Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Дүниежүзі тарихы пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 5‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат

Оқу мақсаттары

5‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Әлеуметтік қатынастардың дамуы

1.1 Әлеуметтік құрылымдар

  • 5.1.1.1 түрлі теориялар негізінде адамның пайда болуын түсіндіру
  • 5.1.1.2 адамдар тобыры, ру, қауым, тайпа секілді алғашқы бірлестік формаларын және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіру

1.2 Әлеуметтік өзара әрекеттестік

  • 5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау
  • 5.1.2.2 ежелгі дүниедегі құлдық тың ерекшеліктерін анықтау
  • 5.1.2.3 қоғамның әлеуметтік құрылымын түсіндіру үшін Үндістандағы "касталық жүйе" ұғымын қолдану

2-бөлім. Мәдениеттің дамуы мен өзара әрекеттестігі

2.1 Дін

  • 5.2.1.1 негізгі діни ұғымдар ды (Құдай, ғибадатхана, абыз, қасиетті жазбалар, пұт) түсіндіру
  • 5.2.1.2 тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу
  • 5.2.1.3 ежелгі қоғамның дамуына діндердің ықпалын сипаттау

2.2 Өнер

  • 5.2.2.1 ежелгі адамдардың тұрмыс салтын сипаттау үшін "алғашқы қауымдық өнер" ұғымын білу
  • 5.2.2.2 Ежелгі Египеттің ғибадатханалары мен пирамидаларын сипаттау
  • 5.2.2.3 ежелгі дүние өнеріне сипаттама беру

2.3 Философиялық жүйелер

  • 5.2.3.1 ежелгі философтардың көзқарастарына қарапайым түсіндірме беру

2.4 Ғылым

  • 5.2.4.1 ежелгі қоғамның дамуындағы жазудың рөлін сипаттау
  • 5.2.4.2 ғылымдар дың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекетпен әлеуметтік өзгерістер дің ықпалын сипаттау

3-бөлім. Саяси жүйелердің дамуы мен өзара әрекеттестігі

3.1 Мемлекет: белгілері, құрылымы және басқару тәртібі

  • 5.3.1.1 ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау
  • 5.3.1.2 Афина мемлекетінде демократияның пайда болуын түсіндіру

3.2 Империя лар, соғысар, көтерілістер және революциялар

  • 5.3.2.1 ежелгі заман тарихын дағы мемлекет аралық қатынастарды түсіндіру үшін "империя" ұғымын білу және пайдалану
  • 5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империя лардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін түсіндіру
  • 5.3.2.3 Ежелгі Римдегі Спартак көтерілісін сипаттау, себептерін анықтау

4-бөлім. Экономикалық қатынастардың дамуы

4.1 Шаруашылық жүйелер: эволюция және өзара әрекеттес тік

  • 5.4.1.1 кәсіп және шаруашылық түрлерін (терімшілік, аңшылық, балық аулау, егіншілік, мал шаруа шылығы, металл өңдеу, айырбас сауда) сипаттау
  • 5.4.1.2 "неолит тік төңкеріс" ұғымын түсіндіру, оның мәнін ашу
  • 5.4.1.3 ежелгі өркениет тердің шаруашы лық жүйесін сипаттау

4.2 Экономикалық жүйелер дің тарихи үлгілері

  • 5.4.2.1 экономикалық ілгерілеуді түсіну үшін шаруашылықтың иемденуші және өндіруші түрлерін салыстыру

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

1‑бөлім. Терімшілер-аңшылардан бастап егіншілер мен мал өсірушілерге дейін

Тақырып Оқу мақсаттары
Алғашқы адам қалай пайда болды? 5.1.1.1, 5.1.1.2
Неліктен ежелгі адамдар Ласко үңгірінің қабырғаларына сурет салған? 5.2.2.1, 5.2.1.2
Неліктен адамдар егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналыса бастады? 5.4.1.1, 5.4.1.2, 5.4.2.1

2‑бөлім. Өзен алқаптары өркениеттері

Тақырып Оқу мақсаттары
Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды? 5.4.1.3
Өзен алқаптарындағы өркениеттер туралы қалай біле аламыз? 5.4.1.3, 5.2.2.3

