Оқу бағдарламалары
Орыс әдебиеті пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 11‑сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт, орыс тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат
Оқу мақсаттары
11‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Мәтінді түсіну және жауап беру
- 11.1.1 ретроспекция, күміс ғасыр, имажинизм, символизм, акмеизм, футуризм терминдерін түсіну
- 11.1.2 сыни түсіндіріп, естігендеріне немесе оқығандарына деген көзқарасын білдіре отырып, әдеби процесте көркем әдебиет шығармаларының мазмұнын және оның рөлін түсіну
- 11.1.3 мәтінде авторлық ұстанымға және проблематикаға байланысты үзінділер мен цитаталарды өздігінен табу, мәнерлеп жатқа оқу
- 11.1.4 әдеби және еркін тақырып бойынша эссе, сыни мақала, шығарма жоспарын құру
- 11.1.5 автор ерекшелігін сақтап, мазмұнды шығармашылық түрде қайта қарастыра отырып, шығарма мәтінін немесе эпизодты мазмұндау
- 11.1.6 тақырып, проблема және бейне жүйесі туралы өз пікірін білдіріп, әдеби материалға сілтеме жасай отырып, проблемалық сұраққа толық негізделген жауап беру
2-бөлім. Анализ және интерпретация
- 11.2.1 жанр және оның белгілерін (синкретикалық жанр), күміс ғасыр лирикасының ерекшеліктерін, әскери поэзия, бард әнін анықтау
- 11.2.2 мәтіннің көркем шығармалық ерекшеліктеріне сүйене отырып, шығарманың тақырыбы мен проблематикасын анықтау
- 11.2.3 автордың идеясын (тематика, проблематика, кейіпкер бейнелері) композицияның рөлін анықтау
- 11.2.4 эпизод рөлін, көркем құралдар мен тәсілдерді талдау негізінде оның тақырыппен және шығарма проблемасымен байланысын анықтау
- 11.2.5 шығарманың идеялық және тақырыптық мазмұнын ашудағы рөлін айқындай отырып, шығарма кейіпкерлерін сипаттау
- 11.2.6 идеяны түрлі формада (қойылым, буктрейлер) көрсете отырып, көркем шығарма әлемін талдау
- 11.2.7 автор ұстанымын өз ойымен салғастыра отырып, проблемаларға, кейіпкерлерге деген автордың көзқарасын білдіру жолдарын анықтау
- 11.2.8 поэтикалық синтаксис фигуралары және бейнелеу құралдары, көркем әдеби кеңістік пен уақыт, бейне құру тәсілдері мен құралдарын талдау, оларды пайдалануда автордың мақсатын түсіндіру
- 11.2.9 әдеби материалдарға және өмірлік тәжірибеге сүйеніп, тура және бейнелі тілдерді пайдалану; өзектілік жайлы өз ойын білдіре отырып, шығармашылық жұмыстарды (эссе, әдеби және еркін тақырып бойынша шығарма, сыни мақалалар) логикалық және дәйекті түрде жазу
3-бөлім. Бағалау және салыстыру
- 11.3.1 мәтін проблематикасына деген өз көзқарастарын ауызша және жазбаша өтініштер түрінде түсіндіре отырып, жұмысты адамгершілік және эстетикалық құндылықтар, автор тәсілдері тұрғысынан сыни бағалау
- 11.3.2 эмоциялық әсер дәрежесін бағалау; бейнелердің, тақырыптардың, проблемалардың тұтас қабылдауын қалыптастыратын әдістер мен тәсілдердің ұқсастықтары мен айырмашылығын сипаттай отырып, көркем әдеби шығармаларды басқа өнер шығармаларымен салыстыру
- 11.3.3 оқырманға адамгершілік және эстетикалық құндылық тұрғысынан жалпы және жеке ерекшеліктерін, автор позициясын түсіндіре отырып, шығармаларды (немесе үзінділерін) орыс, қазақ және әлем әдебиетімен салғастыру
- 11.3.4 әдеби тақырыптың толық және терең ашылуы, композициялық және стилистикалық бірлігі, тыңдаушы немесе оқырман назарын аудару құралдары және фактологиялық дұрыстығы бойынша ауызша және жазбаша мәлімдемелерді (достар, сыныптастар) бағалау
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Адам өзгеріс дәуірінде
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 1. Р. Брэдбери. "Улыбка". 2. Б.Л. Пастернак. "Доктор Живаго". 3. С.А. Есенин. Өлеңдер (мұғалім таңдауы бойынша). 4. А.А. Блок. Өлеңдер "Қорқынышты әлем". жинақтағынан, "Әдемі Леди туралы өлеңдер" циклынан, поэмалар (мұғалім таңдауы бойынша) | 11.1.1, 11.1.2, 11.1.3, 11.1.6, 11.2.1, 11.2.4, 11.2.5, 11.2.7, 11.2.8, 11.3.1 |
2-тоқсан
Тоталитарлық режим дәуіріндегі адам
3-тоқсан
Адамдардың тағдырындағы соғыс
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 1.В.В.Быков. "Сотников". 2. Б. Васильев. "Мұнда таңертең тыныштық орнады". 3.В.Л.Кондратьев. "Сашка" (мұғалім таңдауы бойынша). 4. Э.М. Ремарк. "Үш дос". 5. Соғыс лирикасы. Д. С. Самойлов, Б.Ш. Окуджава, Н.А. Заболоцкий, А.Т. Твардовский, Е.А. Евтушенко, 6.В.С. Высоцкий (мұғалім таңдауы бойынша) | 11.1.2, 11.1.3, 11.1.6, 11.2.2, 11.2.5, 11.2.6, 11.2.7, 11.2.8, 11.3.1, 11.3.3 |
4-тоқсан
Моральды таңдау тақырыбы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 1. А.В. Вампилов. "Үйрек аулау". 2. М. Горький. "Изергиль кемпір". 3. Заманауи ақындардың моральды таңдау тақырыбында өлеңдері (Р. Рождественский, Е. Евтушенко, А. Вознесенский, Л. Мартынов, О. О. Сулейменов, Б. Канапьянов және т.б.) | 11.1.1, 11.1.4, 11.1.5, 11.2.2, 11.2.3, 11.2.5, 11.2.6, 11.2.7, 11.2.9, 11.3.2, 11.3.3, 11.3.4 |