Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Дүниежүзі тарихы пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат

Оқу мақсаттары

10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

Бөлімсіз

  • 10.1.1.1 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін "өркениет", "өркениет типі" терминдерін қолдану
  • 10.1.1.2 "Өркениет" түсінігін зерттеудің негізгі әдістерін түсіндіру
  • 10.1.2.1 өркениеттің дәстүрлі, индустриалды және постиндустриалды түрінің ерекшеліктерін анықтау
  • 10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау
  • 10.1.3.1 ежелгі өркениеттердің ерекшеліктерін талдау
  • 10.1.3.2 мемлекет пен қоғамның дамуы туралы ежелгі философиялық ілімдерді зерттеу
  • 10.1.3.3 локальді өркениеттердің ерекшеліктерін талдау
  • 10.1.3.4 әлемдік діндердің даму кезеңдері мен ерекшеліктерін сипаттау
  • 10.1.3.5 қазіргі кездегі өркениет жағдайында әлемдік діндердің даму тенденцияларын анықтау
  • 10.1.3.6 қазіргі кездегі деструктивті діни ұйымдар мен ағымдардың қоғамға әсерін бағалау
  • 10.1.4.1 себеп-салдарлық байланысты анықтай отырып, әлемдік сауданың өркениет дамуындағы рөлін анықтау
  • 10.1.4.2 әлемдік экономиканың дамуындағы халықаралық ұйымдардың рөлін анықтау
  • 10.1.4.3 қазіргі өркениеттің дамуындағы дипломатияның рөлін анықтау
  • 10.1.4.4 ежелгі және орта ғасырлардағы жаулап алушылық жорықтардың себептерін түсіндіру
  • 10.1.4.5 қазіргі өркениеттің даму контекстінде әскери қақтығыстардың ерекшеліктері мен салдарларын анықтау
  • 10.2.1.1 антропогенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау
  • 10.2.1.2 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін "этнос", "этногенез", "ұлт" ұғымдарын қолдану
  • 10.2.1.3 әлем картасын пайдалана отырып әртүрлі тарихи кезеңдердегі этникалық процестерді түсіндіру
  • 10.2.1.4 қазіргі кездегі ассимиляция мен саны аз этностардың жойылып кету себептерін анықтау
  • 10.2.1.5 жаһандану жағдайындағы этникалық және мәдени лікті сақтаудың маңыздылығын негіздеу
  • 10.2.2.1 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін "ұлтшылдық", "шовинизм", "нәсілдік кемсітушілік" терминдерін қолдану
  • 10.2.2.2 ұлтаралық қақтығыстардың пайда болуының себеп-салдарлық байланысын анықтау
  • 10.2.2.3 ұлтаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлін талдау
  • 10.2.2.4 ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің мысалында этностар арасындағы бейбіт әрекеттестіктің мүмкіндігін дәлелдеу
  • 10.2.3.1 тарихи процестерді түсіндіру үшін "социогенез", "формациялық әдіс", "өркениеттік әдіс" ұғымдарын қолдану
  • 10.2.3.2 социгенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау
  • 10.2.3.3 қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формаларын, оларға тән белгілерін анықтай отырып түсіндіру
  • 10.2.3.4 қазіргі қоғамның әлеуметтік стратификациясын зерттеу
  • 10.3.1.1 тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін "мемлекет", "билік", "басқару институты" терминдерін қолдану
  • 10.3.1.2 деректерді талдау негізінде саяси режимдер түрлерінің мықты және әлсіз жақтарын анықтай отырып, салыстыру
  • 10.3.2.1 деректерді қолдана отырып грек-парсы соғыстарының мысалында ерте империялардың пайда болу процесін түсіндіру
  • 10.3.2.2 эллинизмді таратудағы А.Македонскийдің жорықтарының рөлін бағалау
  • 10.3.2.3 халықтардың ұлы қоныс аударуының жағымды және жағымсыз салдарларын анықтау
  • 10.3.2.4 тарихи деректердің негізінде антикалық дәуірден орта ғасырларға өтудің заңдылығын тұжырымдау
  • 10.3.2.5 дәйекті қорытындылар жасау арқылы араб шапқыншылықтары мен крест жорықтарының себептерін анықтау
  • 10.3.2.6 моңғол шапқыншылығының Еуразиядағы ұлттық мемлекеттердің қалыптасу процесіне әсерін талдау
  • 10.3.2.7 әлемдегі өзгерістерді зерттей отырып моңғол шапқыншылығының салдарларын бағалау
  • 10.3.2.8 Наполеон соғыстары мен Еуропа мемлекеттеріндегі капиталистік дамудың ілгерілеуі арасындағы себеп-салдарлық байланысты орнату
  • 10.3.2.9 Наполеон Кодексінің Еуропадағы либералды қоғамдық идеялардың таралуындағы маңыздылығын бағалау
  • 10.3.2.10 тарихи құжаттарды талдау негізінде Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардың себептері мен салдарларын түсіндіру
  • 10.3.2.11 Версаль-Вашингтон және Ялта-Потсдам жүйелерінің тиімділігін және олардың қазіргі заманға әсерін бағалау
  • 10.3.3.1 аграрлы қоғамнан индустриалды қоғамға өту заңдылықтарын тұжырымдау
  • 10.3.3.2 буржуазиялық революциялардың нәтижесіндегі әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерді түсіндіру
  • 10.3.3.3 социалисттік революцияның мәнін түсіну үшін әлеуметтік теңдік идеясының даму кезеңдерін зерттеу
  • 10.3.3.4 капитализмнен социализмге өтудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттарын анықтау
  • 10.3.3.5 социалистік революциялардың нәтижесінде қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерін түсіндіру
  • 10.3.3.6 Шығыс Еуропадағы "барқыт" революцияларының мазмұны мен нәтижелерін талдау
  • 10.3.3.7 "араб көктемі" және "түрлі-түсті революциялардың" ішкі және сыртқы факторларын анықтау
  • 10.4.1.1 ЮНЕСКО қызметін мысалға ала отырып тарихи-мәдени мұраны сақтап қалу жолдарын түсіндіру
  • 10.4.1.2 ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра нысандар тізімі ескерткіштерінің мысалында тарихи-мәдени мұраның маңыздылығын анықтау
  • 10.4.1.3 әлемнің ең ірі мұражайларын зерттеп, ерекшеліктерін анықтау
  • 10.4.1.4 әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтап қалудағы мұражайлардың рөлін түсіндіру
  • 10.4.2.1 қоғамдағы өзгерістерді түсіну үшін "абстракционизм", "модернизм", "постмодер- низм", "авангардизм", "футуризм", "кубизм", "сюрреализм", "экспрессионизм", "гиперреа- лизм", "хайтек" терминдерін қолдану
  • 10.4.2.2 өнердің стильдері мен бағыттарының дамуына қоғамдық процестердің әсерін анықтау
  • 10.4.2.3 әлем мәдениетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылық туындыларын талдап, олардың ерекшеліктерін анықтау
  • 10.4.2.4 өзгерістер пен сабақтастықтарды анықтай отырып, қазіргі кездегі өнердің даму тенденцияларын анықтау
  • 10.4.2.5 бұқаралық мәдениеттің ерекшеліктерін түсіндіріп, оның қазіргі қоғамға әсерін талдау
  • 10.4.3.1 қоғамның тарихи даму контекстіндегі рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеру мысалдарын зерттеу
  • 10.4.3.2 қоғамның моральдық құндылықтарын қайта бағалауға септігін тигізген XX ғасырдың тарихи оқиғаларының ерекшеліктерін анықтау
  • 10.4.3.3 қоғамның тұрақты дамуы үшін қазіргі әлемнің жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарының маңызын түсіндіру
  • 10.4.3.4 жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға әсерін талдау

