Оқу бағдарламалары
Дүниежүзі тарихы пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 11‑сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат
Оқу мақсаттары
11‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
Бөлімсіз
- 11.1.1.1 мемлекеттердің экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін "экономика" және "экономикалық жүйе" ұғымдарын қолдану
- 11.1.1.2 экономикалық жүйелердің тарихи типтерінің белгілерін түсіндіре отырып оларды жіктеу
- 11.1.1.3 мемлекеттердің мысалында экономиканың дәстүрлі (аграрлы) түріне тән белгілерін анықтау
- 11.1.1.4 экономикалық жүйелердің түрлері туралы білімдерін пайдалана отырып, экономикалық дамудың ерекшелітерін түсіндіру
- 11.1.1.5 елдердің мысалында нарықтық экономикаға тән белгілерді анықтау
- 11.1.1.6 мемлекеттердің мысалында жоспарлы (социалистік) экономикаға тән белгілерін анықтау
- 11.1.1.7 экономиканың аралас түріне тән белгілерді анықтай отырып, оған көшудің себептерін зерттеу
- 11.1.2.1 экономиканың дамуындағы табиғи-географиялық шектеуші факторларға төтеп берудің амалдарын зерттеу
- 11.1.2.2 қазіргі заман тарихында шектеуші табиғи-географиялық факторлар жағдайындағы мемлекеттердің сәтті экономикалық дамуының мысалдарын тұжырымдау
- 11.1.3.1 мемлекеттер мен аймақтардың әркелкі экономикалық дамуының тарихи алғышарттарын анықтау
- 11.1.3.2 өлшемшарттар негізінде мемлекеттерді экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу
- 11.1.3.3 мемлекеттердің кедейшілік мәселесін шешуге бағытталған іс-әрекетін зерттеп, оның тиімділігін анықтау
- 11.1.3.4 мемлекеттер мен аймақтардың кедейшілік пен экономикалық артта қалушылыққа төтеп берудегі халықаралық ұйымдардың рөлін бағалау
- 11.2.1.1 мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіру үшін "құқықтық мемелекет" ұғымын қолдану
- 11.2.1.2 мемлекеттердің мысалында құқықтық мемлекеттің қалыптасу жолдарын талдау
- 11.2.1.3 қазіргі кездегі адам құқықтарының Жалпы Декларациясының маңызын негіздеу
- 11.2.1.4 мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесі дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіру үшін "азаматтық қоғам" ұғымын қолдану
- 11.2.1.5 құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның құрылуының байланысын анықтау
- 11.2.1.6 мемлекеттердегі үкіметтік емес ұйымдардың қызметін бағалау
- 11.2.2.1 Ялта-Потсдам халықаралық қатынастар жүйесінің ыдырау себептерін талдау
- 11.2.2.2 әлемнің биполярлы жүйесінің ерекшеліктерін сипаттау
- 11.2.2.3 қазіргі кездегі халықаралық қатынастарды сипаттау үшін "постбиполярлық жүйе", "көпвекторлы саясат", "бір полярлы әлем" ұғымдарын қолдану
- 11.2.2.4 қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын сипаттау
- 11.2.3.1 тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін "сепаратизм", "терроризм", "фундаментализм", "экстремизм", "миграция", "босқындар" терминдерін қолдану
- 11.2.3.2 сепаратизм, экстремизм және халықаралық лаңкестіктің таралу себептері мен салдарларын анықтау
- 11.2.3.3 бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметін талдау
- 11.3.1.1 қоғамдық ойдың дамуын түсіндіру үшін "либерализм", "ұлтшылдық", "социал -демократия", "марксизм", "экзистенциализм", "прагматизм", "позитивизм" түсініктерін қолдану
- 11.3.1.2 қоғамдық-саяси ойдың дамуы үшін Ағартушылық дәуір идеяларының маңыздылығын бағалау
- 11.3.1.3 XIX-XX ғасырлардағы қоғамдық құрылыс туралы философиялық ойдың даму ерекшеліктерін зерттеу
