Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Дүниежүзі тарихы пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 8‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат

Оқу мақсаттары

8‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Әлеуметтік қатынастардың дамуы

1.1 Әлеуметтік құрылымдар

  • 8.1.1.1 тарихи оқиғаның нәтижелерін талдау арқылы әлеуметтік құрылымның өзгеруіне Қазан төңкерісі әсерін сипаттау
  • 8.1.1.2 социалистік қоғамның дамуына байланысты әлеуметтік топтардың (жұмысшы табы, шаруалар, зиялылар) мәртебесіндегі өзгерісті талдау

1.2 Әлеуметтік өзара әрекеттестік

  • 8.1.2.1 қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге реакцияшыл идеология лардың (фашизм, тоталитаризм, нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық) таралу ықпалын талдау

2-бөлім. Мәдениеттің дамуы мен өзара әрекеттестігі

2.1 Дін

  • 8.2.1.1 тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін салыстыра отырып, мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттау
  • 8.2.1.2 "секуля ризация" "ұждан бостандығы", "зайырлы мемлекет", "мемлекеттік дін" ұғымдарын түсіндіру

2.2 Өнер

  • 8.2.2.1 XIX - XX ғасырдың басындағы өнердегі негізгі ағымдарды сипаттау (модернизм, символизм, реализм, авангардизм)
  • 8.2.2.2 ХХ ғасырдың бірінші жартысында бұқаралық мәдениеттің (кинематограф, радио) қоғамның рухани дамуына ықпалын талдау

2.3 Философиялық жүйелер

  • 8.2.3.1 "позитивизм", "прагматизм", "экзистенциализм" ұғымдарын тарихи кезеңді сипаттау үшін қолдану

2.4 Ғылым

  • 8.2.4.1 әлем мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы Дж. Кейнс теориясы ның рөлін сипаттау
  • 8.2.4.2 тарихи оқиғалардың себептерін, нәтижелерін, маңызын тұжырымдау арқылы, ғылымның әлем мемлекет терінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлін бағалау
  • 8.2.4.3 тарихи оқиғаларға түсіндірме бере отырып, әскери ғылым мен техника ның және соғыс стратегия ларының рөлін бағалау

3-бөлім. Саяси жүйелердің дамуы мен өзара әрекеттестігі

3.1 Мемлекет: белгілері, құрылымы және басқару тәртібі

  • 8.3.1.1 қоғамдық-саяси ағымдардың (әлеуметтік либерализм, консерватизм, марксизм, социал-демократия) қоғамның өміріне ықпалын талдау
  • 8.3.1.2 тоталитаризм, әміршіл-әкімшіл жүйе сияқты саяси режимдер дің қалыптасу алғы шарттары мен тарихын түсіндіру
  • 8.3.1.3 фактілерді, процестер мен оқиғаларды салыстыру арқылы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығудың түрлі жолдарын түсіндіру (АҚШ, Франция, Германия)

3.2 Империя лар, соғысар, көтерілістер және революциялар

  • 8.3.2.1 Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептерін айқындау
  • 8.3.2.2 әлемнің саяси картасында ғы өзгеріс терді сипаттау арқылы империя лардың (Австро – Венгрия, Ресей, Осман империясы) ыдырау себептерін тұжырымдау
  • 8.3.2.3 Екінші дүниежүзілік соғыстың себептерін, сипаты мен салдарын талдау
  • 8.3.2.4 Ұлттар Лигасының қызметі мен Версаль-Вашингтон жүйесін талдау және бағалау
  • 8.3.2.5 ХХ ғасырдың басына қарай әлемнің аумақтық бөлінуін және мемлекеттердің саяси құрылымын сипаттау

4-бөлім. Экономикалық қатынастардың дамуы

4.1 Шаруашылық жүйелер: эволюция және өзара әрекеттес тік

  • 8.4.1.1 XX ғасырдың басындағы техникалық революция жетістіктерінің (конвейер өндірісі, стандарттау) мемлекеттердің шаруашы лық жүйесінің дамуына ықпалын бағалау
  • 8.4.1.2 индустрия лық қоғам ның даму процесін түсіндіру үшін "модернизация" ұғымын пайдалану
  • 8.4.1.3 тарихи оқиғаларды талдау үшін "бағалы қағаздар нарығы", "акция", "алыпсатарлық", "қор биржасы", "несие", "банкроттық, инфляция" ұғымдарын пайдалану
  • 8.4.1.4 фактілерді, процестерді, оқиғаларды салыстыра отырып, индустриялық қоғам қайшылықтарының (өндіру мен тұтыну теңгерімі) шиеленісу себептерін анықтау
  • 8.4.1.5 1930- жылдардағы құрылымдық экономикалық дағдарыстың нәтижесінде экономикада орын алған өзгерістерді анықтау

