Оқу бағдарламалары
Орыс тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 4‑сынып (орыс тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 4 сағат, жылына 136 сағат
Оқу мақсаттары
4‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
Бөлімсіз
- 4.1.1.1 тыңдалған ақпараттар бойынша өз жазбалары негізінде оларды тарату арқылы пікір қалыптастыру
- 4.1.2.1 фактілермен дәлелдеу арқылы айтылған пікірдің тақырыбын, негізгі ойын анықтау
- 4.1.3.1 тақырып/диаграмма/ сызба/кесте бойынша өз ойын негіздеу арқылы ақпарат мазмұнын болжамдау
- 4.1.4.1 тілдік нормаларды сақтай отырып, талқыланып жатқан тақырып бойынша диалогке/пікірталасқа қатысу, диалогті жүргізудің түрлі әдістерін түсіну
- 4.1.5.1 өздігінен әзірленген жоспар және көрнекті материалдарды пайдалану арқылы монологтік пікір құрастыру
- 4.1.6.1 атау, ілік септіктеріндегі зат есімдердегі, өткен шақтағы етістіктердегі екпінді қою ережесін қолдану
- 4.2.1.1 түрлі типтегі (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) мәтіндердің құрылымдық компоненттерін анықтау және оларды негіздеу
- 4.2.2.1 мәтіннен синонимдерді, антонимдерді, омонимдерді, бірмағыналы және көпмағыналы сөздерді, фразеологизмдерді анықтау, олардың мәтіндегі рөлін түсіну және сөйлеу барысында қолдану, мәнмәтінге сүйене отырып, сөздердің тура және ауыспалы мағынасын түсіну
- 4.2.3.1 түсінік пен жауапты нақтылау мақсатында мәтін мазмұны бойынша өз көзқарасын және түсінігін қамтитын, сұрақтар мен жауаптар құрастыру
- 4.2.4.1 мәтін түрін анықтау – ерекшеліктері бойынша әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтіндері
- 4.2.4.2 ерекшеліктері бойынша көркемдік, бейкөркем мәтіндерді (мақала, жазба, сұхбат, мінездеме, нұсқаулық, өтініш, интервью, хабарландыру, жарнама) анықтау
- 4.2.5.1 берілген тақырыпқа үш және одан да көп дереккөз (сөздіктер, анықтамалықтар, балалар энциклопедиясы, балаларға арналған танымдық журналдар) бойынша ақпарат табу және оны түсіндіру
- 4.2.6.1 параметрлері әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтіндерін салыстыру: тақырып, негізгі ой, стиль мен мәтін түрі, мәтіннің құрылымдық элементтері, тірек сөздер және тілдік құралдар, олардың тақырыпты және негізгі ойды ашудағы рөлін анықтау
- 4.3.1.1 портреттің мәтіндік сипаттамасын, өз тәжірибесінен берілген тақырыпқа хабарлы, пайымдау мәтінін құрастыру
- 4.3.1.2 ерекшеліктері негізінде бейкөркем (мақала, жазба, мінездеме, сұхбат, нұсқаулық, жарнама, интервью, өтініш, хабарландыру) мәтіндерді құрастыру
- 4.3.2.1 ақпарат, оқиға немесе процестер арасындағы айырмашылықтарды көрсету арқылы өздігінен және ұжымдық құрастырылған жоспар бойынша нақты құрылымды мәтін құрастыру
- 4.3.3.1 оқиғаны немесе идеяны (мұғалім көмегімен) түсіндіру мақсатында фактілерді ұсыну арқылы мәтін мазмұнын (нақты, қысқа) беру
- 4.3.4.1 сызбаларды/диаграммаларды/кестелерді қолдана отырып, ақпаратты ұсыну процесінде негізгі ой мен тақырыпты дәлелдеп ашу арқылы мәтіндер (мақала/жаңалықтар/ аңдатпа) құрастыру
- 4.3.5.1 лексикалық, стилистикалық, орфографиялық және пунктуациялық қателіктерді түзету
- 4.3.6.1 каллиграфиялық дағдыларды жетілдіру: бас және кіші әріптердің ұзындығын, енін және көлбеу орналасуын және байланыстарын сақтау
- 4.3.7.1 кең таралған тексеру әдістерін қолдану арқылы айтылуында және және жазылуында айырмашылықтары бар сөздерді жазу
- 4.3.7.2 орыс орфографиясының негізгі принциптеріне сүйене отырып, сөздердің маңызды бөліктерін (сөз алды қосымшасы, жұрнақ) ажырату және оларды сауатты жазу: сөздердегі морфемалардың біркелкі жазылуы
- 4.3.7.3 1,2,3 жақтағы зат есімдердің септелу барысындағы септік жалғауларын жазу
- 4.3.7.4 зат есімдерді жазу (соңында ызың дыбысы бар зат есім)
- 4.3.7.5 сын есімдердің жұрнақтары мен сөз алды қосымшаларын, септік жалғауларын жазу
- 4.3.7.6 бестен отызға, жүз мыңға дейінгі есептік сан есімдерді, біріншіден отызынышы, жүзіншіге дейінгі реттік сан есімдерді жазу
- 4.3.7.7 тся, -ться, аяқталатын етістіктерді, 2-жақтағы етістіктерде шуыл дыбыстарынан кейін ь әрпін, жіктеу түрін анықтау арқылы осы және келер шақтағы етістердегі екпінсіз жеке жалғауларды жазу
- 4.3.8.1 маңызды белгілер негізінде зат есімдерді, сын есімдерді, етістіктерді, есімдіктерді, сан есімдерді, үстеуді ажырату және олардың сөйлемдегі рөлін анықтау
- 4.3.8.2 зат есімдерді түрлері бойынша анықтау және оларды септіктер бойынша өзгерту
- 4.3.8.3 сын есімді жекеше және көпше түрде өзгерту
- 4.3.8.4 септіктер және жекеше/көпше түрлері бойынша есімдіктерді өзгерту, сөз алды қосымшалары бар/жоқ есімдіктерді пайдалана отырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру
- 4.3.8.5 етістікті шақтары, (жекеше/ көпше түрде) бойынша өзгерту
- 4.3.8.6 бестен отызға дейінгі сан есімдерді жазу барысында дұрыс қолдану
- 4.3.8.7 үлгі бойынша сөйлем құрастыру, сөйлемді тарату, бірыңғай мүшелері бар сөйлемдер
- 4.3.8.8 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш пен баяндауыш) және тұрлаусыз (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш) мүшелерін ажырату, оларға сұрақ қою
- 4.3.9.1 қарым-қатынас жасау барысында интонациямен байланысқан сөйлемнің бірыңғай мүшелеріндегі тыныс белгілерін қою
- 4.3.9.2 диалогті жазу ережесін (репликалар арасындағы автордың сөзінсіз) қолдану
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.