- 11.3.2.1 Үндістанның қоғамдық-саяси даму идеологиясы ретінде "гандизм" ұғымын түсіндіру
- 11.3.2.2 Үндістанның ұлттық тәуелсіздікке жетудегі бейбіт жолмен қарсыласу идеяларының маңыздылығын анықтау
- 11.3.2.3 АҚШ-тағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "нәсілдік кемсітушілік", "сегрегация" ұғымдарын қолдану
- 11.3.2.4 азаматтық құқықтар үшін күресте тұлғаның белсенді азаматтық позициясының маңыздылығын бағалау
- 11.3.2.5 Оңтүстік Африка Республикасындағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "апартеид" ұғымын қолдану
- 11.3.3.1 мемлекет тарихының өтпелі кезеңдеріндегі реформалардың маңыздылығын бағалау
- 11.3.3.2 тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "этатизм", "зайырлы мемлекет" ұғымдарын қолдану
- 11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі туралы қорытындылар жасау
- 11.3.3.4 бейбіт және соғыс кезеңіндегі Ф. Рузвельттің ішкі және сыртқы саясатының ерекшеліктерін анықтау
- 11.3.3.5 Франциядағы әлеуметтік-саяси процестерді түсіндіру үшін "голлизм" ұғымын қолдану
- 11.3.3.6 Ш. Голль қызметінің мысалында мықты президенттік билік институтының маңыздылығын дәлелдеу
- 11.3.3.7 әлеуметтік-экономикалық процестерді түсіндіру үшін "қытайлық ерекшелігі бар социализм" ұғымын қолдану
- 11.3.3.8 Қытай Халық Республикасы мысалында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің себептерін талдау
- 11.3.3.9 тарихи оқиғаларды талдау негізінде Оңтүстік-Шығыс Азиядағы "экономикалық ғажайып" факторларын тұжырымдау
- 11.3.3.10 Сингапур және Малайзия мысалында мемлекет модернизациясының ерекшеліктерін салыстыру
- 11.3.3.11 қазақстандық модернизация үлгісін құрастыру және жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлін бағалау
- 11.3.3.12 "Қазақстан - 2030", "Қазақстан - 2050" стратегияларының мысалында мемлекет дамуының ұзақ мерзімді жоспарының тиімділігін дәлелдеу
- 11.3.3.13 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясын ұсынудың өзектілігін негіздеу
- 11.4.1.1 тарихи даму контекстіндегі әлем халықтарының жазу түрлерін жіктеу
- 11.4.1.2 адамзат өркениетінің дамуындағы жазу мен кітап бастыру ісінің маңыздылығын анықтау
- 11.4.1.3 адамзат тарихы контекстінде мектептегі білім берудің дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықтарды сипаттау
- 11.4.1.4 мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы білім берудің рөлін талдау
- 11.4.1.5 мектептегі білім берудің заманауи үлгілерін, оның ерекшеліктері мен артықшылықтарын анықтай отырып салыстыру
- 11.4.1.6 жоғары оқу орындарының пайда болу тарихын, олардың ортақ даму тенденцияларын анықтай отырып зерттеу
- 11.4.1.7 ағартушылық пен ғылымды өрістетудегі алғашқы университеттердің рөлін талдау
- 11.4.1.8 заманауи жоғарғы білім беру үлгілерін салыстырып, артықшылықтары мен ерекшеліктерін анықтау
- 11.4.2.1 мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау үшін "өнеркәсіп революциясы", "ғылыми-техникалық революция" ұғымдарын қолдану
- 11.4.2.2 қазіргі кездегі өркениеттің дамуындағы ғылыми-техникалық революцияның маңыздылығын бағалау
- 11.4.2.3 әлеуметтік-экономикалық процестердің ерекшеліктерін түсіндіру үшін "ғылыми-техникалық прогресс" ұғымын қолдану
- 11.4.2.4 қазіргі заманның жаһандық мәселелерінің туындауына ғылыми-техникалық прогресстің әсерін зерттеу
- 11.4.3.1 қоғамның дамуына ақпараттық технологиялардың әсерін зерттеу
- 11.4.3.2 адамзат өркениетінің дамуы үшін ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктердің ықтимал салдарын болжау