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Өркениет: даму ерекшеліктері

Тақырып Оқу мақсаттары
"Өркениет" түсінігі 10.1.1.1, 10.1.1.2
Өркениеттің: дәстүрлі, индустриалды және постиндустриалды түрлері 10.1.2.1, 10.1.2.2
Ежелгі әлем өркениеті 10.1.2.2, 10.1.3.1
Африка, Америка, Австралия және Океанияның дәстүрлі өркениеттері 10.1.2.2, 10.1.3.3
Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы 10.1.3.4, 10.1.3.6
Өркениеттер әрекеттестігінің сауда- экономикалық аясы 10.1.4.1, 10.1.4.2
Өркениеттер әрекеттестігінің дипломатиялық аясы 10.1.4.3
Өркениеттер әрекеттестігінің әскери-саяси аясы 10.1.4.4, 10.1.4.5

2-тоқсан

Этникалық және әлеуметтік процестер

Тақырып Оқу мақсаттары
Адамның шығу тегі теориялары 10.2.1.1
Этностардың пайда болуы және дамуы 10.2.1.2, 10.2.1.3, 10.2.1.5
Этносаралық қатынастар: проблемалары және қарама-қайшылықтары 10.2.2.1, 10.2.2.2
Этносаралық қатынастар: бейбіт өзара әрекеттестік тәсілдері 10.2.2.3, 10.2.2.4
Социогенез туралы теориялардың алуан түрлілігі 10.2.3.1, 10.2.3.2
Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары 10.2.3.3, 10.2.3.4

3-тоқсан

Мемлекет, соғыс және революциялар тарихы нан

Тақырып Оқу мақсаттары
Мемлекет түсінігі және саяси режимдердің түрлері 10.3.1.1, 10.3.1.2
Антикалық кезеңдегі әлемдік империялардың қалыптасуы 10.3.2.1, 10.3.2.2
Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары ежелгі заманнан ортағасырларға өтудің бір факторы ретінде 10.3.2.3, 10.3.2.4
Араб шапқыншылықтары мен Крест жорықтары 10.3.2.5
Еуразия картасының өзгеруіне Шыңғысхан жорықтарының ықпалы 10.3.2.6, 10.3.2.7
Еуропаның өзгеруіне Наполеон жорықтарының әсері 10.3.2.8, 10.3.2.9
ХХ ғасырдағы дүниежүзілік соғыстардың халықаралық қатынастар жүйесіне әсері 10.3.2.10, 10.3.2.11
Буржуазиялық революциялар – индустриалды қоғамның құрылуының катализаторы 10.3.3.1, 10.3.3.2
Социалистік революция әлеуметтік теңдік идеяларын жүзеге асырудың радикалды әдісі ретінде 10.3.3.3, 10.3.3.4
Қазіргі кездегі революциялар: себептері мен салдары 10.3.3.6, 10.3.3.7

4-тоқсан

Мәдениет тің дамуы

Тақырып Оқу мақсаттары
Адамзаттың тарихи-мәдени мұрасын сақтап қалудағы ЮНЕСКО-ның қызметі 10.4.1.1, 10.4.1.2
Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы 10.4.1.3, 10.4.1.4
Тарихи процестер контекстіндегі өнердің бағыттары мен стильдері 10.4.2.1, 10.4.2.2, 10.4.2.3
Зманауи өнердің даму тенденциялары 10.4.2.4, 10.4.2.5
Тарихи оқиғалар контекстіндегі құндылықтардың өзгеруі 10.4.3.1, 10.4.3.2
Жаһандану жағдайындағы рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеру мәселесі 10.4.3.3, 10.4.3.4
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 10-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.