Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 8‑сынып (орыс тілінде оқытатын мектептерге)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 4 сағат, жылына 136 сағат

Оқу мақсаттары

8‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Тыңдалым

1.1 Болжау

  • 8.1.1.1 мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжау

1.2 Назарын шоғырландырып тыңдау

  • 8.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтау

1.3 Сөздер мен сөз тіркестері нің мағынасын түсіну

  • 8.1.3.1 оқу-еңбек тақырыптарына байланысты күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсіну

1.4 Көркем шығармаларды тыңдау

  • 8.1.4.1 орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау

1.5 Негізгі ойды анықтау

  • 8.1.5.1 тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау

1.6 Тыңдалым материалдары бойынша жауап беру

  • 8.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру

2-бөлім. Айтылым

2.1 Сөздік қорының алуандылығы

  • 8.2.1.1 тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау

2.2 Сөз мәнері мен сөйлеу этикеті

  • 8.2.2.1 түрлі жанрдағы көркем мәтіндерге сүйене отырып, көңіл-күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу

2.3 Орфоэпиялық нормаларды сақтау

  • 8.2.3.1 ауызша мәтіндер құрауда сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ескеріп айту

2.4 Мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау

  • 8.2.4.1 идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстыру және талдау

2.5 Сенімді және еркін жауап беру

  • 8.2.5.1 пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру

2.6 Визуалды материал дар арқылы тілді дамыту

  • 8.2.6.1 кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру

3-бөлім. Оқылым

3.1 Мәтіндегі ақпаратты анықтау

  • 8.3.1.1 перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті ақпаратты анықтау

3.2 Стильдік ерекшеліктерді анықтау

  • 8.3.2.1 публицистикалық стильдің (мақала, интервью, қысқа очерк, жолдаулар) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау

3.3 Көркем шығармаларды оқу

  • 8.3.3.1 прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру

3.4 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

  • 8.3.4.1 мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау

3.5 Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу

  • 8.3.5.1 қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қолдана отырып, мәтінге өзгеріс енгізу, ерекшеліктерді бақылау

3.6 Өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау

  • 8.3.6.1 тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру

4-бөлім. Жазылым

4.1 Әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру

  • 8.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала, пікір, интервью жазу

4.2 Эссе жазу

  • 8.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну

4.3 Көркемдегіш құралдарды қолданып жазу

  • 8.4.3.1 жазба жұмыстарында символ мен кейіптеу түрлерін қолданып жазу

4.4 Мәліметтерді жинақтау

  • 8.4.4.1 тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда тиімді қолдану

4.5 Орфография және пунктуация

  • 8.4.5.1 тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздер); сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану

5-бөлім. Тілдік бағдар

5.1 Сөз таптары

  • 8.5.1.1 болжалдық және бөлшектік сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану
  • 8.5.1.2 еліктеу сөздерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
  • 8.5.1.3 етістіктің шартты рай және бұйрық рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
  • 8.5.1.4 күшейткіш үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
  • 8.5.1.5 демеулік шылаулардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

5.2 Сөйлем

  • 8.5.2.1 жазба жұмыстарында себеп-салдар, талғаулы, кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Білім. Ғылым. Инновация

Тақырып Оқу мақсаттары
Т. Сұлтанбеков "Ғажайып планета" әңгімесі (үзінді) 8.1.1.1, 8.1.5.1, 8.2.1.1, 8.2.4.1, 8.3.2.1, 8.3.4.1, 8.4.1.1, 8.4.3.1, 8.5.1.1

Сауда жасай білесің бе?

