Оқу бағдарламалары
Дүниежүзі тарихы пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
Бөлімсіз
- 10.1.1.1 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін "өркениет", "өркениет типі" терминдерін қолдану
- 10.1.1.2 "Өркениет" түсінігін зерттеудің негізгі әдістерін түсіндіру
- 10.1.2.1 өркениеттің дәстүрлі, индустриалды және постиндустриалды түрінің ерекшеліктерін анықтау
- 10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау
- 10.1.2.3 ақпараттық технологиялардың қазіргі өркениеттің дамуына әсерін анықтау
- 10.1.3.1 ежелгі өркениеттердің ерекшеліктерін талдау
- 10.1.3.2 мемлекет пен қоғамның дамуы туралы ежелгі философиялық ілімдерді зерттеу
- 10.1.3.3 локальді өркениеттердің ерекшеліктерін талдау
- 10.1.3.4 әлемдік діндердің даму кезеңдері мен ерекшеліктерін сипаттау
- 10.1.3.5 қазіргі кездегі өркениет жағдайында әлемдік діндердің даму тенденцияларын анықтау
- 10.1.3.6 қазіргі кездегі деструктивті діни ұйымдар мен ағымдардың қоғамға әсерін бағалау
- 10.1.4.1 себеп-салдарлық байланысты анықтай отырып, әлемдік сауданың өркениет дамуындағы рөлін анықтау
- 10.1.4.2 әлемдік экономиканың дамуындағы халықаралық ұйымдардың рөлін анықтау
- 10.1.4.3 қазіргі өркениеттің дамуындағы дипломатияның рөлін анықтау
- 10.1.4.4 ежелгі және орта ғасырлардағы жаулап алушылық жорықтардың себептерін түсіндіру
- 10.1.4.5 отаршыл экспансия мен қазіргі замандағы жаһандық мәселелердің себеп-салдарлық байланысын анықтау
- 10.1.4.6 қазіргі өркениеттің даму контекстінде әскери қақтығыстардың ерекшеліктері мен салдарларын анықтау
- 10.1.4.7 өркениеттердің жетістіктерін зерттей отырып, мәдениеттердің өзара әрекеттестігі мен өзара ықпалын сипаттау
- 10.1.4.8 жаһанданудың жағымды және жағымсыз жақтарын анықтай отырып, оның қоғамның рухани дамуына әсерін бағалау
- 10.2.1.1 антропогенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау
- 10.2.1.2 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін "этнос", "этногенез", "ұлт" ұғымдарын қолдану
- 10.2.1.3 әлем картасын пайдалана отырып әртүрлі тарихи кезеңдердегі этникалық процестерді түсіндіру
- 10.2.1.4 қазіргі кездегі ассимиляция мен саны аз этностардың жойылып кету себептерін анықтау
- 10.2.1.5 жаһандану жағдайындағы этникалық және мәдени лікті сақтаудың маңыздылығын негіздеу
- 10.2.2.1 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін "ұлтшылдық", "шовинизм", "нәсілдік кемсітушілік" терминдерін қолдану
- 10.2.2.2 ұлтаралық қақтығыстардың пайда болуының себеп-салдарлық байланысын анықтау
- 10.2.2.3 тарихи оқиғаларды талдау негізінде қазіргі кездегі ұлтаралық қатынастардың сипатын бағалау
- 10.2.2.4 ұлтаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлін талдау
- 10.2.2.5 қазіргі кездегі интеграциялық процестердің тиімділігін бағалау
- 10.2.2.6 ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің мысалында этностар арасындағы бейбіт әрекеттестіктің мүмкіндігін дәлелдеу
- 10.2.3.1 тарихи процестерді түсіндіру үшін "социогенез", "формациялық әдіс", "өркениеттік әдіс" ұғымдарын қолдану
- 10.2.3.2 социгенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау
- 10.2.3.3 қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формаларын, оларға тән белгілерін анықтай отырып түсіндіру
- 10.2.3.4 қазіргі қоғамның әлеуметтік стратификациясын зерттеу
- 10.3.1.1 тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін "мемлекет", "билік", "басқару институты" терминдерін қолдану
- 10.3.1.2 деректерді талдау негізінде саяси режимдер түрлерінің мықты және әлсіз жақтарын анықтай отырып, салыстыру
- 10.3.1.3 тоталитарлық саяси режимнен қазіргі замандағы демократияға ауысудың ерекшеліктерін талдау
- 10.3.2.1 деректерді қолдана отырып грек-парсы соғыстарының мысалында ерте империялардың пайда болу процесін түсіндіру
