Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Орыс әдебиеті пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт, орыс тілінде оқытатын мектептерге)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат

Оқу мақсаттары

10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Мәтінді түсіну және жауап беру

  • 10.1.1 синкретикалық жанр, алтын ғасыр, Онегин строфасы, мотив, роман-эпопея, өлең түріндегі роман, психологизм, полифония, әдеби егіз, фабула терминдерін түсіну
  • 10.1.2 проблематикасын, сыни түсіндіріп, естігендеріне немесе оқығандарына деген көзқарасын білдіре отырып, көркем әдебиет шығармаларының мазмұнын түсіну
  • 10.1.3 мәтінде авторлық ұстанымға байланысты үзінділер мен цитаталарды өздігінен табу, мәнерлеп жатқа оқу
  • 10.1.4 әдеби және еркін тақырып бойынша эссе, шығарма жоспарын құру
  • 10.1.5 бейнелеу құралдарын пайдаланып мазмұнды шығармашылық түрде қайта қарастыра отырып, шығарма мәтінін немесе эпизодты мазмұндау
  • 10.1.6 тақырып, сюжет және бейне туралы өз пікірін білдіріп, мәтіннің шығармасына сілтеме жасай отырып, проблемалық сұраққа толық негізделген жауап беру

2-бөлім. Анализ және интерпретация

  • 10.2.1 жанр және оның белгілерін (роман-эпопея, өлең түріндегі роман, психологиялық роман), философиялық лириканың ерекшеліктерін анықтау
  • 10.2.2 өз позициясын дәлелдеу және өзектілігіне байланысты ойын көрсету арқылы, шығарманың тақырыбы мен проблематикасын анықтау
  • 10.2.3 шығарманың идеясын ашуда композицияның рөлін, кейіпкерлердің бейнелерін анықтау, сюжеттен тыс элементтердің мағынасын түсіндіру
  • 10.2.4 эпизодтарды талдау, олардың шығарма композициясындағы рөлі мен орнын айқындау, идеологиялық және тақырыптық ойын ашуда эпизодтың маңыздылығын түсіндіру
  • 10.2.5 кейіпкерлердің жүйесінде рөлі мен маңыздылығын айқындай отырып, шығарма кейіпкерлерін сипаттау
  • 10.2.6 идеяны түрлі формада (қойылым, буктрейлер) көрсете отырып, көркем шығарма әлемін талдау
  • 10.2.7 мәтіндегі мысалдарымен автордың ұстанымын түсіндіре отырып, проблемаларға, кейіпкерлерге деген автордың көзқарасын білдіру жолдарын анықтау
  • 10.2.8 поэтикалық синтаксис фигуралары және бейнелеу құралдары, бейне құру тәсілдері мен құралдарын талдау, оларды пайдалануда автордың мақсатын түсіндіру
  • 10.2.9 әдеби материалдарға, әдеби терминдерге сүйеніп, тура және бейнелі тілдерді пайдалану; шығармашылық жұмыстарды (эссе, әдеби және еркін тақырып бойынша шығарма, аннотациялар) логикалық және дәйекті түрде жазу

3-бөлім. Бағалау және салыстыру

  • 10.3.1 идеяға, кейіпкерге деген өз көзқарастарын ауызша және жазбаша өтініштер түрінде түсіндіре отырып, жұмысты оқырманға эстетикалық әсер ету тұрғысынан бағалау
  • 10.3.2 эмоциялық әсер дәрежесін бағалау; бейнелердің тұтас қабылдауын қалыптастыратын әдістер мен тәсілдердің ұқсастықтары мен айырмашылығын сипаттай отырып, көркем әдеби шығармаларды басқа өнер шығармаларымен салыстыру
  • 10.3.3 оқырманға эстетикалық әсері тұрғысынан жалпы және жеке ерекшеліктерін түсіндіре отырып, шығармаларды (немесе үзінділерін) орыс, қазақ және әлем әдебиетімен салғастыру
  • 10.3.4 әдеби тақырыптың толық мен терең ашылуы, композициялық және стилистикалық бірлігі, тыңдаушы немесе оқырманға эмоционалдық әсері және фактологиялық дұрыстығы бойынша ауызша және жазбаша мәлімдемелерді (достар, сыныптастар) бағалау

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Артық адамдар

Тақырып Оқу мақсаттары
1. А.С. Пушкин. "Евгений Онегин". 2. И.А. Гончаров "Обломов" (фрагменттер) 10.1.1, 10.1.2, 10.1.3, 10.1.5, 10.1.6, 10.2.1, 10.2.2, 10.2.5, 10.2.7, 10.3.1

2-тоқсан

Біздің уақыттың кейіпкерлері

Тақырып Оқу мақсаттары
1 М.Ю. Лермонтов. "Біздің уақыттың кейіпкерлері". 2 Ч.Т. Айтматов. "Жан пида" 10.1.2, 10.1.4, 10.1.6, 10.2.2, 10.2.3, 10.2.4, 10.2.5, 10.2.7, 10.3.1, 10.3.3

3-тоқсан

Адам және құқық

Тақырып Оқу мақсаттары
1 Ф.М. Достоевский. "Қылмыс пен жаза". 2 Н.А. Островский "Жасаусыз қалыңдық 10.1.1, 10.1.4, 10.1.5, 10.2.3, 10.2.5, 10.2.6, 10.2.8, 10.2.9, 10.3.2, 10.3.3

4-тоқсан

Отбасы құндылықтары

Тақырып Оқу мақсаттары
1. Л.Н. Толстой. "Соғыс және бейбітшілік". 2. А.В. Вампилов "Үлкен ұл" 10.1.1, 10.1.3, 10.2.1, 10.2.5, 10.2.6, 10.2.8, 10.2.9, 10.3.2, 10.3.4
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 10-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.