4.2 Экономикалық жүйелер дің тарихи үлгілері

  • 8.4.2.1 "жоспарлы экономика","нарықтық экономика" ұғымдарын қолдана отырып, XX ғасырдың бірінші жартысындағы капита лизм мен социализм нің экономикалық жүйелерін салыстыру

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

1‑бөлім. ХХ ғасырдың басындағы әлем

Тақырып Оқу мақсаттары
ХХ ғасырдың басында әлем бейнесі қандай болды? 8.3.2.5
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қандай ғылыми ашулар мен жаңа технологиялар ерекше маңызды болды? 8.2.4.2, 8.4.1.1, 8.4.1.2
XIX ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басында өнер қалайша өзгерді? 8.2.2.1, 8.2.2.2

2‑бөлім. Бірінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары

Тақырып Оқу мақсаттары
Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері қандай? 8.3.2.1
Бірінші дүниежүзілік соғыстың негізгі шайқастары қандай? 8.2.4.3
Бірінші дүниежүзілік соғыс әлем картасын қалай өзгертті? 8.3.2.2
Неліктен Ұлттар Лигасы Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемде бейбітшілікті сақтай алмады? 8.3.2.4

2-тоқсан

3‑бөлім. 1917 жылғы Ресейдегі революция

Тақырып Оқу мақсаттары
Ресейдегі самодержавие не себепті жойылды? 8.3.1.1
Большевиктер Уақытша үкіметтің билігін қалай жойды? 8.1.1.1
Неліктен қоғам "қызылдар" мен "ақтарға" қақ жарылды? 8.1.1.1
1917-1924 жылдарда Ресей қаншалықты өзгерді? 8.1.1.1, 8.2.1.1

4‑бөлім. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия елдері

Тақырып Оқу мақсаттары
Неліктен Мұстафа Кемалді "Ататүрік" деп атады? 8.2.1.1
Сунь Ятсеннің үш қағидаты Қытайды қалайша өзгертті? 8.3.1.1
"Танака меморандумы" қаншалықты қауіпті болды? 8.1.2.1, 8.3.1.2, 8.4.1.5
Махатама Гандидің идеялары Үндістандағы ұлттық сананың өсуіне қалай әсер етті? 8.2.1.1

3-тоқсан

5‑бөлім. Әлемдік экономикалықдағдарыс

Тақырып Оқу мақсаттары
Неліктен АҚШ-та 1920‑шы жылдарды "гүлдену кезеңі" деп атайды? 8.4.1.2, 8.4.1.1
Уолл-стриттің күйреу себептері мен салдары? 8.4.1.3, 8.4.1.4
Әлем елдері Ұлы дағдарыстан қалай шықты? 8.2.4.1, 8.4.1.5, 8.3.1.3

6‑бөлім. Еуропа елдеріндегі тоталитарлық режимдер

Тақырып Оқу мақсаттары
Сталиннің билігі тұсында КСРО қалай дамыды? 8.1.1.2, 8.4.2.1, 8.3.1.2
"Адамның жандүниесінің инженерлері": Сталин халыққа ықпал ету үшін өнерді қалай пайдаланды? 8.2.2.1, 8.2.2.2
Неліктен фашизм Италия мен Германияда өрбіді? 8.1.2.1, 8.3.1.2
Нацистердің саясаты Германия тұрғындарына қандай әсерін тигізді? 8.1.2.1, 8.3.1.2
Франция мен Испаниядағы "Халық майданы" қаншалықты тұрақты болды? 8.1.2.1, 8.3.1.1

4-тоқсан

7‑бөлім. Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен салдары

Тақырып Оқу мақсаттары
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңы мен барысында елдер арасында қандай келісімшарт қарым-қатынастары қалыптасты? 8.3.2.3
Екінші дүниежүзілік соғыстың қандай оқиғалары түйінді болып табылады? 8.2.4.3
Кеңес Одағының фашистік Германияға қарсы соғысы неліктен Ұлы Отан соғысы деп аталды? 8.3.2.3, 8.2.4.3
Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары мен сабақтары қандай болды? 8.3.1.1, 8.3.2.3

8‑бөлім. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениет және ғылым

Тақырып Оқу мақсаттары
ХХ ғасырдың бірінші жартысында мәдениеттің даму ерекшеліктері қандай? 8.2.1.1, 8.2.2.2, 8.2.3.1
ХХ ғасырдың бірінші жартысында ғылым қалай дамыды? 8.2.4.2
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 8-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.