Оқу бағдарламалары
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 7‑сынып (орыс тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 4 сағат, жылына 136 сағат
Оқу мақсаттары
7‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Тыңдалым
1.1 Болжау
- 7.1.1.1 мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау
1.2 Назарын шоғырландырып тыңдау
- 7.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау
1.3 Сөздер мен сөз тіркестері нің мағынасын түсіну
- 7.1.3.1 әлеуметтік - мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну
1.4 Көркем шығармаларды тыңдау
- 7.1.4.1 повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау
1.5 Негізгі ойды анықтау
- 7.1.5.1 тірек сөздер, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау
1.6 Тыңдалым материалдары бойынша жауап беру
- 7.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру
2-бөлім. Айтылым
2.1 Сөздік қорының алуандылығы
- 7.2.1.1 мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту
2.2 Сөз мәнері мен сөйлеу этикеті
- 7.2.2.1 кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап, ету, бұйрық берудің түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу
2.3 Орфоэпиялық нормаларды сақтау
- 7.2.3.1 ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту
2.4 Мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау
- 7.2.4.1 шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау
2.5 Сенімді және еркін жауап беру
- 7.2.5.1 диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай "сөйлеуші →тыңдаушы" позицияларын еркін ауыстыру
2.6 Визуалды материал дар арқылы тілді дамыту
- 7.2.6.1 кесте, диаграмма, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген ақпаратты сипаттау
3-бөлім. Оқылым
3.1 Мәтіндегі ақпаратты анықтау
- 7.3.1.1 кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты түсіну, қолдана білу
3.2 Стильдік ерекшеліктерді анықтау
- 7.3.2.1 ресми -іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау
3.3 Көркем шығармаларды оқу
- 7.3.3.1 прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау
3.4 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау
- 7.3.4.1 мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасау
3.5 Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу
- 7.3.5.1 қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну
3.6 Өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау
- 7.3.6.1 тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу
4-бөлім. Жазылым
4.1 Әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру
- 7.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, өтініш, түйіндеме, ресми құттықтаулар жазу
4.2 Эссе жазу
- 7.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу
4.3 Көркемдегіш құралдарды қолданып жазу
- 7.4.3.1 жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу
4.4 Мәліметтерді жинақтау
- 7.4.4.1 тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну
4.5 Орфография және пунктуация
- 7.4.5.1 тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (күрделі сөздер); оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану
5-бөлім. Тілдік бағдар
5.1 Сөз таптары
- 7.5.1.1 мәтіндерден көмекші есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану
- 7.5.1.2 Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану
- 7.5.1.3 топтау сан есімдерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану
- 7.5.1.4 одағай түрлерін мәтіннен ажырата алады, ауызша жұмыстарда орынды қолдану
- 7.5.1.5 етістіктің шақтары (бұрынғы және ауыспалы өткен шақ, мақсатты және болжалды келер шақ) мен қалау райдың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану
- 7.5.1.6 мақсат және себеп-салдар үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
- 7.5.1.7 септеулік шылаулардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
5.2 Сөйлем
- 7.5.2.1 жазба жұмыстарында ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.