3‑бөлім. Ежелгі Египет

Тақырып Оқу мақсаттары
Неліктен Египет "Қара жер" деп аталған? 5.2.4.2, 5.4.1.3
Ежелгі Египет пирамидалары қалай салынды? 5.2.1.2, 5.2.2.2, 5.1.2.1
Пунт жеріне перғауын Хатшепсут кемелерін не үшін жіберді? 5.1.2.1, 5.4.1.3
Ежелгі Египет тұрғындарының өмірі туралы Тутанхамон табытханасы қандай сыр шертеді? 5.2.1.2, 5.2.2.2, 5.1.2.1

2-тоқсан

4‑бөлім. Қос дөңгелекті арбалар және империялар

Тақырып Оқу мақсаттары
Қос дөңгелекті арбаның пайда болуы әлемді қалай өзгертті? 5.3.2.1, 5.3.2.2
Хаммурапи патша Вавилонды қалай қуатты империяға айналдырды? 5.3.2.1, 5.3.2.2
Таяу және Орта Шығыстағы ежелгі империялар неліктен қуатты болды? 5.3.2.2, 5.1.2.1, 5.4.1.3
Ежелгі Орта Азия империялары қаншалықты қуатты болды? 5.3.2.2, 5.1.2.1, 5.4.1.3

5‑бөлім. Ежелгі Үндістан: буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің салтанат құруы

Тақырып Оқу мақсаттары
Ежелгі Мохенджо-Даро қаласы қалай жойылып кетті? 5.4.1.3, 5.2.2.3
Неліктен Ежелгі Үндістанда индуизм буддизмнен басым болды? 5.1.2.3, 5.2.1.3
Ежелгі сауда орталығы ретіндегі Үндістанның рөлі қаншалықты маңызды болды? 5.4.1.3, 5.2.4.2
Ежелгі Үндістанда ғылыми білімдер қаншалықты дамыды? 5.2.4.2

3-тоқсан

6‑бөлім. Ежелгі Қытай

Тақырып Оқу мақсаттары
Ежелгі Қытайдың ойшылдары нені үйретті? 5.2.3.1
Терракот әскері Ежелгі Қытай туралы қандай ақпарат береді? 5.3.1.1
Ежелгі Қытайдың қандай ғылыми жаңалықтары бүгінгі күнге дейін жетті? 5.2.4.2

7‑бөлім. Ежелгі Грекия

Тақырып Оқу мақсаттары
Ежелгі Грекия өркениеті бастауын қайдан алады? 5.2.2.3
Неліктен Ежелгі Грекияны демократияның отаны деп атайды? 5.3.1.1, 5.3.1.2, 5.1.2.1
Ежелгі Спарта Афиныдан несімен ерекшеленді? 5.3.1.1, 5.1.2.1
Неліктен Александр Македонский скифтерді бағындыра алмады? 5.3.2.1, 5.3.2.2

8‑бөлім. Ежелгі Грекия мәдениеті

Тақырып Оқу мақсаттары
Ежелгі Грек философтары мінсіз қоғамды қалай елестетті? 5.2.3.1
Ежелгі Грекия өнері қандай болды? 5.2.2.3
Ежелгі Грекияның гимназия, лицей, академиялары нені үйретті? 5.2.4.2, 5.2.4.1

4-тоқсан

9‑бөлім. Рим империясының гүлденуі

Тақырып Оқу мақсаттары
Рим ежелгі дүниенің ең қуатты империясына қалай айналды? 5.3.2.1, 5.3.1.1, 5.3.2.2
Ежелгі римдік қоғамның дамуы мәдениет арқылы қалай айқындалады? 5.1.2.1, 5.2.2.3
Спартактың көтерілісі ежелгі Римдегі құлдықты қалай сипаттайды? 5.1.2.2, 5.3.2.3

10‑бөлім. Дәуірлер кезеңіндегі Рим

Тақырып Оқу мақсаттары
І-ІІІ ғасырларда Рим империясы қалай дамыды? 5.3.2.2, 5.2.1.3, 5.2.1.1
IV-V ғасырларда Рим империясы қалай өзгерді? 5.3.2.2, 5.2.1.3
Ежелгі дүниенің мәдени мұрасы қандай? 5.2.4.1, 5.2.2.3, 5.2.4.2
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 5-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.