Оқу бағдарламалары
Дүниежүзі тарихы пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 6‑сынып
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат
Оқу мақсаттары
6‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Әлеуметтік қатынастардың дамуы
1.1 Әлеуметтік құрылымдар
- 6.1.1.1 феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымын сипаттау
1.2 Әлеуметтік өзара әрекеттестік
- 6.1.2.1 үстемдік етушілер мен бағыныштылардың (феодалдар мен шаруалар дың) өзара қатынасын сипаттау
2-бөлім. Мәдениеттің дамуы мен өзара әрекеттестігі
2.1 Дін
- 6.2.1.1 адамның дүниетанымы мен қоғамдық өмірдегі дін рөлінің өзгеру себептерін анықтау
- 6.2.1.2 тарихи процестер контекстінде "гуманизм", "реформация", "про тестантизм", "лютеранство", "каль винизм", "контрреформация", "кезуиттер ордені" ұғымдарын түсіндіру
2.2 Өнер
- 6.2.2.1 тарихи оқиғалар дың өзара байланысын орнату арқылы діндердің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау
- 6.2.2.2 өнердің (сәулет, сурет өнері) дамуына қоғамдағы өзгерістердің ықпалын анықтау
- 6.2.2.3 антикалық мәдениет пен байланыс орнату арқылы Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетін (бейнелеу, мүсін өнері) сипаттау
- 6.2.2.4 Шығыстың ортағасырлық мәдениеті нің ерекшеліктерін сипаттау
2.3 Философиялық жүйелер
- 6.2.3.1 Шығыс ойшылдары жетістіктерінің маңызын түсіндіру
- 6.2.3.2 гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау
2.4 Ғылым
- 6.2.4.1 адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің рөлін түсіндіру
- 6.2.4.2 жаратылыстану ғылымдарының келешектегі дамуы үшін кейінгі орта ғасырлар кезеңінде Жердің құрылысы туралы жасалған ғылыми жаңалықтардың маңыздылығын анықтау
- 6.2.4.3 картадан XV-XVI ғасырдағы саяхатшылардың негізгі бағыт-бағдарларын белгілей отырып, Ұлы географиялық жаңалық тардың адамдар дың әлем туралы түсінігіне ықпалын анықтау
3-бөлім. Саяси жүйелердің дамуы мен өзара әрекеттестігі
3.1 Мемлекет: белгілері, құрылымы және басқару тәртібі
- 6.3.1.1 "ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар" хронологиялық шегін білу және уақыт сызығын да белгілеу
- 6.3.1.2 Батыс пен Шығыс тағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату
- 6.3.1.3 феодалдық мемлекеттің даму кезеңдерін сипаттау
- 6.3.1.4 феодалдық соғыстар мен орталық тандырыл ған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату
- 6.3.1.5 саяси биліктің ерекшеліктерін анықтау үшін әр түрлі ел билеуші лерінің қызметін салыстыру
- 6.3.1.6 басқару формасына сипаттама беру үшін "парламент", "Бас штаттар", "сейм", "кортес", "Боярлар Думасы" ұғымдарын түсіндіру
3.2 Империя лар, соғысар, көтерілістер және революциялар
- 6.3.2.1 Рим империясының ыдырау себептерін анықтау және жіктеу
- 6.3.2.2 кейінгі орта ғасыр кезеңіндегі антифеодалдық көтеріліс тердің себептері мен салдарын анықтау
- 6.3.2.3 Византияның ішкі саясатын сипаттап, оның ұзақ өмір сүруінің себептерін анықтау және жіктеу
- 6.3.2.4 Византияның дипломатиялық саясатын оның көршілес елдермен қарым-қатынасының мысалында қарастырып, сипаттау
- 6.3.2.5 ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың ерекшеліктерін анықтау
- 6.3.2.6 картада оқиғаларды даму динамикасында белгілей отырып, 1-4 жорықтар мысалында крест жорықтарының себеп-салдарын анықтау
- 6.3.2.7 "отаршылдық саясат" ұғымын түсіндіру (Испания және Португалияның жаулап алуының мысалында)
4-бөлім. Экономикалық қатынастардың дамуы
4.1 Шаруашылық жүйелер: эволюция және өзара әрекеттес тік
- 6.4.1.1 қолөнер мен сауданың рөлін анықтай отырып, ортағасырлық қалалардың даму ерекшеліктерін сипаттау
- 6.4.1.2 ортағасырлардағы халықаралық сауда мен саяхаттардың рөлін түсіндіру
4.2 Экономикалық жүйелер дің тарихи үлгілері
- 6.4.2.1 экономикалық қатынастардың формаларын түсіндіру арқылы феодалдық шаруашылықтың ерекшеліктерін сипаттау
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
1‑бөлім. Рим империясының құлауы
2‑бөлім. Феодализм
3‑бөлім. Ислам тарихы
2-тоқсан
4‑бөлім. Крест жорықтары
5‑бөлім. Моңғолдар
6‑бөлім. XIV ғасыр- XVI ғасырдың бірінші жартысындағы ортағасырлық еуропалық қоғам
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| "Қара індет" не себепті жылдам таралды ? | 6.2.4.1 |
| "Қара індет" шаруалар көтерілістері мен феодалдық соғыстардың басты себебі болды ма? | 6.3.2.2, 6.3.1.4 |
| Еуропада орталықтандырылған мемлекеттер қалай құрылды? | 6.3.1.4 |
| Неліктен Жанна д̓ Арк француз халқының есінде сақталады? | 6.3.1.4 |