Оқу бағдарламалары
Орыс әдебиеті пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт, орыс тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Мәтін бойынша түсінік және жауаптар
- 10.1.1 терминдерді түсіну: алтын ғасыр, онегиндік шумақ, мотив, роман-эпопея, өлең түріндегі роман, психологизм, желі
- 10.1.2 көркем шығарма мазмұнын түсіну, оның мәселелер жиынтығын, сыни ойлау арқылы естігеніне немесе оқығанына өз көзқарасын білдіру
- 10.1.3 мәтін бойынша автор көзқарасының берілуімен байланысты цитаталарды, фрагменттерді өз бетінше тауып, мәнерлеп оқу
- 10.1.4 әдеби және еркін тақырыптарға шығарма жоспарын құру
- 10.1.5 мазмұнды шығармашылық қайта ойлау және бейнелік құралдарды пайдалану арқылы туынды мәтінін немесе эпизодты мазмұндау
- 10.1.6 тақырып және бейнелер туралы өз пікірін білдіру арқылы, туынды мәтініне сілтеме жасай отырып, проблемалық сұрақтарға толық дәлелді жауап беру
2-бөлім. Талдау және интерпретациялау
- 10.2.1 жанр мен оның ерекшеліктерін анықтау (роман-эпопея, өлең түріндегі роман, психологиялық роман), философиялық лириканың ерекшеліктері
- 10.2.2 туынды тақырыбы мен мәселелер жиынтығын анықтау, олардың өзектілігі туралы пікір білдіріп, өз көзқарасына дәлел келтіру арқылы
- 10.2.3 композицияның туынды идеясын, кейіпкерлер бейнесін ашудағы рөлін анықтау
- 10.2.4 туынды композициясындағы рөлі мен орнын анықтау арқылы эпизодты талдау, идеялық-тақырыптық ойды ашу үшін эпизод мағынасын түсіндіру
- 10.2.5 туынды кейіпкерлеріне мінездеме беру, олардың кейіпкерлер жүйесіндегі рөлі мен маңыздылығын анықтау арқылы
- 10.2.6 ақпаратты берудің түрлі формасындағы (символдар, формулалар, заңдар, буктрейлерлер) кейіпкерлердің идеясы мен өзара қарым-қатынасын көрсету арқылы шығарманың көркемдік әлемін талдау
- 10.2.7 автор көзқарасын мәтіндегі мысалдармен түсіндіру арқылы автордың кейіпкерлерге, мәселелерге деген қарым-қатынасын білдіру әдістерін анықтау
- 10.2.8 поэзиялық синтаксистің фигураларын және бейнелеу құралдарын, үлгілерді қалыптастыру құралдары мен тәсілдерін талдау
- 10.2.9 әдебиеттік материалға сүйене отырып, туындының өзектілігі туралы өз ойын білдіру мен нақты және бейнелі тілді пайдалана отырып, шығармашылық жұмыстарды (эссе, әдебиеттік және еркін тақырыптарға шығарма, аннотациялар) логикалық және бірізділікпен жазу
3-бөлім. Бағалау және салыстыру
- 10.3.1 туындыны оқырманға эстетикалық әсер ету тұрғысынан бағалау, идеяға, кейіпкерлерге деген өз көзқарастарын ауызша және жазбаша пікірлер формасында түсіндіру арқылы
- 10.3.2 бейнелерді тұтастай қабылдауға әсер ететін ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттау, эмоционалдық әсер ету деңгейін бағалау арқылы көркемдік туындыны өнердің өзге түрлеріндегі туындылармен салыстыру
- 10.3.3 ортақ және айрықша белгілерін түсіндіру арқылы оқырманға эстетикалық әсер ету тұрғысынан орыс, қазақ және әлем әдебиетінің туындыларын (немесе фрагменттерін) салғастыру
- 10.3.4 тақырыпты ашудың толықтығы пен тереңдігі, композициялық және стильдік бірлігі, фактологиялық нақтылығы мен тыңдаушы немесе оқырманға эмоционалдық әсері тұрғысынан ауызша және жазбаша пікірлерді (өзінің, сыныптастарының және өзгелердің) бағалау
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.