Оқу бағдарламалары
Орыс тілі пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 2‑сынып (орыс тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 4 сағат, жылына 136 сағат
Оқу мақсаттары
2‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
Бөлімсіз
- 2.1.1.1 тыңдалған ақпараттар бойынша жабық сұрақтарға жауап беру, мұғалім көмегімен тірек сөздерді анықтау, белгілеу
- 2.1.2.1 тыңдалған ақпараттан автордың нені айтқысы келгендігін/(тірек сөздерді қолдану арқылы) бізді не нәрсеге сендіргісі келгендігін анықтау
- 2.1.3.1 тақырып және тірек сөздер негізінде ақпарат мазмұнын болжамдау
- 2.1.4.1 өз ойын айту және өзгелердің пікірлерін тыңдау арқылы диалогке қатысу
- 2.1.5.1 берілген және білім алушыны қызықтыратын тақырыпқа тірек сөздер негізінде негізгі ойды және тақырыпты ашу арқылы монологтік пікір құрастыру
- 2.1.6.1 сөздерді дұрыс айту: қиын айтылатын, "чт", "чн", "щн" "гк", "гч" тіркескен, шет тілінен енген сөздер
- 2.2.1.1 мұғалім көмегімен мәтіннің құрылымдық компоненттерін анықтау, оны бөліктерге бөлу
- 2.2.2.1 мағынасы ұқсас және қарама-қарсы сөздерді ажырату және олардың мәтіндегі рөлін түсіну
- 2.2.3.1 оқылған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, тірек сөздерге сүйене отырып, сұрақтар құрастыру
- 2.2.4.1 мұғалім көмегімен мәтін түрлерін анықтау: әңгімелеу, сипаттау мәтіндері
- 2.2.4.2 көркемдік және көркемдік емес мәтіндерді (тақпақ, әңгіме, ғылыми-танымдық мәтін) анықтау
- 2.2.5.1 берілген тақырыпқа екі дереккөз (сөздіктер, анықтамалықтар, балалар энциклопедиясы, балаларға арналған танымдық журналдар) бойынша ақпарат табу (мұғалімнің көмегімен)
- 2.2.6.1 параметрлері бойынша әңгімелеу, сипаттау мәтіндерін салыстыру: тақырып, негізгі ой, түрі, тірек сөздер (мұғалім көмегімен)
- 2.3.1.1 берілген тақырып бойынша хабарлы мәтін, ойыншықтың/жануардың/табиғат нысандарының (таңдау бойынша) сипаттау мәтінін құрастыру
- 2.3.1.2 көркемдік стиль ерекшеліктері негізінде (мұғалім көмегімен) шағын (әңгіме) мәтін құрастыру
- 2.3.2.1 жоспар және тірек сөздер бойынша берілген тақырып негізінде қысқаша мәтіндер құрастыру және жазу (мұғалім көмегімен)
- 2.3.3.1 тірек сөздер және сұрақтар көмегімен мазмұнды беру
- 2.3.4.1 тақырыпты және негізгі ойды ашу мақсатында сөздерді және/немесе суреттерді қолдану арқылы түрлі типтегі шағын мәтіндер құрастыру
- 2.3.5.1 мұғалім көмегімен лексикалық, орфографиялық және пунктуациялық қателіктерді түзету
- 2.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды дәптерде тар жолға байланыстырып көлбеу және таза жазу
- 2.3.7.1 сөздердегі жи-ши, ча-ща, чу-щу, чк, чн, нщ, шн тіркестерін дұрыс жазу
- 2.3.7.2 сөз формасын өзгерту/сөздің маңызды бөліктерін анықтау арқылы түбірдегі екпінсіз дауыстыларды анықтау және тексеру
- 2.3.7.3 тексерілмейтін екпінсіз дауыстыларды жазу барысында белгілеу
- 2.3.7.4 сөз соңындағы, ортасындағы қосарланған қатаң/ұяң, жуан/жіңішке дауыссыздарды белгілеу, оларды тексеру жолдарын пайдалану
- 2.3.7.5 маңызды сөз бөліктерін анықтау, оньк-, -еньк- жұрнақтары бар сөздерді жазу және сөйлеу барысында қолдану
- 2.3.7.6 маңызды сөз бөліктерін анықтау, с-, по-, про-, за-, во-, до-, пере- сөз алды қосымшаларымен сөздерді жазу
- 2.3.7.7 жазу барысында өзгеріске ұшырамайтын сөз алды қосымшаларын сөздермен бірге, бөлек жазу
- 2.3.7.8 сөздерді буындар бойынша тасымалдау, й, ь әріптері бар сөздерді тасымалдау, қосарланған дауыссыздары бар сөздерді тасымалдау
- 2.3.7.9 жеке атауларды бас әріппен жазу
- 2.3.8.1 зат есімдерді, сын есімдерді, етістіктерді, көмекші сөздерді, ажырату, олардың сөйлемдегі рөлін анықтау
- 2.3.8.2 сөздің маңызды бөліктерін анықтау, сөз түбірін бөлу және бір түбірлі сөздерді іріктеу
- 2.3.9.1 хабарлы, сұраулы және лепті сөйлемдер соңына тыныс белгілерін қою
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.