Тақырып Оқу мақсаттары
Абай Құнанбаев "Базарға қарап тұрсам әркім барар" 8.1.4.1, 8.1.6.1, 8.2.2.1, 8.2.6.1, 8.3.3.1, 8.3.6.1, 8.4.2.1, 8.4.4.1, 8.5.1.1

Жаһандық энергетикалық дағдарыс

Тақырып Оқу мақсаттары
Ш.Айтматов "Кассандра таңбасы" 8.1.2.1, 8.1.3.1, 8.2.5.1, 8.2.6.1, 8.3.2.1, 8.3.5.1, 8.4.1.1, 8.4.5.1, 8.5.1.2

2-тоқсан

Достық пен татулық - таптырмас бақыт

Тақырып Оқу мақсаттары
Т. Айбергенов "Бір тойым бар" 8.1.5.1, 8.1.6.1, 8.2.5.1, 8.2.3.1, 8.3.2.1, 8.3.4.1, 8.4.1.1, 8.4.5.1, 8.5.1.3

Кәсіп – бақыттың шырағы, Еңбек – ырыстың бұлағы

Тақырып Оқу мақсаттары
С. Мұқанов "Саятшы Ораз" әңгімесі 8.1.3.1, 8.1.4.1, 8.2.1.1, 8.2.4.1, 8.3.2.1, 8.3.3.1, 8.4.2.1, 8.4.3.1, 8.5.1.3

Қазақстанның су ресурстары

Тақырып Оқу мақсаттары
Ә. Нұрпейісов "Қан мен тер" 8.1.1.1, 8.1.2.1, 8.2.3.1, 8.2.6.1, 8.3.1.1, 8.3.5.1, 8.4.1.1, 8.4.5.1, 8.5.1.1

3-тоқсан

Тарихи тұлғалар тағылымы

Тақырып Оқу мақсаттары
Т.Әлімқұлов "Қараой" әңгіме 8.1.1.1, 8.1.3.1, 8.2.1.1, 8.2.4.1, 8.3.2.1, 8.3.4.1, 8.4.2.1, 8.4.3.1, 8.5.1.5

Қызым – жағадағы құндызым, Ұлым – аспандағы жұлдызым

Тақырып Оқу мақсаттары
"Қозы Көрпеш – Баян сұлу" жыры (үзінді) 8.1.2.1, 8.1.4.1, 8.2.5.1, 8.2.6.1, 8.3.3.1, 8.3.5.1, 8.4.1.1, 8.4.3.1, 8.5.1.5

Биоалуан түрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер

Тақырып Оқу мақсаттары
М.Әуезов "Көксерек" 8.1.3.1, 8.1.6.1, 8.2.4.1, 8.2.5.1, 8.3.1.1, 8.3.6.1, 8.4.4.1, 8.4.2.1, 8.4.5.1, 8.5.1.5

Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу ерекшеліктері

Тақырып Оқу мақсаттары
Б.Ж.Бопай ұлы "Қазақы наурызнама" (үзінді) 8.1.4.1, 8.1.5.1, 8.2.2.1, 8.2.1.1, 8.3.3.1, 8.3.6.1, 8.4.2.1, 8.4.4.1, 8.5.2.1

4-тоқсан

"Мәңгілік елдің нұрлы жолы!"

Тақырып Оқу мақсаттары
Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан жолы" (үзінді) 8.1.3.1, 8.1.4.1, 8.2.2.1, 8.2.3.1, 8.3.2.1, 8.3.4.1, 8.4.1.1, 8.4.5.1, 8.5.2.1

Қазақтың айтыс өнері мен сөз мәдениеті

Тақырып Оқу мақсаттары
Ринат Заитов пен Аманғазы Кәріпжанов айтысы 8.1.2.1, 8.1.5.1, 8.2.1.1, 8.2.6.1, 8.3.1.1, 8.3.2.1, 8.4.1.1, 8.4.4.1, 8.5.2.1

Қазақстан - Байқоңыр-Ғарыш

Тақырып Оқу мақсаттары
Нұртөре Жүсіп "Қыран қазақ" (деректі әңгіме) 8.1.1.1, 8.1.6.1, 8.2.4.1, 8.2.5.1, 8.3.5.1, 8.3.6.1, 8.4.1.1, 8.4.5.1, 8.5.2.1
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 8-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.