.4.1, 5.3.2.1
Акробатикалық жаттығулар орындау 5.1.2.1
Снарядтарда гимнастикалық жаттығудың техникасын үйрету 5.1.5.1, 5.1.4.1
Гимнастикалық жиынтықтың негізін құру 5.2.2.1, 5.2.5.1

4‑бөлім Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

Тақырып Оқу мақсаттары
Қазақтың ұлттық ойындары 5.2.7.1, 5.2.3.1, 5.3.5.1
Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды оқып үйрену 5.2.6.1, 5.2.5.1

3-тоқсан

5‑бөлім Шаңғы/кросс/коньки дайындығы

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі. Ағзаны қалпына келтіру техникасының түрлеріне шолу жасау 5.3.4.1, 5.3.2.1
Қозғалыс техникасының элементтерін үйрету 5.3.1.1, 5.1.4.1
Қашықтықтан өту тактикасының негізі 5.1.3.1, 5.3.3.1

6‑бөлім Бірлескен іс- әрекеттегі ойын-сауық ойындары

Тақырып Оқу мақсаттары
Ойындағы бірлескен іс әрекет және көшбасшылық 5.3.4.1, 5.2.2.1
Ойын арқылы қиындықты шешу жолдарына оқыту 5.2.8.1, 5.1.4.1
Ойын құруға арналған шығармашылық қабілет 5.2.3.1, 5.2.5.1
Ойын-сауық ойындарын құру 5.2.1.1, 5.2.6.1

4-тоқсан

7‑бөлім Ойын кезіндегі басып кіру дағдыларын түсіну және үйрету

Тақырып Оқу мақсаттары
Қауіпсіздік ережесі. Ойын кезінде допты иелену 5.1.1.1, 5.3.4.1
Ойын кеңістігінде бағдарлау дағдыларына үйрету 5.1.2.1, 5.2.4.1
Жеке және командалық ойын әрекеттері 5.1.5.1
Ойын стратегиясын құрудағы дағдыны дамыту 5.2.8.1, 5.1.6.1

8‑бөлім Жеңіл атлетика дағдысын дамыту және шолу

Тақырып Оқу мақсаттары
Ойын арқылы жеңіл атлетика дағдысын дамыту 5.3.4.1, 5.2.5.1
Денені қыздыру және тыныс алу жүйесін қалпына келтіру 5.3.3.1, 5.1.3.1
Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту 5.3.1.1

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.