- 10.3.2.2 эллинизмді таратудағы А.Македонскийдің жорықтарының рөлін бағалау
- 10.3.2.3 халықтардың ұлы қоныс аударуының жағымды және жағымсыз салдарларын анықтау
- 10.3.2.4 тарихи деректердің негізінде антикалық дәуірден орта ғасырларға өтудің заңдылығын тұжырымдау
- 10.3.2.5 дәйекті қорытындылар жасау арқылы араб шапқыншылықтары мен крест жорықтарының себептерін анықтау
- 10.3.2.6 моңғол шапқыншылығының Еуразиядағы ұлттық мемлекеттердің қалыптасу процесіне әсерін талдау
- 10.3.2.7 әлемдегі өзгерістерді зерттей отырып моңғол шапқыншылығының салдарларын бағалау
- 10.3.2.8 Наполеон соғыстары мен Еуропа мемлекеттеріндегі капиталистік дамудың ілгерілеуі арасындағы себеп-салдарлық байланысты орнату
- 10.3.2.9 Наполеон Кодексінің Еуропадағы либералды қоғамдық идеялардың таралуындағы маңыздылығын бағалау
- 10.3.2.10 тарихи құжаттарды талдау негізінде Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардың себептері мен салдарларын түсіндіру
- 10.3.2.11 Версаль-Вашингтон және Ялта-Потсдам жүйелерінің тиімділігін және олардың қазіргі заманға әсерін бағалау
- 10.3.2.12 дүниежүзілік соғыстар кезеңінде халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын талдау
- 10.3.3.1 аграрлы қоғамнан индустриалды қоғамға өту заңдылықтарын тұжырымдау
- 10.3.3.2 буржуазиялық революциялардың нәтижесіндегі әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерді түсіндіру
- 10.3.3.3 революциялардың жағымды және жағымсыз салдарларын бағалау
- 10.3.3.4 социалисттік революцияның мәнін түсіну үшін әлеуметтік теңдік идеясының даму кезеңдерін зерттеу
- 10.3.3.5 капитализмнен социализмге өтудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттарын анықтау
- 10.3.3.6 социалистік революциялардың нәтижесінде қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерін түсіндіру
- 10.3.3.7 Шығыс Еуропадағы "барқыт" революцияларының мазмұны мен нәтижелерін талдау
- 10.3.3.8 "араб көктемі" және "түрлі-түсті революциялардың" ішкі және сыртқы факторларын анықтау
- 10.3.3.9 қоғамдық мәселелерді шешудің революциялық тәсілінің салдары жайлы қорытынды жасау
- 10.4.1.1 ЮНЕСКО қызметін мысалға ала отырып тарихи-мәдени мұраны сақтап қалу жолдарын түсіндіру
- 10.4.1.2 ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра нысандар тізімі ескерткіштерінің мысалында тарихи-мәдени мұраның маңыздылығын анықтау
- 10.4.1.3 әлемнің ең ірі мұражайларын зерттеп, ерекшеліктерін анықтау
- 10.4.1.4 әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтап қалудағы мұражайлардың рөлін түсіндіру
- 10.4.2.1 қоғамдағы өзгерістерді түсіну үшін "абстракционизм", "модернизм", "постмодер- низм", "авангардизм", "футуризм", "кубизм", "сюрреализм", "экспрессионизм", "гиперреа- лизм", "хайтек" терминдерін қолдану
- 10.4.2.2 өнердің стильдері мен бағыттарының дамуына қоғамдық процестердің әсерін анықтау
- 10.4.2.3 әлем мәдениетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылық туындыларын талдап, олардың ерекшеліктерін анықтау
- 10.4.2.4 өзгерістер пен сабақтастықтарды анықтай отырып, қазіргі кездегі өнердің даму тенденцияларын анықтау
- 10.4.2.5 бұқаралық мәдениеттің ерекшеліктерін түсіндіріп, оның қазіргі қоғамға әсерін талдау
- 10.4.3.1 қоғамның тарихи даму контекстіндегі рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеру мысалдарын зерттеу
- 10.4.3.2 қоғамның моральдық құндылықтарын қайта бағалауға септігін тигізген XX ғасырдың тарихи оқиғаларының ерекшеліктерін анықтау
- 10.4.3.3 қоғамның тұрақты дамуы үшін қазіргі әлемнің жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарының маңызын түсіндіру
- 10.4.3.4 жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға әсерін талдау
- 10.4.3.5 болашақтағы адамның моральдық бейнесін анықтай отырып, адамзаттың рухани-адамгершілік дамуының ықтимал жолдарын болжау
