Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Орыс әдебиеті пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 11‑сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт, орыс тілінде оқытатын мектептерге)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат

Оқу мақсаттары

11‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Мәтін бойынша түсінік және жауаптар

  • 11.1.1 терминдерді түсіну: ретроспекция, күміс ғасыр, имажинизм, символизм, футуризм, акмеизм
  • 11.1.2 көркем шығарма мазмұнын және оның әдеби процестегі рөлін түсіну, сыни ойлау арқылы естігеніне немесе оқығанына өз көзқарасын білдіру
  • 11.1.3 мәтін бойынша автор көзқарасының берілуімен және мәселелер жиынтығымен байланысты цитаталарды, фрагменттерді өз бетінше тауып, мәнерлеп оқу
  • 11.1.4 әдеби және еркін тақырыптарға шығарма мен рецензия жоспарын құру
  • 11.1.5 шығармашылық қайта ойлау, авторлық өзгешелікті сақтау арқылы туынды мазмұнын қайта айту
  • 11.1.6 мәселе және бейнелер жүйесі туралы өз пікірін білдіру арқылы, әдеби материалдарға сілтеме жасай отырып, проблемалық сұрақтарға толық дәлелді жауап беру

2-бөлім. Талдау және интерпретациялау

  • 11.2.1 жанр мен оның ерекшеліктерін анықтау (синкретикалық жанр), күміс ғасыр лирикасының ерекшеліктері
  • 11.2.2 туынды тақырыбы мен мәселелер жиынтығын анықтау, мәтіннің көркемдік ерекшеліктеріне сүйене отырып, олардың өзектілігі туралы пікір білдіріп, өз көзқарасына дәлел келтіру арқылы
  • 11.2.3 композицияның автор ойын (тақырыпты, мәселелер жиынтығын, кейіпкерлер бейнесін) ашудағы рөлін анықтау
  • 11.2.4 көркемдік құралдар мен тәсілдерді талдау негізінде, эпизод рөлін, оның туынды тақырыбы, мәселелер жиынтығымен өзара байланысын анықтау
  • 11.2.5 туынды кейіпкерлеріне мінездеме беру, олардың туындының идеялық-тақырыптық ойын ашудағы рөлін анықтау арқылы
  • 11.2.6 көрсетілімнің түрлі формаларында (символдар, формулалар, заңдар, буктрейлерлер) мәселелер жиынтығын ұсыну арқылы шығарманың көркемдік әлемін талдау
  • 11.2.7 автор көзқарасын өз ойымен салғастыру арқылы автордың кейіпкерлерге, мәселелерге көзқарасын білдіру әдістерін анықтау
  • 11.2.8 үлгілерді, көркемдік кеңістікті және уақытты, бейнелеу құралдары және поэзиялық синтаксистің фигураларын қалыптастыру құралдары мен тәсілдерін талдау, оларды автордың қандай мақсатта пайдаланатындығын түсіндіру
  • 11.2.9 туындының өзектілігі туралы өз ойын білдіру арқылы нақты және бейнелі тілді пайдалана және әдебиеттік материал мен өз тәжірибесіне сүйене отырып, шығармашылық жұмыстарды (эссе, әдебиеттік және еркін тақырыптарға шығарма, рецензиялар) логикалық және бірізділікпен жазу

3-бөлім. Бағалау және салыстыру

  • 11.3.1 туындыға адамгершілік және эстетикалық тұрғыдан сыни баға беру, мәселелер жиынтығына деген өз көзқарастарын ауызша және жазбаша пікірлер формасында түсіндіру арқылы
  • 11.3.2 бейнелерді тұтастай қабылдауға, мәселелер жиынтығына әсер ететін ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттау, эмоционалдық әсер ету деңгейін бағалау арқылы көркемдік туындыны өнердің өзге түрлеріндегі туындылармен салыстыру
  • 11.3.3 ортақ және айрықша белгілерін түсіндіру арқылы адамгершілік және эстетикалық құндылықтар тұрғысынан орыс, қазақ және әлем әдебиетінің туындыларын (немесе фрагменттерін) салғастыру
  • 11.3.4 тақырыпты ашудың толықтығы пен тереңдігі, композициялық және стильдік бірлігі, фактологиялық нақтылығы мен тыңдаушының немесе оқырманның назарын аудару құралдары тұрғысынан ауызша және жазбаша пікірлерді бағалау

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Адам өзгеріс дәуірінде

Тақырып Оқу мақсаттары
1. М. А. Шолохов. "Донские рассказы" (мұғалім таңдауы бойынша). 2. С.А. Есенин. Өлеңдер (мұғалім таңдауы бойынша). 3. А.А. Блок. Өлеңдер "Қорқынышты әлем" жинақтағынан, "Әдемі Леди туралы өлеңдер" циклынан, поэмалар (мұғалім таңдауы бойынша) 11.1.1, 11.1.2, 11.1.3, 11.1.6, 11.2.2, 11.2.5, 11.2.7, 11.2.8, 11.3.1

2-тоқсан

Тоталитарлық режим дәуіріндегі адам

Тақырып Оқу мақсаттары
1. А Н. Рыбаков. "Арбат балалары". 2. А.А. Ахматова. Өлеңдері мен поэмалары (мұғалім таңдауы бойынша) 11.1.1, 11.1.4, 11.2.1, 11.2.3, 11.2.4, 11.2.5, 11.2.6, 11.2.7, 11.2.9, 11.3.2

3-тоқсан

Адамдар тағдырындағы соғыс

Тақырып Оқу мақсаттары
1. В.В.Быков. "Сотников". 2. Б. Васильев. "Мұнда таңертең тыныштық орнады". 3. В.Л.Кондратьев. "Сашка". 4. Соғыс лирикасы. Д. С. Самойлов, Б. Ш. Окуджава, Н.А. Заболоцкий, А.Т. Твардовский, Е.А. Евтушенко,.В.С. Высоцкий (мұғалім таңдауы бойынша) 11.1.2, 11.1.5, 11.1.6, 11.2.2, 11.2.4, 11.2.5, 11.2.6, 11.2.7, 11.3.2, 11.3.3

4-тоқсан

Адамгершілік таңдау тақырыбы

Тақырып Оқу мақсаттары
А.В. Вампилов. "Утиная охота". Заманауи ақындардың өлеңдері (мұғалім таңдауы бойынша) (Р. Рождественский, Е. Евтушенко, А. Вознесенский, Л. Мартынов, О. Сулейменов және т.б.) 11.1.3, 11.1.4, 11.1.5, 11.2.1, 11.2.3, 11.2.5, 11.2.8, 11.2.9, 11.3.3, 11.3.4
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 11-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.