Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Дүниежүзі тарихы пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 9‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат

Оқу мақсаттары

9‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Әлеуметтік қатынастардың дамуы

1.1 Әлеуметтік құрылымдар

  • 9.1.1.1 социалистік даму жолынан бас тартуға байланысты әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерді анықтау

1.2 Әлеуметтік өзара әрекеттестік

  • 9.1.2.1 батыс және шығыс мемлекеттеріндегі әлеуметтік құрылым ның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап, әлеуметтік тігінен және көлденеңінен мобильділікке мысал келтіру
  • 9.1.2.2 әлемнің жетекші және дамушы мемлекеттеріндегі халықтың өмір сүру деңгейіне әсер ететін факторлар ды анықтау
  • 9.1.2.3 қоғамның тарихи даму бағытын үлгілей отырып, жаһандану процесіне байланысты қазіргі әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді бақылау (еңбек миграциясы, әлеуметтік интеграция)
  • 9.1.2.4 қоғамдық сананы қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдары ның рөлін анықтау

2-бөлім. Мәдениеттің дамуы мен өзара әрекеттестігі

2.1 Дін

  • 9.2.1.1 қоғам өміріндегі дәстүрлі және деструктивті діни ұйымдардың іс-әрекетіне баға беру
  • 9.2.1.2 қазіргі қоғамдық-саяси мәселелерді түсіну және интерпретациялау үшін дін туралы білімдерін пайдалану
  • 9.2.1.3 тарихи процестің сабақтастығын орнату арқылы адамзаттың өркениетті даму жолдарын қалыптас тырудағы әлемдік дін дердің рөлін анықтау

2.2 Өнер

  • 9.2.2.1 танымал өнер қайраткерлерінің қоғамның дамуына ықпалын талдау және олардың қызметіне дүниежүзілік тарих контекстінде өзіндік баға беру
  • 9.2.2.2 ХХ ғасырдың екінші жартысы - ХХI ғасырдың басындағы бұқаралық мәдениеттің қоғамның рухани дамуына ықпалын бағалау
  • 9.2.2.3 ақпараттық қоғам жағдайындағы көркем шығармашы лықтың жаңа түрлерінің қалыптасуын талдау

2.3 Философиялық жүйелер

  • 9.2.3.1 түрлі философиялық көзқарастар дың қазіргі қоғамдық өмірге ықпалын бағалау
  • 9.2.3.2 адам құқықтарын қорғау идеяларының қазіргі халықаралық құқық қорғау ұйымдарының қызметіне ықпалын бағалау
  • 9.2.3.3 жаһандану жағдайында ұлттық мәдени құндылықтар ды сақтаудың маңыздылығын дәлелдеу

2.4 Ғылым

  • 9.2.4.1 ғылыми-техникалық революция ның әлеуметтік және экологиялық салдарын бағалау және интерпретациялау
  • 9.2.4.2 адамзат өркениетінің дамуын үлгілеу арқылы жаһандық мәселелерді шешуде ғылым мен білімнің маңызы туралы қорытынды жасау
  • 9.2.4.3 ғылыми жаңалықтардың (генетика, микробио логия, ақпараттық технологиялар, нанотехнологиялар, ядролық физика) қоғам дамуына ықпалын талдау

3-бөлім. Саяси жүйелердің дамуы мен өзара әрекеттестігі

3.1 Мемлекет: белгілері, құрылымы және басқару тәртібі

  • 9.3.1.1 "Мемлекеттік әл-ауқаттылық" ұғымын 1970 – 1980 жылдардағы әлеуметтік саладағы өзгерістерді сипаттау үшін қолдану
  • 9.3.1.2 Еуропа мен Азияның жетекші мемлекеттеріндегі конституция лық-құқықтық идеология ның қалыптасу жолдарын талдау (Жалпыға бірдей адам құқығы Декларациясы Еуропа ның Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымы, Еурокеңес, Гаагадағы Халықаралық сот)
  • 9.3.1.3 мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау
  • 9.3.1.4 тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау

3.2 Империя лар, соғысар, көтерілістер және революциялар

  • 9.3.2.1 отаршылдық жүйе күйреуінің себептері мен салдарын талдау
  • 9.3.2.2 "қырғи қабақ соғыс" ұғымын түсіндіру үшін тарихи оқиғаларды талдау
  • 9.3.2.3 тарихи фактілер мен картаға сүйене отырып, әскери-саяси одақтар НАТО және ВШҰ-ның қарсылығын сипаттау
  • 9.3.2.4 "қырғи қабақ соғыстан" кейін әлемдегі интеграция лық және дезинтеграциялық процестерді айқындау
  • 9.3.2.5 аймақтық шиеленістер дің себептері мен салдарын тұжырымдау
  • 9.3.2.6 халықаралық шиеленістерді реттеудегі БҰҰ-ның қызметін бағалау
  • 9.3.2.7 қазіргі кездегі халықаралық лаңкестік және экстремизм проблемасын талдау
  • 9.3.2.8 ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің саяси картасын дағы өзгерістерді тұжырымдау және бағалау

4-бөлім. Экономикалық қатынастардың дамуы

4.1 Шаруашылық жүйелер: эволюция және өзара әрекеттес тік

  • 9.4.1.1 XX ғасырдың 70-жылдарындағы жұмыссыздықтың себеп-салдарын талдау
  • 9.4.1.2 "инфляция", "дағдарыс", "стагнация" ұғымдарын пайдалана отырып, XX ғасырдың екінші жартысындағы мемлекеттердің экономикалық дамуын интерпрета циялау
  • 9.4.1.3 жаһандану жағдайында ғы экономикалық интеграцияның маңызын бағалау
  • 9.4.1.4 себеп-салдарлық байланыстарды талдау арқылы социалистік шаруашылық жүйесінің дамуындағы қарама-қайшылықтарды анықтау
  • 9.4.1.5 Оңтүстік -Шығыс Азия мемлекеттерінің қарқынды экономикалық дамуына ықпал ететін негізгі факторларды талдау

4.2 Экономикалық жүйелер дің тарихи үлгілері

  • 9.4.2.1 экономикалық жүйелердің тиімділігін интерпретациялау және негіздеу
  • 9.4.2.2 постиндустриалды қоғамның басты экономикалық ресурсы ретінде ақпараттың рөлін бағалау

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

1‑бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің саяси картасы

Тақырып Оқу мақсаттары
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің саяси картасы қалай өзгерді? 9.3.2.8, 9.3.2.4, 8.3.2.3
ХХ ғасырдың екінші жартысында отарсыздандыру процесі неліктен күшейді? 9.1.1.1, 9.3.1.3, 9.3.2.1
Әлемнің екі полюсті жүйесі қалай қалыптасты? 9.3.2.2, 9.3.2.3, 9.3.2.8
1946-1963 жж. қырғи қабақ соғыстың ерекшелігі неде? 9.3.2.2, 9.3.2.3, 9.3.1.4

2‑бөлім. Халықаралық ұйымдардың қалыптасуы

Тақырып Оқу мақсаттары
Неліктен Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпыға бірдей адам құқығы Декларациясын жариялады? 9.2.3.2, 9.3.1.2
Соғыстан кейінгі уақыттағы еуропалық интеграцияның себептері қандай? 9.2.3.2, 9.3.2.4

2-тоқсан

3‑бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемдік экономиканың дамуы

Тақырып Оқу мақсаттары
Неліктен XX ғасырдың екінші жартысында "әл-ауқатты мемлекеттер" экономикалық дағдарысқа ұшырады? 9.3.1.1, 9.4.1.1, 9.4.1.2
XX ғасырдың 60-70- жылдарында КСРО қандай экономикалық қиыншылықтарға тап болды? 9.4.1.2, 9.4.1.4, 9.4.2.1