- 11.4.3.3 ғылымның заманауи тенденцияларының дамуын түсіндіру үшін "гендік инженерия", "нанотехнология", "энергияның балама көздері" ұғымдарын қолдану
- 11.4.3.4 жаңа ғылыми бағытттар жетістіктерінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін талдау
- 11.4.3.5 қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешу үшін ғылым мен техниканың заманауи түрлерінің дамуынның маңызын түсіндіру
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Өркениет: даму ерекшеліктері
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Экономика және экономикалық жүйелердің типтері | 11.1.1.1, 11.1.1.2 |
| Дәстүрлі (аграрлық) экономика | 11.1.1.3 |
| Нарықтық экономика | 11.1.1.4, 11.1.1.5 |
| Жоспарлы (социалистік) экономика | 11.1.1.4, 11.1.1.6 |
| Экономиканың аралас түрі | 11.1.1.7 |
| Мемлекеттердің экономикалық дамуындағы табиғи-географиялық шектеуші факторларға төтеп берудің тарихи мысалдары | 11.1.2.1, 11.1.2.2 |
| Мемлекеттердің экономикалық даму деңгейі бойынша жіктелуі | 11.1.3.1, 11.1.3.2 |
| Жекелеген мемлекеттер мен аймақтардың кедейшілікке және экономикалық артта қалушылыққа төтеп беру жолдары | 11.1.3.3, 11.1.3.4 |
2-тоқсан
Саяси-құқықтық процестер
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Құқықтық мемлекет түсінігі | 11.2.1.1 |
| Құқықтық мемлекет принциптерінің жүзеге асырылуының тарихи тәжірибесі | 11.2.1.2, 11.2.1.3 |
| Азаматтық қоғам түсінігі және жалпы сипаттамасы | 11.2.1.4, 11.2.1.5 |
| Азаматтық қоғамдағы үкіметтік емес ұйымдар | 11.2.1.6 |
| Әлемнің саяси жүйесінің өзгеруі | 11.2.2.1, 11.2.2.2 |
| Әлем құрылысының постбиполярлық жүйесі | 11.2.2.3, 11.2.2.4 |
| Халықаралық қауіпсіздікке төнген қазіргі кездегі қауіп-қатерлер | 11.2.3.1, 11.2.3.2 |
| Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда мемлекеттердің бірлескен әрекеттері | 11.2.2.4, 11.2.3.3 |
3-тоқсан
Қоғамдық-саяси ойдың дамуы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Жаңа заман және қазіргі кездегі қоғамдық ойдың дамуының негізгі бағыттары | 11.3.1.1, 11.3.1.2, 11.3.1.3 |
| М. Ганди және оның бейбіт жолмен қарсыласу идеясы | 11.3.2.1, 11.3.2.2 |
| Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы | 11.3.2.3, 11.3.2.4 |
| Н. Манделла –апартеидке қарсы күресуші | 11.3.2.4, 11.3.2.5 |
| Мұстафа Кемал Ататүрік –Түрік Республикасының негізін қалаушы | 11.3.3.1, 11.3.3.2, 11.3.3.3 |
| Франклин Делано Рузвельт және оның "жаңа бағыты" | 11.3.3.3, 11.3.3.4 |
| Шарль де Голль: Франция ұлылығының қайта жаңғыруы | 11.3.3.5, 11.3.3.6 |
| Дэн Сяопин – көрнекті қытай реформаторы | 11.3.3.7, 11.3.3.8 |
| Ли Куан Ю и Махатхир Мохаммад: "үшінші әлемнен бірінші әлемге" | 11.3.3.9, 11.3.3.10 |
| Н. Назарбаев және модернизацияның қазақстандық моделі | 11.3.3.11, 11.3.3.12, 11.3.3.13 |
4-тоқсан
Білім мен ғылымның дамуы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Жазу мен кітап бастыру – адамзаттың ұлы жетістіктері | 11.4.1.1, 11.4.1.2 |
| Мектептегі білім беру: ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін | 11.4.1.3, 11.4.1.4, 11.4.1.5 |
| Жоғары білім беру жүйесі: өткені мен бүгіні | 11.4.1.6, 11.4.1.7, 11.4.1.8 |
| Ғылыми-техникалық прогресстің тарихи кезеңдері | 11.4.2.1, 11.4.2.2 |
| Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі заманның жаһандық проблемалары | 11.4.2.3, 11.4.2.4 |
| Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар | 11.4.3.1, 11.4.3.2 |
| Қазіргі ғылымның перспективті салалары | 11.4.3.3, 11.4.3.4, 11.4.3.5 |