Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Орыс тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 3‑сынып (орыс тілінде оқытатын мектептерге)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 4 сағат, жылына 136 сағат

Оқу мақсаттары

3‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

Бөлімсіз

  • 3.1.1.1 тыңдалған ақпараттар бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап беру, негізгі тұстарды анықтау, белгілеу
  • 3.1.2.1 негізгі тұстарына сүйене отырып, айтылған пікірдің тақырыбын, негізгі ойын анықтау
  • 3.1.3.1 тақырып/сурет/ негізінде ақпарат мазмұнын болжамдау (мұғалімнің көмегімен)
  • 3.1.4.1 тілдік нормаларды сақтай отырып, өз сөзін мақсаттарға, шарттарға, уақытқа, жағдайға сәйкес жоспарлау арқылы диалогке қатысу
  • 3.1.5.1 шешуші сөздер/сәттер және тірек жоспар негізінде монологтік пікір құрастыру
  • 3.1.6.1 сөздердің айтылу ережесін сақтау: -ого, -его жалғаулары бар, шет тілінен енген, күрделі дыбыс тіркесі бар сөздер
  • 3.2.1.1 шешуші сәттерді ескере отырып, түрлі типтегі (әңгімелеу, сипаттау) мәтіндердің құрылымдық компоненттерін анықтау
  • 3.2.2.1 синонимдерді, антонимдерді, омонимдерді (терминсіз), бірмағыналы және көпмағыналы сөздерді, тұрақты сөз тіркестерін ажырату және оларды сөйлеу барысында қолдану, мәнмәтіндегі сөздердің тура және ауыспалы мағынасын түсіну
  • 3.2.3.1 оқылған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, шешуші сәттерге/сөздерге сүйене отырып, сұрақтар құрастыру
  • 3.2.4.1 мәтін түрін анықтау – ерекшеліктері бойынша әңгімелеу, сипаттау мәтіндері
  • 3.2.4.2 ерекшеліктері бойынша көркемдік, бейкөркем мәтіндерді (әңгіме, ғылыми-танымдық мәтін, жазба, өмірбаян, хабарландыру, жарнама) анықтау
  • 3.2.5.1 берілген тақырыпқа екі дереккөз (сөздіктер, анықтамалықтар, балалар энциклопедиясы, балаларға арналған танымдық журналдар) бойынша ақпарат табу, негізгі және қосалқы ақпаратты бөлу
  • 3.2.6.1 әңгімелеу, сипаттау мәтіндерін параметрлері бойынша салыстыру: тақырып, негізгі ой, стилі мен түрі, құрылымдық элементтері, тірек сөздер
  • 3.3.1.1 бақылау бойынша берілген тақырыптардың хабарлы мәтінін, суреттерден алынған репродукциялардың мәтіндік сипаттамасын жасау
  • 3.3.1.2 ерекшеліктері негізінде бейкөркем (жазба, өмірбаян, анықтама, хабарландыру, жарнама) мәтіндерді құрастыру
  • 3.3.2.1 тірек сөздер, дайын және ұжымдық құрастырылған жоспар бойынша берілген тақырып негізінде мәтіндер құрастыру және жазу
  • 3.3.3.1 мәтін немесе оның бөлімдерінің мазмұнын беру
  • 3.3.4.1 сызба/графика/кесте/ суреттерді қолдану арқылы мәтіндер (хаттар, жазбалар, хабарландыру, жарнама) құрастыру
  • 3.3.5.1 мұғалім көмегімен лексикалық, стилистикалық, орфографиялық және пунктуациялық қателіктерді түзету
  • 3.3.6.1 кең жолды дәптерге жазу, каллиграфиялық дағдылармен жұмыс: бас және кіші әріптердің ұзындығын, енін және көлбеу орналасуын және байланыстарын сақтау
  • 3.3.7.1 жуан және жіңішкелік белгілері бар сөздерді жазу және тасымалдау
  • 3.3.7.2 сөз формасын өзгерту және бір түбірлі сөздерді іріктеп алу арқылы сөз түбіріндегі екпінсіз дауыстыларды табу және тексеру, сөздердің маңызды бөліктерін ажырату
  • 3.3.7.3 сөз түбіріндегі (тексерілетін) тексерілмейтін екпінсіз дауыстыларды жазу барысында белгілеу
  • 3.3.7.4 сөз түбіріндегі қосарланған қатаң/ұяң, жуан/жіңішке, айтылмайтын/қосарланған дауыссыздарды белгілеу, оларды тексеру жолдарын пайдалану
  • 3.3.7.5 оньк-, -еньк-, -ушк-, -юшк-, -ик-, -ек-, -Ұнок-, -онок- жұрнақтарының көмегімен сөздерді жазу және оларды сөйлеу барысында қолдану
  • 3.3.7.6 өзгеріске ұшырамайтын сөз алды қосымшаларын жазу: об-, от-, до-, о-, про-, под-, над-, за-, на
  • 3.3.7.7 ъ бөлу белгісі бар сөздерді (е, Ұ, ю, я) әріптерінің алдында дауыссыздарға аяқталатын сөз алды қосымшаларынан кейін)
  • 3.3.7.8 сөздерді сөз алды қосымшаларымен тасымалдау
  • 3.3.7.9 жалқы зат есімдерді бас әріппен жазу
  • 3.3.7.10 зат есімдер соңында ь белгісін (соңында ызың дыбысы бар зат есім) жазу
  • 3.3.7.11 шақтар бойынша өзгерту арқылы тұйық етістіктерді жазу, не демеулігімен жазу
  • 3.3.8.1 зат есімдерді, сын есімдерді, етістіктерді, үстеуді, көмекші сөздерді ажырату, олардың сөйлемдегі рөлін анықтау
  • 3.3.8.2 зат есімдерді түрлері бойынша анықтау және оларды сөйлеу барысында дұрыс қолдану
  • 3.3.8.3 сөздің негізі мен жалғауын анықтау, негіз бөліктерін анықтау: түбір, жұрнақ, сөз алды қосымшасы
  • 3.3.8.4 сын есімді зат есіммен бірге түрлері бойынша өзгерту
  • 3.3.8.5 етістік шағын анықтау және оларды өткен шақта өзгерту
  • 3.3.8.6 интонация және айтылу мақсаты бойынша сөйлемдерді ажырату және қолдану, сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін анықтау
  • 3.3.8.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш пен баяндауыш) және тұрлаусыз (түрлерге бөлмей) мүшелерін ажырату, оларға сұрақ қою
  • 3.3.9.1 интонация және айтылу мақсатына қарай сөйлем соңында тыныс белгілерін қолдану
  • 3.3.9.2 газет, журнал, кітап, фильм атауларын білдіретін жалқы есімдерді жазуда тырнақшаларды қолдану