4‑бөлім. Екі полюсті әлемнен көп полюсті әлемге

Тақырып Оқу мақсаттары
1979-1985 жылдар аралығындағы "қырғи-қабақ соғысы" оқиғаларының ерешеліктері қандай? 9.3.2.3, 9.3.2.5, 9.3.1.4
Саманта Смиттің КСРО-ға сапары неге мүмкін болды? 9.3.2.4, 9.3.1.4
Қырғи-қабақ соғыстың аяқталуының себептері қандай болды? 9.3.2.4, 9.3.1.3
Қырғи-қабақ соғыстың аяқталуымен әлемдегі қауіпсіздік артты ма? 9.3.2.4, 9.3.2.8, 9.3.2.5

5‑бөлім. Аумақтық мәселелерді шешудегі халықаралық ұйымдар

Тақырып Оқу мақсаттары
БҰҰ Таяу Шығыстағы дағдарысты шешудің қандай бейбіт жолдарын ұсынады? 9.3.2.5, 9.3.2.6
"Араб көктемінің" себептері мен салдары қандай? 9.3.2.5, 9.3.2.6, 9.1.2.4

3-тоқсан

6‑бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы батыс елдерінің даму ерекшеліктері

Тақырып Оқу мақсаттары
Неліктен Ұлыбританияда консерватизм жаңа консерватизммен ауысты? 9.3.1.3, 9.1.2.2, 9.3.1.4
Социализмнің "шведтік моделінің" белгілері қандай? 9.1.2.1, 9.1.2.2, 9.3.1.1
Германдық "әлеуметтік-нарықтық шаруашылық" ерекшеліктері қандай? 9.3.1.3, 9.1.2.2, 9.3.1.1

7‑бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Азия елдерінің даму ерекшеліктері

Тақырып Оқу мақсаттары
1949 жылғы коммунистік партия жеңісі нәтижесінде Қытай қалай өзгерді? 9.4.1.4, 9.3.1.3, 9.3.1.4
"Азиялық серпіліс" неліктен мүмкін болды? 9.4.2.1, 9.4.1.5, 9.3.1.4
Тәуелсіз Үндістанның қандай мәселелері отарлық өткенімен байланысты? 9.2.1.2, 9.3.1.3, 9.3.1.4
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кемализм эволюциясы қалай айқындалды? 9.3.1.3, 9.2.1.3, 9.3.1.4

4-тоқсан

8‑бөлім. Қазіргі әлемнің жаһандануы

Тақырып Оқу мақсаттары
Жаһанданудың негізгі ерекшеліктері қандай? 9.1.2.3, 9.1.2.4
Жаһандану саясат пен әлемдік экономиканың дамуына қаншалықты ықпал етеді? 9.1.2.3, 9.4.1.3, 9.4.2.2
Адамзат үшін лаңкестік несімен қауіпті? 9.3.2.7, 9.2.1.1, 9.2.1.2
Жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті қалай сақтауға болады? 9.2.3.3, 9.2.2.2

9‑бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы- ХХI ғасырдың басындағы ғылым, білім, технология

Тақырып Оқу мақсаттары
АҚШ тағы Ғылыми техникалық революцияның қазіргі әлемдегі елдердің дамуына әсері қандай? 9.2.4.1, 9.2.4.3, 9.2.4.2
Әлемдік ғылымның дамуында Байқоңыр ғарыш айлағының маңызы қандай? 9.2.4.1, 9.2.4.2
Қазіргі әлемдегі білімнің маңызы неде? 9.2.4.2

10‑бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы- ХХI ғасырдың басындағы мәдениет

Тақырып Оқу мақсаттары
ХХ ғасырдағы мәдениет қайраткерлері адамзаттың рухани дамуына қандай ықпал жасады? 9.2.2.1, 9.2.2.3, 9.2.3.1, 9.3.1.4
Қоғамның рухани дамуына бұқаралық мәдениеттің әсері қандай? 9.2.2.2, 9.1.2.4
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 9-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.