Оқу бағдарламалары
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 9‑сынып (орыс тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 4 сағат, жылына 136 сағат
Оқу мақсаттары
9‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Тыңдалым
1.1 Болжау
- 9.1.1.1 тыңдалатын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені болжау
1.2 Назарын шоғырландырып тыңдау
- 9.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтау
1.3 Сөздер мен сөз тіркестері нің мағынасын түсіну
- 9.1.3.1 әлеуметтік - қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну
1.4 Көркем шығармаларды тыңдау
- 9.1.4.1 орта көлемді прозалық, поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, көтерілген (тұрмыстық, әлеуметтік, қоғамдық) мәселені анықтап, өз пікірін білдіру
1.5 Негізгі ойды анықтау
- 9.1.5.1 мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың негізгі ойы мен көзқарасын анықтау
1.6 Тыңдалым материалдары бойынша жауап беру
- 9.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіру
2-бөлім. Айтылым
2.1 Сөздік қорының алуандылығы
- 9.2.1.1 берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрау
2.2 Сөз мәнері мен сөйлеу этикеті
- 9.2.2.1 коммуникативтік жағдаяттарға байланысты сөйлеу этикеті формаларын дұрыс таңдай білу
2.3 Орфоэпиялық нормаларды сақтау
- 9.2.3.1 коммуникативтік жағдаятқа сай сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп, өз ойын жеткізу
2.4 Мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау
- 9.2.4.1 шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты "автордың ойын" бағалау
2.5 Сенімді және еркін жауап беру
- 9.2.5.1 сөйлеу барысында түрлі стильде берілген тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды қолдану, диалогте, полилогте сенімді сөйлеу
2.6 Визуалды материал дар арқылы тілді дамыту
- 9.2.6.1 кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды өзара салыстырып бағалау
3-бөлім. Оқылым
3.1 Мәтіндегі ақпаратты анықтау
- 9.3.1.1 мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтау, қорытынды жасау
3.2 Стильдік ерекшеліктерді анықтау
- 9.3.2.1 ғылыми стильде (аннотация, пікір, тезис, мақала, баяндама, презентация) жазылған еңбектердің тілдік және жанрлық ерекшелігін анықтап, талдау жасау
3.3 Көркем шығармаларды оқу
- 9.3.3.1 прозалық және поэзиялық шығармалардағы автордың ойы мен көтерілген мәселені анықтап, оқырманға әсерін бағалау
3.4 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау
- 9.3.4.1 мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау
3.5 Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу
- 9.3.5.1 қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерден қорытынды жасау, өз көзқарасын білдіру
3.6 Өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау
- 9.3.6.1 мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық мәселелер мен байланыстыра отырып сыни тұрғыда баға беру
4-бөлім. Жазылым
4.1 Әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру
- 9.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала, аннотация, шолу, нұсқаулық жазу
4.2 Эссе жазу
- 9.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз ойын дәлелдеп жазу
4.3 Көркемдегіш құралдарды қолданып жазу
- 9.4.3.1 жазба жұмыстарында афоризмдерді тиімді қолданып жазу
4.4 Мәліметтерді жинақтау
- 9.4.4.1 тақырып бойынша түрлі стильдегі мәтіндер құрауда мәліметтерді жинақтап, дереккөздеріне сілтеме көрсетіп жазу
4.5 Орфография және пунктуация
- 9.4.5.1 тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жазу; сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану
5-бөлім. Тілдік бағдар
5.1 Сөз таптары
- 9.5.1.1 өздік, өзгелік, ортақ және ырықсыз етістің қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
- 9.5.1.2 мекен және мезгіл үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
- 9.5.1.3 ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
5.2 Сөйлем
- 9.5.2.1 жазба жұмыстарында (шартты, қарсылықты, мезгіл, себеп, қимыл-сын, мақсат бағыныңқы) сабақтасқұрмалас сөйлемдерді құрастыру
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.