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Тірі табиғат

Тақырып Оқу мақсаттары
Тірі табиғат 3.1.1.1, 3.1.4.1, 3.2.1.1, 3.2.5.1, 3.3.1.1, 3.3.5.1, 3.3.6.1, 3.3.9.1

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Тақырып Оқу мақсаттары
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен 3.1.4.1, 3.1.5.1, 3.1.6.1, 3.2.3.1, 3.2.4.1, 3.2.6.1, 3.3.1.2, 3.3.7.1, 3.3.7.2, 3.3.7.3, 3.3.7.4

2-тоқсан

Уақыт

Тақырып Оқу мақсаттары
Уақыт 3.1.2.1, 3.1.4.1, 3.2.2.1, 3.2.4.2, 3.3.2.1, 3.3.5.1

Архитектура

Тақырып Оқу мақсаттары
Архитектура 3.1.5.1, 3.1.6.1, 3.2.4.1, 3.2.5.1, 3.3.7.3, 3.3.7.4, 3.3.7.5, 3.3.7.6, 3.3.7.7, 3.3.7.8, 3.3.8.3

3-тоқсан

Өнер

Тақырып Оқу мақсаттары
Өнер 3.1.2.1, 3.1.3.1, 3.1.5.1, 3.2.1.1, 3.2.5.1, 3.2.6.1, 3.3.7.9, 3.3.7.10, 3.3.8.1, 3.3.8.2, 3.3.8.4, 3.3.9.2

Атақты тұлғалар

Тақырып Оқу мақсаттары
Атақты тұлғалар 3.1.1.1, 3.1.3.1, 3.1.4.1, 3.2.4.1, 3.2.4.2, 3.2.6.1, 3.3.4.1, 3.3.7.1, 3.3.8.5

4-тоқсан

Су – тіршілік көзі

Тақырып Оқу мақсаттары
Су – тіршілік көзі 3.1.2.1, 3.1.5.1, 3.2.4.2, 3.2.5.1, 3.2.6.1, 3.3.8.1, 3.3.8.6, 3.3.8.7, 3.3.9.1

Демалыс мәдениеті. Мерекелер

Тақырып Оқу мақсаттары
Демалыс мәдениеті. Мерекелер 3.1.4.1, 3.1.5.1, 3.2.1.1, 3.2.4.1, 3.2.6.1, 3.3.1.2, 3.3.3.1

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.