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Өркениет: даму ерекшеліктері
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| "Өркениет" түсінігі | 10.1.1.1, 10.1.1.2 |
| Өркениеттің дәстүрлі (аграрлық)түрі: көшпелі және отырықшы-егіншілік | 10.1.2.1, 10.1.2.2 |
| Өркениеттің индустриалдық даму кезеңі | 10.1.2.2, 10.1.2.1 |
| Өркениеттің постиндустриалды даму кезеңі | 10.1.2.1, 10.1.2.3 |
| Ежелгі әлем өркениеті | 10.1.2.2, 10.1.3.1, 10.1.3.2 |
| Африка, Америка, Австралия және Океанияның дәстүрлі өркениеттері | 10.1.2.2, 10.1.3.3 |
| Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы | 10.1.3.4, 10.1.3.5, 10.1.3.6 |
| Өркениеттер әрекеттестігінің сауда- экономикалық аясы | 10.1.4.1, 10.1.4.2 |
| Өркениеттер әрекеттестігінің дипломатиялық аясы | 10.1.4.3 |
| Өркениеттер әрекеттестігінің әскери-саяси аясы | 10.1.4.4, 10.1.4.5, 10.1.4.6 |
| Мәдениеттер диалогі | 10.1.4.7, 10.1.4.8 |
Зерттеу жұмысы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Әлемдік тарих тұрғысындағы өркениеттердің өзара әрекеттестігі мен өзара ықпал ету тәсілдері |
2-тоқсан
Этникалық және әлеуметтік процестер
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Адамның шығу тегі теориялары | 10.2.1.1 |
| Этностардың пайда болуы және дамуы | 10.2.1.2, 10.2.1.3, 10.2.1.5 |
| Этносаралық қатынастар: проблемалары және қарама-қайшылықтары | 10.2.2.1, 10.2.2.2, 10.2.2.3 |
| Этносаралық қатынастар: бейбіт өзара әрекеттестік тәсілдері | 10.2.2.4, 10.2.2.5, 10.2.2.6 |
| Социогенез туралы теориялардың алуан түрлілігі | 10.2.3.1, 10.2.3.2 |
| Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары | 10.2.3.3, 10.2.3.4 |
Зерттеу жұмысы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Әлем тарихындағы этникалық және әлеуметтік процестер |
3-тоқсан
Мемлекет, соғыс және революциялар тарихы нан
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Мемлекет түсінігі. Мемлекеттің пайда болуы | 10.3.1.1 |
| Саяси режимдердің типтері | 10.3.1.2, 10.3.1.3 |
| Антикалық кезеңдегі әлемдік империялардың қалыптасуы | 10.3.2.1, 10.3.2.2 |
| Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары ежелгі заманнан ортағасырларға өтудің бір факторы ретінде | 10.3.2.3, 10.3.2.4 |
| Араб шапқыншылықтары мен Крест жорықтары | 10.3.2.5 |
| Еуразия картасының өзгеруіне Шыңғысхан жорықтарының ықпалы | 10.3.2.6, 10.3.2.7 |
| Еуропаның өзгеруіне Наполеон жорықтарының әсері | 10.3.2.8, 10.3.2.9 |
| ХХ ғасырдағы дүниежүзілік соғыстардың халықаралық қатынастар жүйесіне әсері | 10.3.2.10, 10.3.2.11, 10.3.2.12 |
| Буржуазиялық революциялар – индустриалды қоғамның құрылуының катализаторы | 10.3.3.1, 10.3.3.2, 10.3.3.3 |
| Социалистік революция әлеуметтік теңдік идеяларын жүзеге асырудың радикалды әдісі ретінде | 10.3.3.4, 10.3.3.5 |
| Қазіргі кездегі революциялар: себептері мен салдары | 10.3.3.7, 10.3.3.8, 10.3.3.9 |
Зерттеу жұмысы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді шешудің тәсілдері |
4-тоқсан
Мәдениет тің дамуы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Адамзаттың тарихи-мәдени мұрасын сақтап қалудағы ЮНЕСКО-ның қызметі | 10.4.1.1, 10.4.1.2 |
| Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы | 10.4.1.3, 10.4.1.4 |
| Тарихи процестер контекстіндегі өнердің бағыттары мен стильдері | 10.4.2.1, 10.4.2.2, 10.4.2.3 |
| Зманауи өнердің даму тенденциялары | 10.4.2.4, 10.4.2.5 |
| Тарихи оқиғалар контекстіндегі құндылықтардың өзгеруі | 10.4.3.1, 10.4.3.2 |
| Жаһандану жағдайындағы рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеру мәселесі | 10.4.3.3, 10.4.3.4, 10.4.3.5 |
Зерттеу жұмысы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Мәдениет адамзаттың рухани-адамгершілік құндылықтардың бейнесі ретінде |